1-сабақ: Интерьерді мерекеге орай безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | 1-сабақ: Интерьерді мерекеге орай безендіру | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.5.2 әртүрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып) өз бетінше графикалық және технологиялық құжатты құру; 9.1.5.1 күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді жалпылау; | |||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: безендіру концепциясы, инсталляция, аэродизайн концепция оформления, инсталляция, аэродизайн design concept, installation, aero design Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Бөлменің көлемін және стилистикасын ескере отырып, мен .... ұсынамын. Инсталляция ... мерекесінің тақырыбын ашып, оны визуалды түрде қабылдауға көмектеседі. | |||||||
Құндылықтарды дарыту
| Осы сабақта балалардың бойына отансүйгіштік, құрмет, салт-дәстүрді жаңғырту сияқты құндылықтар практикалық жұмыстар орындау арқылы жүзеге асады. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, тарих пәндерімен салт-дәстүр, тарихи оқиғалар мен ұлы тұлғалар туралы білімдерін қолдану бойынша кіріктіріледі. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта оқушылар интернет ресурстарынан ақпарат жинау арқылы АКТ дағдыларын дамыта алады. | |||||||
Бастапқы білім | Интерьерді стильдік шешімі мен жарық көзі, кеңістік пен заттардың орналасуын ескере отырып, жасыл желектермен безендіру тәсілдерін қарастырды. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5 мин | Оқушылармен сәлемдесу. Көзге арналған айырмашылықтарды табу бойынша жаттығуларын орындау. Сабақтың тақырыбы мен ОМ анықтау. | Слайд 1-4 | ||||||
Сабақтың ортасы 35 мин 3 мин 25 мин 7 мин | Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу үшін талқылау сұрақтар:
Оқушыларды мерекенің тақырыбына қатысты кілтті сөздер арқылы топтарға біріктіру. 1-топ: «Ұлы жеңіске – 75 жыл» 2-топ: «Соңғы қоңырау - 2020» 3-топ: «Ұлыстың ұлы күні - НАУРЫЗ» 4-топ: «Үйлену тойы» Оқушыларды тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасы – шығармашылық жоба жұмысының тақырыбы және талаптарымен таныстыру. Жоба тақырыбы: мерекелік іс-шараға интерьерді/экстерьерді безендіру. Оқушылар қандай да бір мерекені топ ішінде талқылау арқылы таңдайды. (Т) (Қ) Тапсырма. Зерттеу Оқушылар интерьер және сахнаны жоспары мен қызметін ескере отырып, мерекеге байланысты безендіру бойынша ұсыныстар/талаптармен танысатын экспресс зерттеу жүргізеді. Дескрипторлар:
1-топ – концерт залын, қалалық мерекелік іс-шараларға арналған сахналарды және т.б. мата мен таспалармен безендіру; 2-топ – шарлармен безендірілетін балалар мерекесі, үйлену/қыз ұзату той мерекесі, қалалық мерекелік іс-шараларға және т.б. арналған сахналарды безендіру; 3-топ – интерьерді Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күніне немесе Наурыз мерекесіне арналған мерекелік инсталляциямен безендіру. 4-топ – үйлену той салтанатын, концерт және конференц залдарын және т.б. флористтік композициялармен безендіру;
(Ұ) (Т) Оқушылар мерекелерге арнап интерьерді безендіру нұсқаларын (шарлармен – аэродизайн, гүлдермен – флористикалық композициялар, түрлі маталар және таспалармен, аспалы және түрлі мерекелік инсталляциялармен безендіру) қарастырады. Олар бұл әшекейлердің қандай іс-шараларға арналғандығын, ерекшеліктерін анықтайды. Мысалы, шарлармен безендіру ашық, жарқын, көңілді көңіл-күй сыйлайды, гүлдермен безендіру іс-шараның салтанаттылығын, интерьер дизайнына кербездік, асқан талғампаздылықты қосады.
Оқушылар мерекелік безендіру барысында есепке алынатын аспектілерді анықтайды. Мысалы:
Саралау тақырып мазмұнын ашуда қолданылатын материалдар мен құрал-жабдықтарды өз бетінше, дағдысы мен қажеттілігіне қарай таңдау бере отырып жүргізіледі. Тапсырма соңында оқушылар өз зерттеулерімен сыныпты таныстырады. «Тапсырыс беруші-дизайнер» рольдік ойын арқылы әр топ бір-біріне түсіндіріп, кері байланыс береді, бағалайды. | Қосымша 1. Топтарға біріктіру Слайд 5 Сәнді безендіру https://studbooks.net/667981/kulturologiya/dekoratsionnoe_oformlenie Мерекелерге арнап сахнаны безендіру https://stranamasterov.ru/node/634811 Түрлі материалдарды қолданып мерекені безендіру бойынша кеңестер https://svoimirukamy.com/idei-ukrasheniya-zala-k-prazdnikam.html Слайд 6-11 Жіптер мен желімнен жасалған шарлар https://svoimirukamy.com/shary-iz-nitok-i-kleya.html Залды қалай сәндеуге болады: қағаз және қиял http://snova-prazdnik.ru/kak-ukrasit-zal-bumaga/ ноутбук, сурет дәптері, А3 форматы, қалам, журналдар мен безендіру, қазақтың СҚӨ бойынша кітаптар Слайд 12 Түстік шеңбер Қосымша 2. Бағалау парағы | ||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Оқушылар өз жұмыстарына кері байланыс беріп, сабақтың мақсатына жетуі туралы тапсырыс беруші мен дизайнер ретінде (өз таңдауы) қысқаша сайтқа арналған кері байланыс жазады. Үй тапсырмасы: жоба жұмысының тақырыбын анықтау, мәлімет жинау. | Сурет дәптері | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Саралау тақырып мазмұнын ашуда қолданылатын материалдар мен құрал-жабдықтарды өз бетінше, дағдысы мен қажеттілігіне қарай таңдау бере отырып жүргізіледі. | Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін рольдік ойын, ашық сұрақтар және бақылау жүргізу арқылы іске асырылады. | Денсаулық сақтау технологиялары – көзге арналған жаттығулар, кабинеттің терезесін ашып, ауасын тазарту. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?