2-сабақ: Интерьерді мерекеге орай безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2-сабақ: Интерьерді мерекеге орай безендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.5.2 әртүрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып) өз бетінше графикалық және технологиялық құжатты құру;

9.2.5.4 интерьерді (тұрғын үй, қоғамдық) безендіру, жоспарлау және ұйымдастыру бойынша тәжірибелік жұмысты орындау үшін түрлі салалардағы білімдерін жалпылау;

 Сабақ мақсаттары

  • Жоба тақырыбы бойынша эскиз орындау;
  • Технологиялық карта құру.

 Бағалау критерийлері

  • Мерекелік тақырыптың маңызды элементтерін анықтай алады;
  • Түрлі графикалық тәсілдерді пайдаланып, өз идеясын эскиз арқылы бере алады;
  • Технологиялық картаның құрылымын сақтай отырып, оны орындай алады;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Технологиялық карта, өзіндік құны, шығын

технологическая карта, себестоимость, расходы

technological maps, self-esteem, cash outflows

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бұл идеяны іске асыру үшін ... материалдары қажет болады.

Идеяның негізгі түйіні ... Себебі, тақырыпты ашу үшін ...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Осы сабақта балалардың бойына патриотизм, еңбек және шығармашылық , ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту тәжірибелік тапсырма орындау арқылы жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Ықтимал пәнаралық байланысты әріптесіңізбен талқылаңыз немесе дереккөздерге жүгініңіз.

Сабақта пәнаралық кіріктірілу қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз (іс-әрекет және/немесе мазмұн арқылы)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар ақпарат іздеу, интернет желісімен жұмыс жасау арқылы АКТ дағдыларын дамыта алады.

Бастапқы білім

Оқушылар түрлі іс-шараға байланысты интерьерді/экстерьерді безендіруде қойылатын талаптар мен ұстанатын заңдылықтарды қарастырып, зерделеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Оқушылармен сәлемдесу.

Қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар орындау.

Сабақтың тақырыбы мен ОМ анықтау.

https://www.youtube.com/watch?v=RiN540AuZKs&t=503s

Сабақтың ортасы

35 мин

2 мин

3 мин

15 мин

10 мин

5 мин

Оқушылар алдыңғы сабақта интерьер және сахнаның жоспары мен қызметін ескере отырып, мерекеге байланысты безендіру бойынша экспресс зерттеу жүргізіп, безендіру концепциясын ұсынған болатын.

  • Интерьерді/сахнаны безендіру үшін қандай факторларды ескеру керек?
  • Безендіруде қандай композициялық заңдылықтарды ұстану керек?

Оқушылар алдыңғы сабақта біріккен топтарында жұмысты жалғастырады.

(Ұ) Оқушылармен бірге негізгі факторларды (эстетика, қызметі, экономика) ескеріп, шығармашылық жұмысты бағалау критерийлерін құрастыру. Мысалы:

  •  нақты бір іс-шараға арналған бұйым эскизін орындайды;
  •  бөлменің көлемін ескереді (қажетті мөлшер мен өлшемдегі әшекей);
  •  безендіру бойынша технологиялық карта құрады;
  •  қысқа әрі нақты шешім шығарады;
  •  материалдарды (түстік гамма, фактура) тиімді қолданады;
  •  екінші қолданыстағы материалдар және т.б. пайдаланады.
  •  дайын өнім ұсынады.

Аталған критерийлерді оқушылармен талқылау және өз шығармашылық жұмыстарын (тоқсандық жоба жұмысын) орындауда осы критерийлерге негізделеді.

(Ұ) (МК) Оқушыларға шарлар, қағаздар, маталар және т.б. қолданып, мерекелік композициялардың сәнді элементтерін дайындаудың техникаларын және тәсілдерін көрсету.

  (Ө)(Ж)(Қ) 1-тәжірибелік жұмыс. Эскиз орындау.

Оқушылар жоба тақырыбын топта талқылайды. Таңдаған мерекелік тақырып негізінде интерьерді безендірудің (сахнаны, баспалдақтарды, кіреберістерді, холл және т.б. безендіру) эскизін орындайды. Әр топ мүшесі кем дегенде 2 идея ұсынуы керек.

 Дескрипторлар:

  • тақырыпты таңдайды;
  • графикалық тәсілдерді, композиция және перспектива заңдылықтарын қолданып эскиз орындайды;

Өзара бағалау: орындалған эскиздерді топ ішінде талқылап, бір-бірінің эскизіне кері байланыс береді. Шығын және идеяның ерекшелігін ескере отырып, тиімдісін таңдайды.

 (Ө)(Ж) (Т) (Қ) 2-тәжірибелік жұмыс. Технологиялық карта құру.

  Оқушылар топта таңдалған эскиз бойынша декорациялар элементтерінің/конструкцияларының орналасуын жоспарлайды және материалдардың шығыны тізімін құрып, өзіндік құнын анықтайды.

 

 Дескрипторлар:

  • эскиз бойынша безендіру элементтерін анықтайды;
  • технологиялық карта құрады.

 

 Талқылауға арналған сұрақтар:

  •  жасалған бұйым/конструкция қандай аймаққа арналған?
  •  Бұл безендіру қандай іс-шараға арналады?
  •  Шығармашылық жұмыс қандай стильде (этникалық, тарихи немесе заманауи) орындалған?
  •  Түстік гамманы таңдау мен материалдарды тиімді қолдануда нені негізге алдыңыз?
  •  Іске асыруда материалдардың шығын мөлшері қандай болады?
  •  Әшекей/конструкцияның өзіндік құны қандай?
  •  Өзініңздің және сыныптасыңыздың жұмыстарын жақсарту бойынша ұсыныс айтыңыз.

Топ жұмыстары дайын болған соң әр топтың лидері шығып өз идеяларын таныстырып, кері байланыс алады.

Тақта, маркер

  • Залды қалай сәндеуге болады: қағаз және қиял

http://snova-prazdnik.ru/kak-ukrasit-zal-bumaga/

Залдарды безендірудегі үлкен көлемді қағаз гүлдерhttp://dizainvfoto.ru/dekor/bolshie-bumazhnye-cvety-v-oformlenii-zalov.html

Матаны шаршаулау: шаршаулау түрлері мен стильдері

https://gidpotkanyam.ru/drapirovka-tkani.html

  • Өз қолыңмен жасалған әшекейленген шарлар тізбегі: кезеңдік нұсқаулық

https://heaclub.ru/kak-sdelat-girlyandu-iz-vozdushnyh-sharov-svoimi-rukami-poshagovaya-instrukciya-foto-girlyanda-iz-raznocvetnyh-sharov-trikolor-trehcvetnaya-dvuhcvetnaya-raduga-perekruchennaya-svoimi-rukami-sh

Қосымша 1.

  • Гүл жасау;
  • Матаны шаршаулау;
  • Инсталляция;
  • Шармен безендіру.

Оқушылардың жұмыстары

Қосымша 2

Сабақтың соңы

2 мин

Оқушылар жоба орындау барысы бойынша топтық шешімге келеді. Өз жұмыстарына талдау жасайды.

Үй тапсырмасы: макет интерьерді безендіруге арналған заттар мен материалдар, құрал-жабдықтар әкелу.

Қосымша 3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау оқушылардың мерекелік іс-шараның тақырыбы мен оны іске асыру жолдарын өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне қарай таңдау мүмкіншілігін беру арқылы жүргізіледі.

оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау кері байланыс, өзара бағалау және ашық сұрақтар қою арқылы жүргізіледі.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Кабинеттің ауасын тазарту.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу