4-сабақ: Интерьерді мерекеге орай безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

4-сабақ: Интерьерді мерекеге орай безендіру

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.3.1 бұйымның сапасын және өнімнің сыртқы көрінісін анықтайтын негізгі факторларды (эстетика, атқаратын қызметі, экономика) талдау және бағалау

 Сабақ мақсаттары

  • Жоба жұмысын сыныпқа таныстыру;
  • Өз жұмысына талдау жасау.

 Бағалау критерийлері

  • Орындаған шығармашылық жұмыстарын сынып алдында еркін, термин сөздерді қолданып таныстырады;
  • Өз жұысына сыни тұрғыда қарап, талдау жасай алады;
  • Сыныптастарының жұмысына кері байланыс бере алады;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Талдау, ұсыныс, шығармашылық

Анализ, предложение, творческий

Analysis, suggestion, creative

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

    • Бұл бұйымды жасау үшін ... материалдарын қолдануға болады, себебі, ...
    • Мен бұйымның бөлшектерін ... арқылы біріктірдім.
    • Жұмысты жақсарту бойынша .... ұсынамын.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Осы сабақта балалардың бойына бір-біріне құрмет, патриотизм құндылықтары таныстырылым, аудитория алдында сөйлеу арқылы жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі – оқушылардың таныстырылм барысындағы айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған.

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар өздерінің дайын шығармашылық жұмыстарын суретке түсіріп, презентация жасауы үшін АК ресурстарын қолданады.

Бастапқы білім

Оқушылар интерьер/сахнаның масштабтағы макетін орындап, түрлі материалдармен безендіру жұмыстарын орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Оқушылармен амандасу.

Сабқ мақсаты мен міндеттерін талқылау. ТЖБ – жоба таныстырылымының талаптары мен ережелерін атап өту.

ТЖБ талаптары

Сабақтың ортасы

35 мин

5 мин

30 мин

Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін талқылап, таныстырып шығу.

Бағалау критерийлері:

  • Безендіру тәсілдері туралы зерттеу жүргізіп, нәтижесін қолданады;
  • Технологиялық карта құрып, жұмысты жоспар бойынша орындайды;
  • Безендіру бойынша шығармашылық жұмысты орындау барысында композиция заңдылықтарын ұстанады;
  • Ұқыптылықпен орындайды;
  • Орындаған шығармашылық жұмыстарын сынып алдында еркін, термин сөздерді қолданып таныстырады.

Таныстырылым барысында тыныштық сақтап, топ жұмысын талқылауға белсенді қатысу үшін сұрақтар қою:

  • жасалған бұйым/конструкция қандай аймаққа арналған?
  • Бұл безендіру қандай іс-шараға арналады?
  • Шығармашылық жұмыс қандай стильде (этникалық, тарихи немесе заманауи) орындалған?
  • Түстік гамманы таңдау мен материалдарды тиімді қолдануды негіздеңіз.
  • Іске асыруда материалдардың шығын мөлшері қандай болады?
  • Әшекей/конструкцияның өзіндік құны қандай?
  • Өзініңздің және сыныптасыңыздың жұмыстарын жақсарту бойынша ұсыныс айтыңыз.

Бағалау: оқушылар әр топтың таныстырылымын бағалау критерийлері бойынша кестені толтырады, өз пікірін негіздейді.

Әр топқа өз жұмысын таныстыруға 5-6 минут уақыт беріледі.

Сабақ соңында оқушылар өзінің шығармашылық жұмыстарын түрлі ракурста суретке түсіріп, өз портфолиоларын толықтыруға материал жинайды.

Қосымша 1. Бағалау кестесі

Фотоаппарат, смартфон (мұғалімнің рұқсатымен)

Сабақтың соңы

3 мин

Оқушылар орындаған шығармашылық жұмыстары бойынша қорытынды талдау жасайды:

  • не үйрендім?
  • Қандай дағдыларды дамыта алдым?
  • Алған білім мен дамытылған дағдыларды күнделікті өмірде қалай қолдануға болады?
  • Қай бағытта әлі де жұмыс жасау қажет?

Эссе, сурет дәптері

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау оқушылардың тақырыпты ашуда қолданылған материалдар мен тәсілдерді таңдау арқылы жүргізіледі.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін бір-бірін бағалау және таныстырылым барысындағы аудиториямен жұмыс жасау дағтысы, ашық сұрақтарға жауап алу арқылы жүзеге асырылады.

Кабинет ауасын тазарту, жаттығу орындау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу