Шығармашылық идеяны визуалдау. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шығармашылық идеяны визуалдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.5.2 әртүрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып) өз бетінше графикалық және технологиялық құжатты құру;

9.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы мақсаттың өзіндік анық көруін және негізделген бағаны өзіндік білдіру

 Сабақ мақсаттары

  • Эскиз негізінде графикалық/технологиялық карта құру;
  • Идеяны түрлі өсімдіктермен іске асыру.

 Бағалау критерийлері

  • Эскизге негізделе отырып, технологиялық құжатты құрастыра алады;
  • Материалдар мен құралдарды тиімді әрі үйлесімді қолдана алады;
  • Техника қауіпсіздігін сақтайды;
  • Жұмысты толық аяқтап, көрмеге ұсынады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Кашпо, өзіндік құны, спецификация

Кашпо, себестоимость, спецификация

Cachepot, cost, specification

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Осы сабақта балалардың бойына еңбек және шығармашылық, бір-біріне құрмет, өмір бойы білім алу құндылықтары практикалық тапсырмалар орындау арқылы жүзеге асырылады.

 Пәнаралық байланыстар

Биология, графика

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар мәлімет жинау, интерактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы АКТ дағдыларын дамыта алады.

Бастапқы білім

Оқушылар түрлі стильдегі интерьерге байланысты өсімдіктерді таңдау, композиция құру, түстердің үйлесімділігі мен пропорцияны сақтай отырып безендіру әдістерін қарастырды. Өсімдіктерден композиция құрып, эскиз орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылармен амандасу.

Қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар орындау.

Сабақтың тақырыбы мен ОМ анықтау.

https://www.youtube.com/watch?v=RiN540AuZKs&t=503s

слайд 1-3

Сабақтың ортасы

35 мин

10 мин

20 мин

Оқушылар алдыңғы сабақта арнайы бір орынды түрлі өсімдіктермен безендіру бойынша эскиз орындап, көрмеге қойып, оны материалда іске асыру үшін әр топтың ең ұтымды композициясы таңдалды.

  • Қандай критерийлер бойынша бұл эскиздің концепциясы сіздерге ұнады?
  • Оны іске асыру үшін жұмыстың реттілігі қандай болуы мүмкін?

1-тапсырма. Технологиялық құжат құру.

Оқушылар таңдалған эскизді талдай отырып, өсімдіктердің, сәнді кашпо немесе арнайы конструкциялардың атауын, олардың саны мен өзіндік құны берілген спецификация құрастырады.

Дескрипторлар:

  • Қолда бар материалдарды талдап, идеяны іске асыруға қажеттісін таңдайды;
  • Эскизге негізделе отырып, технологиялық құжатты мәліметтермен толықтырады;

2-тапсырма. Топтағы орындалған ең үздік эскизге негізделе отырып, гүлдер оазисін, суккуленттер бақшасын, флорариум, фитокартина немесе т.б. жасау.

Дескрипторлар:

  • Технологиялық құжаттағы реттілікті ұстанады;
  • Материалдар мен құралдарды тиімді әрі үйлесімді қолданады;
  • Техника қауіпсіздігін сақтайды;
  • Аяқталған жұмыс ұсынады.

Саралау: оқушылар қолда бар материалдарын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану және өз қажеттілігі мен дағдысын қолдануға таңдау беру арқылы жүргізіледі.

Жұмыс аяқталған соң, көрме ұйымдастырып, бір-бірінің жұмысын бағалап, кері байланыс береді. Мектептің, кабинеттің іші мен коридор, фойесіне орындалған шығармашылық туындыларды қойып, безендіруге болады.

Оқушылардың орындаған эскиздері

Қосымша 1.

Технологиялық құжат

Түрлі өсімдіктер, топырақ, гүл отырғызатын кез-келген ыдыс немесе дайын заттың қатты қорабы, қиыршық тастар,таяқтар, ыстық желім, қайшы және т.б. оқушының қолда бар материалдары

Сабақтың соңы

10 мин

Сабақтың соңында оқушылар өз жұмыстарына, кері байланыс береді.

  • Не ұнады?
  • Нені жақсарту керек?
  • Болашақта алған білімді қалай қолдануға болады?

Сурет дәптері, эссе

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау оқушылар қолда бар материалдарын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану және өз қажеттілігі мен дағдысын қолдануға таңдау беру арқылы жүргізіледі.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін көрме ұйымдастыру, ашық сұрақтар мен бақылау жүргізу арқылы жүргізіледі.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу