Кілем тоқу материалдары мен құрал жабдықтары. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: көркем еңбек Бөлім: | Мектеп: НЗМ. | ||||||||||||||||
Күні: | Абаева Гульнар Мизанбековна | ||||||||||||||||
Сынып: 9 сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Кілем тоқу материалдары мен құрал жабдықтары | ||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 9.1.6.4 шығармашылық жұмыстар жасау үшін әртүрлі технологиялар мен өнер материалдарын қолдану бойынша өзіндік(оригиналды) шешімдерді ұсыну. | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||||||||||
Бағалау критерилері |
| ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудағы тілді дамыту мақсаттары Оқушылар: Өзінің шығармашылық шешімдеріне сипаттама жасап, сыни көзқарасты талдап, өз нәтижесін түсіндіре отырып, өзгенің және өзінің жұмысын жеттілдіруге конструктивті өзгерту үшін ұсыныстар жасайды Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері •Қолөнер туындылары, сәндік қолданбалы өнер, кілем тоқу өнері, түкті кілем, тықыр кілем, ою-өрнек, станоктар, тоқпақ, шаршы, жіптер... •Сіздің ойыңызша кілем тоқу қандай қажеттіліктерден пайда болды…? •Сізкілемнің түрлерін орындалу техникасына қарай топтастыра аласыз ба? •Қай техника сізге не үшін ұнады? •Кілем тоқу өнері сізді несімен қызықтырды? •Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз? | ||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Еске түсіру, қайталау. Оқушылар өткен сабақта «Қазақ кілемдері, алаша,кілем тоқу, гобелен, қазіргі кілемдер үлгісі» тақырыбымен танысты және қолөнердегі олардың әдістерімен, жіктелуімен, қандай мақсаттарға жасалғаны туралы білімдерін қалыптастырды. | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | •Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу. •Оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату. •Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп, басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу. •Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Зерттеу барысында теориялық білімдерін әдебиет, геометрия, тарих, биология пәндерін өнермен байланыстыру. | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту. Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу . Оқушылар жеке ізденіс жұмыстарын орындау барысында алынған негізгі АКТ дағдыларын жетілдіреді, бұл: презентация, жобаларды жасау және зерттеулерді жүргізу үшін іздеу жұмысындағы интернет ресурстар; | ||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы | Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту. Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Осы орайда «сандармен бөлу» ойыны арқылы топқа бөлінеді Өткен материалды қайталау Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
Ой шақыру. Мұғалім оқушылармен бірқатар суреттерді қарастырады, келесі сұрақтар қойылады:
Оқушылардың жеке жауабы....
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы және мақсаттары қалай болмақ...? Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын тұжырымдап алады. Жаңа сабақтың түсіндірілуі Кілем әзірлеуге арналған құрал-жабдықтар туралы ақпараттар беріледі.( сабақ барысында көрсетілетін презентациядағы кілем тоқуға арналған құрал-жабдықтармен танысады) Мұғалім түсіндірме береді... Арнайы жасалған кілем тоқитын заманымыздың соңғы жаңалықтары мен толықтырылып жасалған станоктар ауылдық жерде ерте заманнан бері пайдаланып, бірақ соңғы кезде азайып жатқан қарапайым станоктың кейбір атауларына тоқталып кетеді. Төсек, кейде оны желі деп те атайды. Төсектің немесе желінің ұзындығы бес метр, не екі жарым метр шамасында болады. Кері ағаш – кілем тоқылатын, желінің басынан және аяғынан кілем тоқылатын орында жүгірілген жіпті керіп тұратын ағаш.Оның тек ағаш болуы шарт емес, үй егесінің тапқан материалына қарай оның кейде құбыр тәріздес затқа немесе қазыққа мықтап керілген жуан арқан болуы да мүмкін. Керілген төсек- желінің жалпы саны орта есеппен -600 (үстіңгі) жіп, 600( астыңғы) жіптей болуы керек. Белағаш- кілем тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы байланыстырып тұратын көлденең ағаш. Адарғы- керілген жіп желісінің шатысын немесе күзусізін бетіне шығарып, былайшы айтқанда астыңғы мен үстіңгі жіптерді ерсілі-қарсылы, жоғары-төменді алмастырып тұратын белағашпен қатар жатқан ағаш. Аяқ- белағашты көтеріп тұратын, аша басты тіреу ағаш. Бұл станоктардағы ағаштарға байланысты анықтамалар, енді сіздер топтар арасында осы станоктарда ары қарай жіптердің қызметімен «кілем тоқу» процесінің жүргізілуін анықтайтын боласыздар. | https://ust.kz/word/sabaq_josparykilem_toqy_tehnologiyasy-3099.html | |||||||||||||||
| Анықта... Тапсырма бойынша оқушылар топқа бөлініп, топтарға зерттеуге мынадай сұрақтар беріледі:
таратпа материалдарда тапсырмалар көрсетіліп, топтарға беріледі. Оқушылар анықтау барысында кілем тоқудың қажеттілігін, үдерісін, жіптердің қызметтерін талдайтын болады. Олар мысалы:
Оқушылар сонымен қатар тоқпақтың, қайшының ролін атап, топта қарастырып альбомдарға жазады. - Сендердің ойларыңша қай жіптің ролі маңыздылау екен? - Неге? - Қазіргі таңда кілемдердің маңыздылығы неде?
Практикалық кезең: Топқа бөлініп берілген тапсырмалар қарастырылып, постер ретінде қорғайтын болады. Күтілетін нәтиже: Оқушылар тапсырманы орындауда мына критерилермен жұмыс жасайды:
Мұғалімнің жетекшілігімен жасалатын практикалық жұмыстар Топтық жұмыста оқушылардың тапсырманы орындауда түгелдей тартылуын мұғалім тарапынан қадағалап, қажет жағдайда кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Дер кезінде оқушыларға нұсқау жасай отырып,кері байланысты жасау;
Өзін-өзі бағалау және бірін-бірі бағалау: - Сабақ барысында топтар бір-бірінің жұмыстарын талқылайды. - Оқушылар берілген тапсырманы орындап болған соң жасалған жұмыстарын жария түрде қорғап, ұсынады. Кері байланыс: Өзінің және басқалардың жұмысын орындалуға сәйкес талаптарға байланысты бағалайды: еріктілер нақты кемшіліктерді анықтап, талдай алады. Бағалау парақшалары арқылы өзіңнің нәтижелеріңді бағала:
| ||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Оқушыны бағалау қосымша сұрақтар қоюмен болады. Оқушы қаншалықты ақпаратты түсінгенін ойын білдіруі қажет. Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс аламыз Жалпы сабақ бойынша нені білдім? Нені білгім келеді? Нені жақсартуға болады? | ||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||
| . |
| |||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?