Нобай жасау. Тоқыма өнеріне қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды даярлау. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Көркем еңбек. 9 сынып (қыздар тобы)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 бөлім Сәндік қолданбалы өнер

Күні:

Сынып: 9

Сабақ 2

Уақыт: 40 минут

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы

Нобай жасау. Тоқыма өнеріне қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды даярлау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.5.1 күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін білімді қорытындылау

9.1.4.1 жұмысты орындаудың тиімді

әдістері мен реттілігін анықтай отырып, шығармашы-лық қызметін жоспарлау

Сабақ мақсаттары

  • Кілем тоқуға арналған құрал-жабдықтармен танысады;
  • Кілем тоқуға арналған материалдармен, шикізаттармен танысады;
  • Кілем бұйымы үшін нобай жасай алады;
  • Нобайда ұлттық құндылықты ұстана алады,
  • Түстік шешіммен нақты жұмыс істей алады;

Бағалау критерийлері

Оқушылар топтық жұмыс жасайды.

  • Бұйымға нобай жасау үшін қажетті материалдары біледі;
  • Нобай А4 форматта орындай алады;
  • Нобайды креативті етіп орындай алады;.
  • Кілем тоқуға арналған құрал-жабдықтарды біледі;
  • Кілем тоқуға арналған материалдарды, шикізаттарды біледі;
  • Кілем тоқу технологиясын кезеңдермен құрылымын көрсете алады;

 Тілдік мақсаттар

Кілем тоқу материалдары мен құрал-жабдықтары

Глоссари:

Нбай (фр. esquisse) — ізденіс жұмысы,белгілі-бір шығарманың бастапқы идеясы, негізгі ой және қосымша бөлігі ретінде қарауға болады. Сызба құжаттарындағы негізі элементтер – нобай – сызба болуы мүмкін. Негізгі ерекшелі сол ол қолмен салынып, көзбен шамамен өлшенеді.

Нобайсуретшінің қолымен жылдам орындалатын сурет. Көбінесе сурет ерекше және бірнеше қайталанатын сызықтардан турады. Кейде әр түрлі техникада орындалуы мүмкін.

Кілем — әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. ы.

Терминдер: тоқу, теру, кілем, дәстүрлі, тоқыма жіптері, қондырғы (станок).

 Құндылықтарды

 дарыту

Сабақ барысында топта және жеке, жұпта жұмыс жасаған кезде бір-біріне құрмет көрсете жұмыс жасайды. Зерттеу барысында, іздене жаңа білімді игереді, сол себепті өмір бойы білім алу құндылығы көрініс табады.

 Жаһандық

 Азаматтық

Нобай жасау өнерін зерттеп, суретшілердің жұмысымен танысып, сол зерттеу барысында, материалдармен, құрал-жабдықтарды анықтау кезінде әлемдік кілем тоқу технологиясымен танысады, ұқсастықтарын табады.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, физика, геометрия.

Мысалы, нобай жасауда түзу сызықтарды жүргізу , масштабта өлшене түсіру, осының барлығы геометриямен байланыса тансады. Кілем тарихымен, түрлерімен танысқанда тарих пәніне, қажетті құрал-жабдықтары яғни тоқыма жіптерін бояу үшін қолданылатын бояғыш заттарды анықтау үшін физика пәніне, кілем, алашаға салынатын ою-өрнектер, нақыштар да зерттеу барысында анықталады.

АКТ қолдану дағдылары

Кілем, алаша, гобелен өнерін зерттеу, мәлімет жинақтау үшін интернет желісін пайдалану (бейнежазбалар, презентациялар, слайдтар көрсету т.б), фотосуреттер көру.

Бастапқы білім

Кілем тоқу өнерін, тарихын, түрлерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Жедел хат»

белсенді әдісі

5 минут

Презентация

5 минут

Зерттеу жұмысы

Тапсырма

15 минут

Дескриптор

Таныстырылым жасау

10 минут

Өзара бағалау

Кері байланыс

5 минут

«сұхбат» әдісі

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі:

сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта жағымды орта құрамын, күндеріне сәттілік тілеймін.

«Жедел хат» әдісі арқылы сыныпты екі топқа бөлемін. Бұл жедел хаттарда техникалық суретті және нобайды орындау кезеңдері жазылады.

І-топ: Техникалық сурет тобы.

ІІ-топ: Нобайлар тобы.

Топтар ережесі:

Тыныштық сақтау

Асықпай нақты дұрыс жауап беру

Топқа біріктірген соң оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

  • Суреттен не байқадыңыздар?
  • Бұл заттар не үшін қажет деп ойлайсыздар?
  • Бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?

Оқушылардан жауаптар ала отырып бүгінгі сабақтың тақырыбы мен

оқу мақсаттары таныстырылады.

Оқушылар құрастырылған суреттер бойынша топта жұмыс жасайды.

Тапсырма:

Сурет бойынша кілем арналған нобай жасу үшін, ою-өрнектердің түрлерін зерттеп, сол бойынша креативті нобай жасап шығыңыздар.

Дескриптор:

  • Ою-өрнектердің түрлеріне зерттеу жүргізе алады;
  • Оюлардың ерекшеліктерін ажырата алады;
  • Қажетті материалдарды біледі;
  • Флипчартқа сызба ретінде зерттеу жұмысын орындай алады;
  • Таныстырылым жасай алады.

Оқушылар зерттеу жұмыстарын бастайды. Топта өзара роль бөлісіп алады, мысалы мәлімет іздейтін адам, флипчартқа сызба, суретті салатын адам, спикер яғни таныстырылым жасайтын адам. Роль бөлісу оқушылардың жұмыстарын жеңілдететінін, нәтижелі жұмыс шығатынын мұғалім айтып өтеді. Мәлімет іздеген адам топ ішінде міндетті түрде ақпарат бөлісуі қажет.

Зерттеуді аяқтаған топ қол шапалақтап белгі береді және таныстырылым жасайды.

Таныстырылым жасап болған соң мұғалім кілем бұйымы үшін нобай жасауға арналған мәліметтерден тұратын слайдтарды көрсетеді.

Тапсырма жеке орындалады.

Нобай:

1.Өсімдік тектес оюлар;

2.Жануар тектес оюлар;

3.Ғарыш тектес оюлар;

Нобай жоғарыдағы өрнектеліп, нобай жасалынуы керек. Қалаған техникада түсте аяқтауға тиісті болады. Мұндағы мақсат оқушылар тапсырманы толық орындағандығын, зерттеуді толық жасағандығын анықтау, оқушылар бір-бірлерін шынайы, әділ бағалау болып табылады.

Тыңдап отырған оқушыларға өзара бағалау жүргізу үшін бағалау парақшасы беріледі.

Оқушылар дескриптор бойынша өзара бағалау жүргізеді.

Дескриптор

+/-

Топ атауы _____________________

Ою-өрнектің түрлерін анықтай алады

«Нобай» ұғымын біледі

Формат бетінде нобай жасай алады

Флипчартқа сызба ретінде зерттеу жұмысын орындай алады

Сауатты таныстырылым жасай алады

Оқушылар таныстырылым жасап, бағалау жүргізіп болған соң сұхбат арқылы кері байланыс алынады. Бір оқушының қолына микрофон ретінде маркер беріледі. Бүгінгі тақырып бойынша бір-бірлеріне сұхбат жүргізу арқылы кері байланыс алынады.

Мұғалім бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан, қажетті ақпаратты толық жинақтап, сыныптастарымен бөліскен топ оқушыларын атап өтіп, қолдау көрсетуді ұсынады.

Sketchbook (сурет дәптері), түрлі-түсті қаламдар, өшіргіш алып келу.

Слайд 1,2,3

3-7 слайдтар

Саралап оқыту

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Зерттеу жұмысы кезінде дифферениациялық тапсырманы оқушылар өздері таңдап алады. Таныстырылым түріне қарай яғни электронды презентация жасайды немесе флипчартқа сызба ретінде сызып таныстырады.

Өзара бағалау

«Жетістік ағашы» әдісі

Практикалық жұмыс барысына құрал-саймандарды қолданғанда сақ болу, пышақты жоғары көтермеу, сызғыштарды, циркуль т.б. заттарды лақтырмай ұқыпты ұстау, қолөнер бұйымдарымен ноутбуктарды қолданғанда қауіпсіз пайдалану және сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу