Бұйым нобайын жасау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім: 1

Сабақ: 3

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абаева Г.М

Сынып: 9

Қатысқан саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бұйым нобайын жасау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.5.1 күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді жалпылау;

9.1.4.1 жұмысты орындаудың тиімді(оптималды) әдістері мен реттілігін анықтай отырып, шығармашылық қызметін жоспарлау.

 Сабақтың мақсаты

 

 

  • Кілемнің жасалу жолдарын түсіндіре отырып нобай қарастыру кезеңін орындау;
  • Шығармашылық талғамдарын қалыптастыру,
  • Шеберлікке икемділігін дамыту.
  • Ұлттық өнерге деген танымын қалыптастыру.

 Бағалау критерилері

  • Шығармашылық жұмыстың нобайын орындайды.
  • Нобайды орындағанда композициялық заңдылықтарды сақтайды.
  • Нобайдағы түстер идеямен сәйкеседі.
  • Сабақ барысындағы жасалатын кілем тоқылынатын құралдарға нобай көлемі сәйкеседі.

Тілдік мақсаттар

Оқытудағы тілді дамыту мақсаттары

Оқушылар:

Өзінің шығармашылық шешімдеріне сипаттама жасап, сыни көзқарасты талдап, өз нәтижесін түсіндіре отырып, өзгенің және өзінің жұмысын жеттілдіруге конструктивті өзгерту үшін ұсыныстар жасайды

Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Қолөнер туындылары, сәндік қолданбалы өнер, кілем тоқу өнері, түкті кілем, тықыр кілем, ою-өрнек, станоктар, тоқпақ, шаршы, жіптер...

Сіздің ойыңызша кілем тоқу қандай қажеттіліктерден пайда болды…?

Сіз кілемнің түрлерін орындалу техникасына қарай топтастыра аласыз ба?

Қай техника сізге не үшін ұнады?

Кілем тоқу өнері сізді несімен қызықтырды?

Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз?

Құндылықтарды дарыту

  • Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.
  • Оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату.
  • Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.
  • Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

зерттеу барысында теориялық білімдерін әдебиет, география, геометрия, тарих, экономика, пәндерімен және өнермен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .

Бастапқы білім

Еске түсіру, қайталау. Пәнге қатысты лексика мен терминология

Өткен тапсырмаларды еске түсіру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

1 кезең

Сабақтың ортасы

2-сабақ

Ұйымдастыру кезеңі:

• Оқушылармен сәлемдесу;

• Оқушыларды түгелдеу;

• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгелдеу;

• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

Өткен материалды қайталау

Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.

1.Ой шақыру.

Мұғалім оқушыларға кілем тоқу өнерінің кезеңдері туралы бейнероликті көріп шығу ұсынады.

https://www.youtube.com/watch?v=djz4iAUxkl0

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Бейнеролик не туралы?
  • Кілем тоқылу үшін қандай кезеңдер орындалу керек екен?
  • Егер сіз кілем тоқитын болсаңыз нені бейнелер едіңіз?

Оқушылардың жеке жауаптары...

Мұғалім оқушылармен кілемдегі бейнелерді талқылай отырып, біріге содан сабаққа мақсатты анықтауды ұсынады.

Жаңа сабақтың түсіндірілуі

Жалпы кілем туралы жан-жақты мағлұмат беру. «Үй жасауы –кілем» деген халқымыз. Кілем жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген, асыл қасиетін әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Кілем бетіндегі әр түрлі сәнді өрнектерге қарап отырсақ, тұнып тұрған халық өмірінің шежіресін көргендей боламыз. Бір кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысы, көшпелі елдің ағаш үйі, мал қорасы, есік қорғандар осының бәрі кілем бетінде бейнелеген. Кілемдегі суреттер қаншама шартты түрде бейнеленгенмен ондағы өрнектерден өмір шындығын аңғару қиын емес.

Оқушыларға кілемдердегі бейнеленген суреттер көрсетіледі.

Мына суреттерден ертеректегі және қазіргі таңдағы кілемдердегі бейнеленген суреттерді көріп отырсыңдар.

Ондағы ерекшеліктерді атап кететін болсақ:

  • Ертеректегі кілемдерде негізінен нелер бейнеленген?
  • Қазіргі кілемдерде ше?
  • Олардың ерекшеліктері неде?
  • Неге?

Анықта...

Мұғалім оқушыларға кілемнің түрлері мен ондағы бейнеленген суреттерді таратып көрсетеді. ( әртүрлі материалдармен...)

Мысалы: әртүрлі мәдениеттегі кілемдерде бейнеленген суреттер (қазақ кілемдері, түрікмен кілемдерінде, әзірбайжан халықтарында, түрік халықтарының кілемдері т.с.с)

Оқушылар кілемдердегі бейнелерді талдай отырып олардың қай мәдениетке тән екенін және себептерін, ерекшеліктерін атап көрсетеді.

Мұғалім тақырыпты толық түсіндіру үшін кең көлемде көрнекіліктер жинайды. Презентациялар, роликтер, фотосуреттерді жинақтап көрсетеді.

Практикалық кезең

Оқушылар жеке тұрғыда өздері орындайтын кілемге эскиз қарастырады. Тапсырма бойынша берілген жұмыстарын жасауда меңгерген білімдерін қолданады. Олар нобайға арналған тақырыптарды өзбетінше таңдайтын болады. Нобайға берілетін көлемдер сабақ барысында орындалатын кілемнің станогының көлеміне сәйкес жасалуы тиіс. Оқушылар мұғалім көмегімен орындау техникасын өзі таңдайды (акварель краскаларымен бояу, түрлі-түсті қарындаштар немесе графикалық тәсіл).

Мұғалім практика кезеңі қалай өтуін қадағалайды.

  • оқушылардың сынып жұмысының орындалу барысын бақылайды
  • жұмыс жақсы орындалу үшін мұғалім оқушыларға кеңестер береді.
  • дер кезінде оқушыларға нұсқау жасай отырып, кері байланысты жасау;
  • өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау;

Алынған білімнің дәрежесі мен сапасын көрсету; Оқушылар өздерінің сыныптастарының қандай дәрежеде жұмыс жасап жатқандарын, олардың сапалары туралы пікірлесе алады. Сонымен қатар сабақ барысында салыстырмалы түрде бір-бірінің жұмыстарын талқылайды. Оқушылар берілген тапсырманы орындап болған соң дайын бұйымдарын жария түрде қорғап, ұсынады.

Оқушылар өз жетістігін таблица толтарумен бағалай алады

Тапсырмалар

критерилер

Нобайдың жасалуы

Материалдың дұрыс таңдалуы

Орындалған жұмысты талдау

Композицияның орнығуы

Нақты бейненің орындалуы

Жұмыстың креативті орындалуы

Қорытынды іс-әрекетті дұрыс жасау

Жауаптарын дәлелдемелермен келтіру

Қорытынды жасау:

Сабақтың соңында оқушылар жасай алады:

Өзінің және басқалардың жұмысын орындалуға сәйкес критерилерге байлынысты бағалайды: еріктілер нақты кемшіліктерді анықтап, талдай алады.

Рубрикаторлардың көмегімен өзіңнің нәтижелеріңді бағала:

Рубрикаторлар

Мен мақсатқа жеттім

1

Көрсетілген ақпараттар тапсырмаларға қаншалықты сәйкес келеді.

2

Кілемде бейнеленетін суреттер туралы қандай анық және шынайы дәлелдемелер көрсетілді?

3

Тапсымаларды орындауға уақыттың тиімді қолданылуы

https://ust.kz/word/sabaq_josparykilem_toqy_tehnologiyasy-3099.html

Сабақтың соңы

2-мин

кері байланыс

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу