Шығармашылық жұмысты орындау. Сәндеу мен безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, дидактикалық материал.
Гобеленді тоқуға арналған станокті дайындау.
Тоқуға арналған раманы дайындау үшін ,2х3 см рейка ағашын дайындау қажет. Раманың өлшемі сіз орындайтын шығармаға байланысты болады. Тоқуға арналған раманы дайындауда өте берік болу қажет, сол себепті төрт жағын темір мен және желімге отырғызған дұрыс.Сонымен орта өлшемдегі раманың биіктігі шамамен 70см,ені 50 см. Раманы дайындаймыз.
1-Суретте көрсетілгендей төрт жағынан бекітіп,ағаштың бетін тегістеп өңдейміз, себебі майда жаңқалары қолды жарақаттамау үшін.
2- суретте көрсетілгендей раманың беткі тұсына шегелерді 1-см немесе 10 мм ара қашықтықта шегелерді 0,5 биіктікте рамадан көрініп тұратындай етіп қалдырып,шегелеп шығамыз.Екінші қатарды дәл сондай ара қашықтықта,бірақекінші қатардағы бірінші шеге бірінші қатардағы шегенің ортасына сай келетіндей етіп шегелеу қажет.суретте көрсетілгендей.
Барлық шеге қағылып болған соң. Арқау \тігінен\ керілетін жіп негізінен мақтадан иірілген жіп болсада болады.Бұл жіпті дүкендерден табылады.
Тоқу сабағы: Гобеленді кез келген түрлі-түсті жіппен тоқуға да болады. Табылмаған күнде ескі жемпірлерді сөгіп тоқуға да жарамды.
1- ші кезең.
Арқау жібін суретте көрсетілгендей алма кезек шегеге орап( шегеден шығып кетпес үшін) жүргізіп шығу керек.
2-ші кезең.Раманың екінші бетіне үлкейтілген эскизді керіп қойыңыз.
3- ші кезең : шегеден биіктетіп 8-10-см ақ қағазды жіптің арасынан өткізіңіз ол жіпті шатастырмауға және кілемді қырыққан кезде шашақ ретінде қалдырып байлап бекітуге қажет болады.
Алғашқы жіпті солдан оңға қарай жіпті өткізіп жүргізіп шығу қажет.келесі жіптер кезектесіп өте береді.жіптердің бірнеше жолдары өткен кезде асханалық шанышқы мен тоқпақтау қажет.
Жіптерді алма –кезек арқау бойымен жүргізе отырып ,тоқу қажет
тоқып болған соң , шығарманы рамадан шешіп,қырқып алған соң,жіптерді түйіндеп бекіту қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?