1-сабақ. Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, дидактикалық материал.
1-сабақ зеттеуге арналған материал.
Гобелен— қолдан тоқыған кілем-сурет. Түрлі түсті жібек және жүн жіптерден бөлек бөлек тоқылып, кейін біріктіріледі. Тар мағынада — 1662 ж. құрылған Париж мануфактурасының өнімі; бояушы Гобелендер есімімен аталған.Гобелендер есімімен аталған мануфактура өнімдерінің жалпылама атауы. Кейін дербес суретшілік өнер түріне айналған Гобеленің бөліктері түрлітүскебоялған жібек нежүнжіптер-ден тоқылып, бір-бірімен тігіліп біріктіріледі. Гобелен дербес суретшілік өнер туындысы ретінде алғаш Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде дамып, кейін Ресей, Балтық бойына, Кавказға кең тараған. Қазақстан бейнелеу өнерінде Гобелен тоқу 20 ғ-дың 70-жылдарынан бастап күрт өрқендеді. Оның дамуына үлес қосқан суретшілер: Қ.Тыныбеқов, И.Ярема, Б.Зәуірбекова, Ә.Бапанов, С.Бапанова, Л.А. Анисимов, К.Жұбаниязова, Е.П. Николаева, Б.Өтепов, Ш.Қожаханов, т.б. 80-жылдардан бастап Гобелен қоғамдық орындард\
безендіруге кеңінен қолданылды.
Қазіргі кезде біздің елімізге жаңашалап, жаңа бағытта жеткізіліп отыр. Ұлттық қолөнер бұйымдарының маңызы, мәні сәндік қолөнері халық тұрмысынан берік орын алған. Кілем, гобелен тоқу өнері – ежелден қолданылып келе жатқан өнердің бір түрі. Гобелен өзінің құрылған композициялық бағыты мен әсем құндылығымен жылдар, ғасырлар бойы сақталып келеді. Қазақ тоқыма өнері де дәстүр сабақтастығына қызмет ете бермек. Кілем тоқу тұрмыс қажетіне байланысты халық қол өнерінде ертеректен белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер. Кілем тоқуда киіз үй басу сияқты көрмелер арасындағы ұлтшылдықпен өзара көмек, қолғабыс көрсетудің тындыратын ісі. Кілем күнделікті кеңінен таралған жүннен жасалған бұйымдардың ішінде басты орын алып, әлі күнге дейін маңызын жоғалтпай келеді .Ұлттық сәндік қол өнерімізді шыңдауда кілем, гобелен тоқу өнерінің алатын орнын анықтаудағы басты мақсат – көне заманнан келе жатқан тоқыма өнерін жоғалтпай әрі қарай жаңа идеялар мен толтыру. Ұлттық нақыштағы сәндік гобелен өнерінің технологиясында жіптің түрлерін, жасалу жолдарын түкті және тықыр техникамен ашып көрсету және гобелен тоқу дәстүрін ұлттық кілем тоқу өнер дәстүрімен байланыстыру. Гобелен халықтың күнделікті пайдаланылатын бұйымдарының бірі, гобелен өзінің композициялық мазмұнымен көрікті және әдемілігімен ерекше [1].
Қазіргі жас шеберлерінің өздерінің жұмыстары олардың идеялық мазмұндарын қайта жанғыртуда. Мұның өзі шеберлердің басым көпшілігі жан-жақты салауатты, білімді, өнердің түрлі салаларымен таныс адамдар екенін көрсетеді. Қолөнер деп тұрмысында жиі қоданылатын өру, тігу, мүсіндеу, тоқу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Сол сияқты кілем тоқу өнері ертеден келе жатқан ұлттық қол өнеріміз. Кілем – үй жасауы деп санаймыз, оны жерге төсеуге, қабырғаға ілуге болады және кілем иірілген тоқыма жіппен, шалу әдісімен тоқылады. Кілем түкті және түксіз болып бөлінеді. Түк салып тоқу өнері көбінесе Қызылорда, Торғай
Қостанай, Шымкент өңірлерінде жақсы дамыған. Гобелен– суретті, түксіз, қабырғаға ілінетін және жерге төселетін кілем, яғни қолмен тоқылған кескіндеме. Гобелен – сәндік қолданбалы өнер түріне жатады. Гобелен –өнерінің шығу тарихы әр елдің әр халықтың өзіне тән тарихи және рухани сән-салтанаты, салт-дәстүрі бар. Бүгінгі ұрпақтың көзқарасымен заман талабына сай өнердің тамыры тереңге жайылып биікке құлаш сермеп бара жатқаны көніл қуантарлық жай. Заман талабына сай жаңа өнерімен ұштастырып, шеберлікке үйретіп тәрбиелік мән беріп әсемдікке баулуымыздың олардың болашағы үшін маңызы бар. Қолдан жасалған бұйымдарының, тоқыған кілемдерінің суреттерінде философиялық мағнасы бар, мәні де тереңде жатыр. Суреттермен безендірілуі, ою-өрнектерімен олардың ғажайып реңдер үлесі мен әрбір адамға үлкен ой тастамай қоймайды. Гобелен негізін көркем шығармашылық туынды болып табылады. Сондықтан гобелен өнерінің сәндік қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Кілем тоқу өнері сияқты гобелен тоқу өнері ерте кезден көшпенділер тұрмысымен қатар дамыды. Әсемдік деңгейде көп тараған қолөнер шеберлерінің туындыларының бір бөлігін кілемдер құрайды. Қолданбалы өнердің ішінде тек гобеленде ғана сан-саналы тәсілдер қолдану керек. Бірнеше жылдың ішінде оның толыққанды тамыр жаюына салт-дәстүріміздің сақталғаны септігін тигізсе керек. Біздегі тоқыма өнері, кестелеп өрнек салу, киіз басу мен кілем тоқу –осының бәрі түптің түбінде жана қолданбалы өнердің қалыптасуына негіз болды. «Гобелен» деген кілем немесе суретті кілем деген мағнаны береді. Суреттермен безендіру қазіргі біздің қолданып жүрген гобелен деген сөз XIII ғасырда қолданылған. Гобелен өнерінің шығу тарихы XV ғасырдан басталады. Ең алдымен Франция, Италия және Германия елдерінде дамыды. Кейінен Балтық жағалауында Кавказ және Ресей елдерінде кең өріс алды. Тоқыма өнерінен бастау алды. 1620 жылы париждік отбасы гобеленовтардың сюжетті өрнекті композициялары «гобелен» атауымен халыққа танымал болыды.
Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысты. Қазақ гобелені әрқашанда дәстүрмен сабақтас қызмет етуге тиіс. Гобелен – кілем сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірбиелі суретшілер қолға алып,жаңа өрнекпен тоқиды. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай алуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірді сән-салтанатты құра білді.
Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да халық өнерімен сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн-көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көрсетеміз. Гобелен негізі көркем шығармашылық туынды болып табылады. Гобелен кілемінде белгілі тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді. Оның жай кілемдерден айырмашылығы суреттері мен түстерінде әсем тоқу ерекшелігі бар. Ол ұзақ ізденісті, қол еңбегін қажет етеді. Қазақ халқының қолөнерінің аса қымбат, қайталанбаған сұлулығын, ғажайып көркем тоқымашылық өнерден көреміз. Қазіргі кезде қолөнер туындылары қолға түспес бұрын асыл дүние, қымбат бұйымға айналды. Көз жауын алатын осындай дүниелерге сұраныс өсті. Әр кім өз халқының қымбат қазынасын сақтап, оны қастерлеп отыруы тиіс. Бұл өнерге деген іңкәрлікті анғартады. Халық шеберлері байлыққа-байлық қосып, молшыл жасау мен қатар, сол баршылықты байыпты етуге тұрмыстың жиһаз мүліктерімізді сәндеуге, безендіруге үлкен үлес қосты. Тоқымашылықтың жоғары денгейін көрсететін гобелен тоқу өнерінің жас ұрпақтың рухани қалыптасуына да әсері зор [2].Қорыта келгенде «үй жасауы – кілем» дейді. Кілем жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген, асыл қасиетін әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Қиын да қызықты өнер кілем тоқу қазақ топырағында бұдан мың жылдар бұрын, қарапайым халық өнерпаздарының ой қазынасынан шығып, шебер қолдармен тоқылатын. Ауқымды, кең кілемдер, гобелендер ерекше топқа жатқызылады. Қазақтың гобелені – тың, қызықты һәм болашағы бар көркемдік құбылыс. Бірнеше онжылдықтың ішінде оның толыққанды тамыр жаюына салт – дәстүріміздің сақталғаны септігін тигізсе керек. Қазақстанда қалыптасқан салт бойынша тоқыма бұйымдар атам заманнан қолданылып келген, үй ішіне оңашалық пен жылылықты дарытқан. Осындай дәстүрде өсіп – өнген Қазақстан гобеленшілері орасан зор, ауыз толтырып айтарлық өнер туындыларын дүниеге келтірді. Қазақ халқы талай ғасырларда қиыншылықтың қырына қарамай кейінгі ұрпақтар үшін көптеген өнер мұраларын қалдырды. Олар біздің өміріміздің зейнеті болуы үшін күрескенде неше түрлі азапты–от пен судың тар жол, тайғақ кешуінен өтті. Өнерлі өрге жүзер дейді халық, гобелен тоқуды қолөнердің өзіндік қыр сыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десек те болады. Оның айғағы тарихын қалыптастырып келген, сан ғасырлар бой тұрмысқа байланысты, нобайларына лайықталып келген ою-өрнек түрлерін оның мазмұның жанара түсіп, бет-бедеріне тұрмыс-тіршілікке байланысты тың мағына беретін туындылардың пайда болуы. Гобеленнің даму тарихы мен одан әрі өркендеуінің осы күнгі нәтижесіне көз жетерлік[3].Гобеленнің даму сатысын әрдайым кеңістікке байланысты сапалы түрде даму үстінде болады. Классикалық гобелен кеңістікте дами отырып өз заманында өлшемі жағынан да белгілі бір шектеуден шыға алмаған. Дәлірек айтқанда бұл тоқыма өнерімен орындалған белгілі бір жазықтықты толтыратын түс жазба (картина) – яғни қабырға айпасы ғана болатын. Даму сатысында архитектуралық кеңістік құрылымның әсері болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен де классикалық гобеленнен алыстап кете алған жоқ. Гобелен өзінің бейнесі, суретімен құрылымы интерьер масштабына сәйкес болған жағдайда және оны тереңдетіп, дамыта түседі де, бірақ озінің жазықтығы кескінін сақтап қалады. Кеңістіктің осындай әсерін мазмұнды композиция деуге болады. Гобелен композициясын өз заманының кескіндемесіне лайық айшықты коларистикасымен, дүниетанымдық болмысын ерекшеленіп отырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?