Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша. Кілем тоқу. Гобелен. Қазіргі кілемдер үлгілері. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, дидактикалық материал.
Кілем тарихы
Кілем (Ковер) — әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді.
Түкті кілем бірнеше қабаттан тұрады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекеленген жіптерден, бірақ бір-біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылғаннан кейін пайда болатын қалың түк мұндай түйіндерді көрсетпей жауып тұрады. Түктің ұзындығы 3 мм-ден 18 мм-ге дейін болады. Ол кілемнің қалыңдығын, мықтылығын арттырумен бірге оны жеңіл (барқыт тәрізді үлпілдек) етіп көрсетеді. Тықыр кілем (кілем, палас, сумаха, шпалер, терме алаша және т.б.) бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылады. Түгі қырқылмаған (түз ақшалы), кейде түгінің жартысы қырқылып, жартысы қырқылмаған аралас кілемдер де шығарылады. Сонымен қатар тоқыма емес (түгі тігілмелі, шыбықшалы, желімді кілемдер), түскиіз, ою-өрнек салынған тері кестелі өрме кілемдер де болады. Дайындалу тәсіліне қарай кілемдердің қолдан және машинамен тоқылған түрлері болады.
Кілем түрлері
Түрікмен кілемдері «ушан», «құла» кілемі, «пенди», «гауһар», «иомуд», «бешир» т. б. деп аталады. Негізінен түсі қызыл, геометриялық түзу сызықты өрнектермен әсемделеді.
Кавказ кілемдері «куба», «шируан», «хила», «қазақ», «карабах», «дербент», «микрах», «ахты» т. б. деп аталады. Түрі қызыл, көк, көгілдір, алқызыл, сары, ақшыл түсті болып келеді. Ою-өрнек ретінде гүл, жапырақ, құс, жан-жануарлар бейнесі қолданылады.
Қытай кілемдерінде әртүрлі түстегі балық, жан-жануарлар, мифтік құбыжықтар, айдаһарлар т. б. бейнеленеді. Сондай-ақ лотос, таушымылдық гүлдері өрнектелген кілемдер де кездеседі. Олардың ортасы ою-өрнексіз көбінесе сары, қошқыл көк, алқызыл түсті болып келеді. Тағы бір ерекшелігі — оның түгі кілемдегі ою-өрнекті аша түсетін ыңғаймен ұзынды-қысқалы болып қырқылады. Ою-өрнек түгінің қысқа қырқылуы кілем түрінің Әдемілігін арттыра түседі.
Түрік кілемдері «анатоль», «анкара», «смирна», «бергамо», «брусеа», «ушак» т. б. деп аталады. Гүлді (парсы көлемдеріне қарағанда бір жүйеге түсірілген) және ою-өрнекті болып келеді.
Француз кілемдері «савонарри», «обюссон» типіндегі кілемдерде гүл салынған ою-өрнекті суреттер басымдау болады.
Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне қарай — түкті және тықыр; материалына қарай — жібек, масаты, қалы; шығаратын жеріне қарай — Қызылорда, Алматы, Жамбыл; ру үлгілеріне қарай — Адай, Керей, Қоңырат, Үйсін; сондай-ақ қосалқы белгілеріне қарай — шашақты, оқалы кілемдер болып бөлінеді. Қазақ кілемдері түркі тектес халықтар көлемдерінің қазіргі үлгілеріне өте ұқсас.
Негізінен қызыл, қаракөк, сары, күлгін, аспанкөк түстерді қолдану арқылы түрлі ою-өрнектер табиғат көріністерімен ұштастыра бейнеленеді. Қазақстанның оңтүстігінде түкті және тықыр кілемдерді қолдан тоқу дамыған. Олардың негізгі өрнектері — «күмбез», ал жиектерінде текшелі өрнектері «қорған» деп аталып, оны бойлай күлгін түсті «су» өрнегі жүргізіледі. Бұл зәулім күмбезді, тас қамалды, қорғанын қуалай су жүргізілген қалайы елестетеді. Ою-өрнектерді белгілі мазмұнға құру текемет , сырмақ өрнектерінен де байқалады. Кейде ортаңғы гүл-күмбездердің орнына түлкі ілген бүркіт, жан-жануар немесе табиғат көрінісі т. б. бейнеленеді. Геометриялық өрнектер өте басым. Қазақ кілемдеріндегі айшықты ою-өрнек әсері басқа халықтар кілемдерінен де байқалады. Мәселен, кавказ көлемдерінің бірі «қазақ» деп аталады.
1936 жылдан бері ұлттық үлгілерге жаңа мазмұн беруді көздейтін Алматы кілем тоқу фабрикасы жұмыс істейді. Мұнда кілем қолмен де, машинамен де тоқылады. Фабрика әртүрлі мерекелерге арналған, сондай-ақ ұлы адамдардың, көрнекті жазушы, қоғам қайраткерлерінің, мүшелтой иелерінің суреті салынған кілемдер де шығарады. Ал төсеніш, дастарқан т. б. ретінде пайдаланылатын кілемдер республиканың кейбір облыс орталықтарына шығарылады. Машинамен тоқылатын кілемдер сыртқы түрі мен ою-өрнегі жағынан қолдан тоқылған кілемдерден көп өзгешелігі болмаса да беріктігі мен төзімділік жағынан олардан төмендеу. Қолдан тоқылған кілем ұлттық ою-өрнек пен колоритгі ұштастыра пайдаланған өте сапалы бұйым болып саналады.
Машинамен тоқылатын кілемдер
Машинамен тоқылатын кілемдер негізіне табиғи жіптермен қатар синтетикалық жасанды талшықтар, жүн тәріздес жіптер, химиялық пленка жіптер де пайдаланылады. Кілем тоқылатын жіптің құрылымын зерттеу нәтижесі химия мамандарына өте төзімді полимер материалдарды ойлап табуға мүмкіндік берді. Олар жуан, жіңішке, созылмалы, жеңіл, нәзік, ширақ және ақшыл болып келеді. Түсін жоғалтпау жағынан полиакрилонтрильді талшықты жүнненәлдеқайда төзімді. Машинамен тоқылатын кілемдер түгі тігілмелі тафтинг, тоқымалы, трикотаж, тоқыма-тігілмелі, шыбықшалы киіз, флоки- ровты кілемдерге бөлінеді. Тоқыма кілемдер механикалық тоқу станогында бір түсті немесе әр түрлі түсті болып шығарылады, құрылымы жағынан кілемді көп қабатты мата деуге болады. Түгі тігілмелі тафтині - негізгі тоқымалы, трикотаж, тоқыма-тігілмелі кілемдер жоғары жылдамдықты көп инелі машиналармен тоқылады. Кілем негізі өріс жібінен, астыңғы матадан және латексті астарлан тұрады.
Шыбықшалы киіз. Кілемдер көп қабатты холст тәріздес болып келеді. Флокировты кілемдерді астыңғы материалға химиялық талшықтардан жасалған қысқа түктерді жапсыру арқылы электр өрісінде өндіреді.
Кілемнің көлемі, өрнегі және түр-түсі бөлмені интерьеріне сай (қабырғаның түсі, мебель, портьер т. б. қабы) болғаны дұрыс. Кілемді күту. Кілемді ұқыпты күтіп ұстаған жағдайда ұзақ уақыт пайдалануға болады. Кіре беріске, аяқ астына, дәлізге, холл, вестибюль, баспалдақ, т. б. адамдар көбірек жүретін орындарға төселген көлемдер тез тозады. Сондықтан да оның үстіне жіңішкеле у кенеп мата немесе басқадай материалдар төсеген жөн. Егер бүктелетін кілем болса оның жиегіне іш жағынан кішілеу кенеп қалташалар тігіл, оған жалпақтау металл табақшалар қоятын болса кілемге жиналатын электр-статикалык зарядтар мөлшері азаяды. Кілемнің тозбауы және әдемілігі мен қылдақтығын арттыру үшін оның астына киіз немесе жұмсақ резеңке салады. Еденге төселетін кілемнің орнын ауыстырып отырған жөн.
Гобелен тоқу өнері
Гобелен тоқу тарихы. Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет.
Түкті кілемді тоқу барысында тоқу мәнеріндегідей техниканы қолдана отырып, сол түктерді кейбір жерлерде 10-15 мм-дей ұзындықта қалдырып, кей жерлерінде тақырлай қысқартып үйлестіріледі. Жалпы гобелен тоқу үлкен сезімталдылықты талап етеді. Түкті кілем негізін құру үшін станок болу керек. Станок ағаштан жасалынады. Гобелен өнері оқушыларды әсемдікті, сұлулықты түсінуге, биік адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, олардың ой-өрісін, рухани байлығын дамытады.
Халқымыздың көне мәдениетін әр сабақ жіпке сыйғызып, бүгінгі заманға жеткізуде гобелен өнерінің де үлесі жыл санап артып келе жатыр. Қазақ гобеленінің негізін қалаған марқұм суретші Құрасбек Тыныбеков десек, қазақ қыздарының ішінен осы салаға тұңғыш сара жол салған – Бәтима Зәуірбекова. «Ана», «Дала мадоннасы», «Сәукеле киген қыз», «Ұзату», «Күту» сынды туындылардың авторы.
Гобелен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан Қазақстанда суретшілер қатарына: Қ.Тыныбеков, Б.Зәуірбекова, И.Ярема, Ә.Бапанов, С.Бапанова, Қ.Жұбаниязова, А.Ихонова, Н.Павленко т.б.атауға болады.
Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.
1946ж Батима Зәуірбекованың туған жылы, 1970ж Гобелен саласындағы алғашқы туындысы «Шеберлер» деп аталған. Сарғалдақ түстес көйлек киген бойжеткен қыз жасыл өрнек арасында отыр. Осынау құпиясы мен қызығы мол, қиындығы да көп өнерге таңырқай қарайды. Әрине, бұл оқшау өнердің алғашқы көрінісі, бұлақ сылдырындай әуені ғана ғой. Бірақ өнер зерттеушілері осы еңбегін жақсы бағалады.
1972ж «Жіп иіруші қыз» атты гобеленде авторға тән шеберлік айқын көзге ұрады. Мұнда шебер қыз жұмыс үстінде бейнеленген. Басын сәл биязы бұруы, қолдарының әсем қимылы, жеңдерінің қанық түспен бүрмеленуі, шығарманың жалпы әшекейлік сипатымен астасып алғанын терең сезіммен ұғынуға бағдарлайды. Көркемдік мәні де ұштасуынан пайда болған үндестікке байланысты арта түскен.
Құрасбек Тыныбековтың «Шопан» атты гобелені. Бұл шығармадағы басты кейіпкер – жас шопанның қолтығындағы жаңа туған қошақанға назар салыңызшы: қошақанның – жартылай жануар, жартылай ою түрінде бейнеленгенін байқаймыз. Демек, бұл – қазақтың «қошқар мүйіз» оюының символы екенін көрсетеді. Аспан төріндегі ақша бұлттар да әртүрлі бейнедегі ою-өрнек болып баяу қалқып бара жатқандай әсер сыйлайды. Гобелен бетіндегі жазықтық табиғат құбылыстарынан хабар бергендей: түнгі аспандағы жұлдыздар әлемі, біресе желдің ұйтқи соққан әуені мен теңіз толқындары тәрізді алуан-алуан қимыл-қозғалыстарды бір кеңістікке еркін сиғызып, түрлі бояулармен қанықтырып, айрықша серпін мен ширақтық танытады. Осы көріністердің бәрі де ою-өрнектік символикалар арқылы берілгеніне таңданыс білдірмеске лажыңыз жоқ. Көне мен жаңаның өзара үндесуі дегеніміз осы.
Композициялық бөлімді талдау.
- Гобелен тоқу үшін: Гобеленші-суретші алдымен тоқылмақшы гобеленнің суретін кіші қағазға түсіріп алады.
- Гобеленші-бояушы суреттегі түрлі-түстерге сәйкес жіптерді алу үшін ақ жіптерді әр түрлі гүлдердің жапырақтарын, тамырларын, ағаш қабықтарын пайдаланып бояйды.
- Гобеленші-картоньер кіші қағаздағы суретті тоқылмақшы гобелен елшеміндей картонға бояулы етіп салады.
- Гобеленші-тоқымашы салған суреті бойынша кілемді тоқиды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?