Кілем тоқу материалдары мен құрал-жабдықтары. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Көркем еңбек. 9 сынып (қыздар тобы)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 бөлім Сәндік қолданбалы өнер Күні: Сынып: 9 Сабақ 2 Уақыт: 40 минут Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Кілем тоқу материалдары мен құрал-жабдықтары | ||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.6.4 шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен өнер материалдарын қолдану бойынша өзіндік (оригиналды) шешімдерді ұсыну | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар топтық жұмыс жасайды.
| ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Кілем тоқу материалдары мен құрал-жабдықтары Глоссари: Кілем — әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді. Түкті кілем бірнеше қабаттан тұрады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекеленген жіптерден, бірақ бір-біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылғаннан кейін пайда болатын қалың түк мұндай түйіндерді көрсетпей жауып тұрады. Терминдер: тоқу, теру, кілем, дәстүрлі, тоқыма жіптері, қондырғы (станок). | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Зерттеу, практикалық жұмыс жасау барысында оқушылар бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасайды, өздерін және өз жұмыстарын алға жылжыту мақсатында еңбектенеді, ізденеді, өзара бағалау кезінде шыншылдық құндылығы артады. | ||||||||||||||||||
Жаһандық Азаматтық | Кілем тоқу өнерін зерттеу барысында, материалдармен, құрал-жабдықтарды анықтау кезінде әлемдік кілем тоқу технологиясымен танысады, ұқсастықтарын табады. | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, физика, геометрия. Мысалы, Кілем тарихымен, түрлерімен танысқанда тарих пәніне, қажетті құрал-жабдықтары яғни тоқыма жіптерін бояу үшін қолданылатын бояғыш заттарды анықтау үшін физика пәніне, кілем, алашаға салынатын ою-өрнектер, нақыштар тепе-тең түсу үшін геометрия піндерімен байланыстыруға болады. | ||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Кілем, алаша, гобелен өнерін зерттеу, мәлімет жинақтау үшін интернет желісін пайдалану (бейнежазбалар, презентациялар, слайдтар көрсету т.б), фотосуреттер көру. | ||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Кілем тоқу өнерін, тарихын, түрлерін біледі. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы «Мозаика» белсенді әдісі 5 минут Презентация 5 минут Зерттеу жұмысы Тапсырма 15 минут Дескриптор Таныстырылым жасау Бейнебаян 10 минут Өзара бағалау Кері байланыс 5 минут «сұхбат» әдісі Сабақты қорытындылау Үйге тапсырма | Оқушылар сыныпқа кіріп, жайғасқан соң үстел үстінде тұрған кеспе қағаздарды алып құрастырады. Кеспе қағаздарда кілем тоқуға арналған құрал-жабдықтардың, қажетті материалдардың суреттері қиылып берілген. Оқушылар суретті құрастырады, мұндағы мақсат оқушыларды мозаика әдісі арқылы 3 топқа біріктіру болып табылады. Топқа біріктірген соң оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Оқушылардан жауаптар ала отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз. Тақырып анықталған соң оқушыларға сабақтың оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушылар құрастырылған суреттер бойынша топта жұмыс жасайды. Тапсырма: Сурет бойынша кілем тоқуға арналған құрал-жабдықтар мен материалдарды анықтаңыздар, қондырғының яғни белағаштың (станок) түрлерін зерттеңіздер. Дескриптор:
Оқушылар зерттеу жұмыстарын бастайды. Топта өзара роль бөлісіп алады, мысалы мәлімет іздейтін адам, флипчартқа сызба, суретті салатын адам, спикер яғни таныстырылым жасайтын адам. Роль бөлісу оқушылардың жұмыстарын жеңілдететінін, нәтижелі жұмыс шығатынын мұғалім айтып өтеді. Мәлімет іздеген адам топ ішінде міндетті түрде ақпарат бөлісуі қажет. Зерттеуді аяқтаған топ қол шапалақтап белгі береді және таныстырылым жасайды. Таныстырылым жасап болған соң мұғалім кілем тоқуға арналған құрал-жабдықтар туралы слайдтарды және бейнебаян көрсетеді. Мұндағы мақсат оқушылар тапсырманы толық орындағандығын, зерттеуді толық жасағандығын анықтау, оқушылар бір-бірлерін шынайы, әділ бағалау болып табылады. Тыңдап отырған оқушыларға өзара бағалау жүргізу үшін бағалау парақшасы беріледі. Оқушылар дескриптор бойынша өзара бағалау жүргізеді.
Оқушылар таныстырылым жасап, бағалау жүргізіп болған соң сұхбат арқылы кері байланыс алынады. Бір оқушының қолына микрофон ретінде маркер беріледі. Бүгінгі тақырып бойынша бір-бірлеріне сұхбат жүргізу арқылы кері байланыс алынады. Мұғалім бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан, қажетті ақпаратты толық жинақтап, сыныптастарымен бөліскен топ оқушыларын атап өтіп, қолдау көрсетуді ұсынады. Sketchbook (сурет дәптері), түрлі-түсті қаламдар, өшіргіш алып келу. | Слайд 1,2,3 3-7 слайдтар Бейнебаян | |||||||||||||||||
Саралап оқыту | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Зерттеу жұмысы кезінде дифферениациялық тапсырманы оқушылар өздері таңдап алады. Таныстырылым түріне қарай яғни электронды презентация жасайды немесе флипчартқа сызба ретінде сызып таныстырады. | Өзара бағалау «Басбармақ» әдісі | Практикалық жұмыс барысына құрал-саймандарды қолданғанда сақ болу, пышақты жоғары көтермеу, сызғыштарды, циркуль т.б. заттарды лақтырмай ұқыпты ұстау, қолөнер бұйымдарымен ноутбуктарды қолданғанда қауіпсіз пайдалану және сақтау. | |||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?