Шығармашылық жұмысты орындау. Декор жасау мен безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары. Көркем еңбек.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәндік қолданбалы өнер Күні: Сабақ: 40 минут Сынып: 9 (қыздар) |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Шығармашылық жұмысты орындау. Декор жасау мен безендіру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін ОМ (ОБ сілтеме) | 9.2.1.1 мазмұнды, ерекше туындыны орындау үшін өз бетінше және сенімділікпен өнердің көркем құралдарын қолдану;9.2.3.3 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану;9.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | -Интерьердегі жұмсақ ойыншықтарды зерттейді; -Пайдаланылатын материалдардың қасиетін түсінеді; -Кесу-пішу жұмыстарын сауатты орындайды; -Орындалған жұмыстың бірізділік тұрғыда сындарлы зерттеу нәтижесін жариялайды; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Критерийлер | -Жұмсақ ойыншықтың интерьердегі функциясын анықтайды; Интерьердегі орнын анықтайды; -Кесіп-пішу жұмыстарын орындайды; -Өз идеяларын шығармашылығында қолданады; -Шығармашылық жұмыс орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология: Түпнұсқа, кесіп-пішу, идеялар, контекст, безендіру, декор, элемент, материалдар, аспаптар, техникалар, процестері, шешімдер, пікірлер. Диалог және жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің сериясы: Менің жұмысымды орындауда түпнұсқалықты сақтауға … әсер етті Бұл жұмыстың функциялық қызметі..., себебі… Мен мынадай стильдер /материалдар/ аспаптар /техникалар/ өндіру процестерін ұсынамын, себебі … Сіздің пікіріңізге мен … | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ басынан оқушылар бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынасқа шақырылып, интеллектуалдық ойын кезінде сұрақтар беріліп, сыни тұрғыдан ойлау орын алады және оқушылар ойларын ашық ортаға салады. Практикалық кезеңде жеке шығармашылық бойынша ой еңбегін пайдалана отырып, азаматтық жауапкершілік сезіммен, талқыланған жобаны орындайды. Бағалау кезінде академиялық шыншылдық талап етіледі және іс әрекетте дәлелденетін болады.. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология: өнімді орындауда қандай да бір жан-жануар, өсімдік немесе образды шешімдегі элементтерге сүйене отырып, нобай жасалады, жұмыс орындалады. Математика: кесіп пішуде есептеу маңызды орын алады. Тарих: Жұмсақ ойыншықтың шығу тарихына көз жүгіртеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | практикалық жұмыс жасау кезінде интернет желісін пайдалана отырып видеороликтер және презентациялар көрсетіледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар өткен сабақтарда танысқан сәндік қолданбалы өнердің басқа қырлары мен өнім түрлерін байланыстыра отырып, тігу, тоқу, пішу сынды дағдыларын дамытатын жұмыстармен шұғылданады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Өткен сабақты қайталау «Ыстық орындық» әдісі (3 минут) | Мектеп құндылығына сәйкес оқушылармен сыпайы амандасып, өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Ыстық орындық» әдісімен ортаға екі-үш оқушы өз қалаулары бойынша шақырылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыпты анықтау «Миға шабуыл» әдісі (3 минут) | Ойтүрткі ашық, және жабық сұрақтар беру арқылы сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты жарияланады. Берілетін сұрақтар: -Кімнің үйінде қандай ойыншық бар? (Оқушы жауаптары) -Ойыншықтар қандай жерде орналасқан? (Оқушы жауаптары) -Интерьерде ойыншықтар қандай роль атқарады? (Оқушы жауаптары) -Ойыншықтар тағы қандай роль атқара алады? (Оқушы жауаптары) Интерьердің безендіруінде жұмсақ ойыншықтардың ролі зор дегенге келісесіздер ме? (Оқушы жауаптары) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы Зерттеу бөлімі (4 минут) | Тақырыпты ашу үшін АКТ-дан презентация көрсетіледі | Презентация «Интерьердегі жұмсақ ойыншық» | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Топқа біріктіру ДЖИГСО әдісі Топта талқылау Кумулятивтік диалог 4 минут | Интерьердегі жұмсақ ойыншықтардың пайдалы қызметтері бойынша ДЖИГСО әдісімен сыныпты топтарға біріктіріп, кумулятивтік диалог арқылы сол бөлінген функционалдық қызметте қандай ойыншықтар образын жасау, қандай материалдар қолдануға болатындығы жөнінде ой тастап, ой бөліседі. Ойыншықтардың қосымша функционалдық қызметтері:желтұтқыш,инешаншығыш, пердеұстағыш, төсеніш, фоторамка т.б.
| Материалдар мен фурнитуралар: түйме, лента, кестеге арналған жіп, түрлі қалдық маталар, синтефон, фетр, т.б. Құралдар: қайшы, ине, жіп, ыстық желім, лекало, сызғыш т.б. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
| Техникалық қауіпсіздігінің сақталуы Жұмыс барысына құрал-саймандарды қолданғанда сақ болу, жұмыс құралдарын ұқыпты ұстау, қолөнер бұйымдарымен ноутбуктарды қолданғанда қауіпсіз пайдалану,сақтау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия «Тазалық» әдісі 2 минут | Бүгінгі сабақта алған білімдерін қорытындылау мақсатында «Тазалық» әдісімен рефлексия парағы таратылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытындылау 2 минут | Сабақ барысында орындалған жұмыстар мен жасалынған іс-әрекеттер жайында белсенді қатысқан оқушылардың еңбегі және сабақ барысында өздерін ұстауы жайлы кері байланыс беріледі. -Орындалған жұмыстардың ұтымды тұстары; -Өзгертуге тиіс әрекеттер; -Үлгірмеген оқушыларға қосымша сабақ уақытысы белгіленеді. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Оқушының аты-жөні: | ||||||||
Сынып: | ||||||||
№ | Дескриптор | топ | (+ н/е -) | |||||
1 | Ойыншықтың интерьердегі орнын анықтайды; |
| ||||||
2 | Қолданылатын материалдарды сауатты таңдайды; |
| ||||||
3 | Орындалған өнімнің сапасы мен нобайға ұқсастығын ескереді. |
| ||||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?