Медицина, фитотерапиядағы өсімдіктің рөлі. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


 4 Бөлім. Үй мәдениеті

 Сабақ тақырыбы: Өсімдік шаруашылығындағы ғылымның рөлі

 

 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

 8.1.3.1 шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы);8.2.5.1 ауылшаруашылық өндірісінің дамуындағы әдіс-тәсілдерді талқылау және бағалау.

 Сабақ мақсаты: өсімдік шаруашылығындағы ғылымның рөлін талқылау үшін әртүрлі ақпарат көздерін қолдану.

 

 Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, назар аударту.

2. Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысу: оқушыларды сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз, олармен бірге бағалау критерийлерін талқылаңыз.

 

 3. Тірек білімдерін белсенділендіру. Өсімдік шаруашылығы саласы.

Өсімдік шаруашылығы саласының атауларымен карточкалар және ауыл шаруашылығы дақылдарының суреті бар конверттер дайындаңыз.

Оқушыларға өсімдік шаруашылығы салаларының атаулары бойынша карточкаларды таңдап, топтарға бірігуді ұсыныңыз. Төрт конвертті таңдап, суреттерде көрсетілген дақылдардың қай салаға жататынын анықтайды. Әр конверттегі «артық» дақылды табады.

Бірінші конвертте: бидай, сұлы, күріш, арпа, қарақұмық, тары, жүгері бейнеленген, бұл топта артық дәнді дақыл – жасыл бұршақ.

Екінші конвертте: раушан гүл сабағы, нарғызгүл (георгин), бөртегүл (сирень), сакура. Бұл топтағы артық өсімдік – гүлденген шырғанақ (облепиха), гүлденген алма ағашы.

Үшінші конвертте: артық дақыл – асқабақ. Төртінші конвертте: бұл топта артық көкөністік және бақшалық дақыл – лайм.

 Әр топ өз салалары бойынша конверттердегі суреттердің қандай дақыл екенін айтады және «артығын» анықтайды.

 

4. Таныстырылымдар арқылы өсімдік шаруашылығындағы инновацияларды талқылау.

Оқушыларға өсімдік шаруашылығындағы инновациялық 2 бағыт – нақты егін шаруашылығы және гендік инженерия туралы ақпаратпен бөлісуді ұсыныңыз. Бұл инновацияларды өсімдік шаруашылығына еңгізудің нәтижелері туралы талқылаңыз.

Оқушы жауабын қорыта келе, нақты егін шаруашылығының - жерсеріктік (спутник) кешендер мен компьютерлік технологияларды қолдануға негізделген, тұқым себудің өнімділігін басқару жүйесі екендігін түсіндіріңіз.

Ауыл шарушылығының бұрынғы тарихында бірнеше жылдар бойы жерді жыртып, тұқым сеуіп, көз мөлшермен тыңайтқыштар қосқан, ал қазір фермерлер тұқымның нақты санын анықтап, егістік жердің әр метріне қанша тыңайтқыш т.б. нәрселер керектігін нақты біле алады (https://сельхозпортал.рф/articles/tochnoe-zemledelie/ Нақты егін шаруашылығы: жұмыс қағидасы және келешек).

 Жерсеріктік (спутниктік) және зертханалық деректер негізінде әр жер телімінің нақты картасы жасалады. Фермер ресурстарды тиімді қолдануға мүмкіндік алады. Осылайша бұрынғыдай жер жырту немесе егін суару, тыңайтқышты кем алу, ресурстарды артық жұмсаудан құтылады, бұрын аз өнім алынған жерлердің өнімділігі артады.

 Нақты егін шаруашылығы жүйесі – егіс даласын және т.б. нақты картаға түсіру, жерсеріктік бақылау (GPS), геоақпараттық жүйе (GIS) технологияларын қолдануға негізделген жалпы тұжырымдама. Нақты егін шаруашылығы жүйесі негізіне барлық сипаттамасымен егістіктің нақты картасын қолдану жатады.

 Жер телімдерінің шекарасымен қоса оның топырағының химиялық құрамы, ылғалдылық деңгейі, күн сәулесінен алатын радиация мөлшері, көкжиекке қатысты ылди бұрышы, желдің басымдылығы, жақын маңда табиғи және т.б. нысандардың (орман, су қоймасы, өндіріс орны, тұрғын үй, жол т.б.) болуы да маңызды. Неғұрлым көп факторлар анықталса және карта нақты болса, нақты егін шаруашылығында спутниктік және компьютерлік технологияларды қолдану нақтырақ болады. Соған сай өндірістік жағдайды дәлме-дәл және тез түзеуге болады.

 Электронды карта негізінде әр жер теліміне қанша тыңайтқыш, тұқым, су керек екені туралы нұсқаулық жасалады. Бұл нұсқаулықтар егіске шығатын компьютерлендірілген ауыл шаруашылығы техникасына орнатылады. Ары қарай машина адамның аз қатысуымен осы нұсқаулықтардың дұрыс орындалуын қадағалайды. Нұсқаулық және спутниктік бақылау негізінде машина әр жер теліміне қанша тыңайтқыш пен тұқым керектігін өзі реттейді. Сонымен қатар өңделген жерлер арасында себілмеген жер және т.б. қалмайды.

Нақты жер өңдеудің қолжетімді және танымал технологиясы – параллель жүргізу жүйесі. Бұл жүйе егістік жұмыстарын (жырту, себу, өңдеу, тыңайтқыш себу, астық жинау) «артық» жүріссіз, нақты жасауға мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды жері түнде де күндізгідей тиімділікпен жерді өңдеуге мүмкіндік береді.

Қатар (параллель) жүргізу жүйесі спутниктік бақылау сигналын қолдануға негізделген. GPS сигнал арқылы ауыл шаруашылығы техникасы қозғалысы нақты анықталады, осылайша өңделмеген немесе екі рет өңделген жердің аумағын, қолданылатын ресурстар - жанар май, тұқым, тыңайтқыш мөлшерін азайтуға болады.

 GPS мониторинг, спутниктік бақылау жүйесінен егістіктегі трактор немесе комбайнды нақты басқару ғана емес, олардың сол аймақтағы орналасуын анықтауға болады. Барлық ауыл шарушылық технологияларына GPS шамшырақтар орнату арқылы уақытты және жанармай шығынын бақылауға болады.

Нақты егін шаруашылығы технологиясының артықшылықтары:

  • жанармай, тұқым, тыңайтқыш, су т.б. шикізаттар мен материалдар шығынын азайту;
  • қолданылған егістік өнімділігінің артуы;
  • алынған өнім сапасының жақсаруы;
  • қолданылған жердің сапалы көрсеткіштерінің артуы;
  • қоршаған ортаға кері әсердің азаюы.

Өсімдік генетикасы – бұл жаңа сорттар шығару, қазіргіге жаңа перспективалық қасиеттер қосу, ауруға беріктігі, сыртқы жағымсыз жағдайларға төзімділігі, өнімділіктің артуы. Бірақ генетикалы өзгерістер үнемі пайдалы бола бермейді.

 Өсімдіктер генетикасы туралы айтқанда ең бірінші ғылым ретінде селекция мен гендік инженерия арасындағы айырмашылықты білу керек. Генетика – сұрып пен тұқымды жетілдірудің жаңа әдіс-тәсілдерін дайындайтын, селекцияның теориялық негізі туралы ғылым.

 Селекция – жақсыны таңдау, өсімдіктің белгілі бір түрін жаңа өнім алу үшін таңдау.

  Гендік инженерия – бұл өсімдікті ерекше көрсеткіштермен өсіру, өсімдіктің ДНК бөлігін басқа тұқыммен алмастыру. Гендік инженерия таңқаларлық өзгерістер жасайды және шексіз мүмкіндіктерге жол ашады. Гендік инженерия өсімдіктердің өте төзімді түрлерін жасауға мүмкіндік берді. Сондықтан әртүрлі зиянкестер мен аурулар азаяды. Бірақ «шексіздіктің» тағамдардың қауіпсіздігіне, адамның денсаулығына зиян келтірмеуі үшін сақ болу керек. (https://сельхозпортал.рф/articles/genetika-i-selektsiya-v-selskom-hozyajs/ Ауыл шаруашылығындағы генетика және селекция — ізденістер мен шешімдер).

 

 5. Пікірсайыс

 Оқушыларға келесі ақпараттарды талқылауды ұсыныңыз: жақында картоптың қауіпті зиянкестермен (колорада қоңызы) күресе алатын жаңа сорты шығарылды. Картоп молекуласы модификацияланған (мысалы, арнаулы бір заттар қосып, дененің механикалық қасиеттерін өзгерту) және тұқымға енгізілген өзгеріс зиянды қоңыздарға өте қауіпті болған. Мұндай картоптың жапырағымен қоректенген жәндіктер 5 күн ішінде өлген. Генетиктер бұл тәжірибені ауыл шаруашылығына өте пайдалы деп есептейді.

Оқушыларға 2 топқа бөлінуге ұсыныс жасаңыз. Әртүрлі ақпарат көздерін (интернет ресурстары, мерзімді баспасөз материалы және т.б.) пайдалана отырып, бір топ гендік модификацияланған өсімдік туралы (ГМӨ) кемшілікті (-), екінші топ жетістікті (+) жазады. Оқушылар топтағы талқылау қорытындыларын постер түрінде көрсете алады.

Интернет ресурстарын қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда мерзімді баспасөз материалын дайындаңыз. Оқушылар жауабын жинақтай отырып, оларды гендік инженерия – болашағы бар жас ғылым деген қорытындыға жетелеңіз. Артықшылықтары – өнімділіктің бірнеше есе артуы, аязға төзімділігі, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерге төзімділігі және т.б. Бір кемшілігі – бұл тәжірибенің адам өміріне және жалпы табиғатқа қандай әсері болатынын ешкім білмейді. Бүгінгі күнде бұл адамдардың алаңдаушылығын туғызып отыр, өйткені МГА (модификацияланған гендік ағзалар) сорты адамдарға қалай әсер ететіні белгісіз, сондықтан алынған өсімдіктің адамға зияны жоқтығын дәлелдеу қажет.

 

 

6 Рефлексия «Бағдаршам»

Оқушыларға «Бағдаршам» арқылы өз жұмысын бағалауды ұсыныңыз (жасыл – бәрі түсінікті, сары – күрделі, қызыл – көп нәрсе түсініксіз, оқушыларға түрлі-түсті карточкалар сабақ алдында беріледі).

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу