Медицина, фитотерапиядағы өсімдіктің рөлі. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
Сұрақтарға жауап беріңдер:
- Қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер?
- Оларды қайдан табуға болады?
- Дәрілік өсімдіктер не үшін қажет?
Дәрілік өсімдіктердің қасиеті
Сәлбен (ШАЛФЕЙ)
Көпжылдық шөп, көптеген аурулардың тез сауығуына көмектеседі. Сансыз сабақтары бар көпжылдық өсімдік. Жапырақтары күмісті-жасыл түсті, аздап түк басқан, гүлшоғыр болып жиналып, күлгін түспен гүлденеді.
Ол жақсы көңіл-күй сыйлау үшін таптырмайтындай. Дәрілік мақсатта жаздың екінші жартысында жиналған жапырақ қолданылады.
Есте сақтау қабілетін жақсартады, депрессиямен күресуге көмектеседі, еңбекке қабілеттілігін арттырады. Ас қорыту жүйесінің жұмысына жақсы әсер етеді, ішектің түйілуін басады.
Қан айналымын жақсартады, бас миы қан тамырларына жақсы әсер етеді, сондықтан оның қасиетін бас айналуды емдеу кезінде қолданады, сонымен қатар инсульттан кейін қалпына келтіретін дәрі ретінде қабылдайды.
Тыныс алу жүйесінің ауруларында антисептикалық және бактерицидтік әсері бар. Бронх демікпесі, тамақ ауруы, ларингит және созылмалы бронхитті емдеуде пайдалы.
Өзінің жастығы мен сұлулығын ұзақ сақтағысы келетін әйелдерге жасару курсын жүргізу үшін таңертең сәлбен тұнбасын аш қарынға ішу өте пайдалы.
қырмызыгүл (КАЛЕНДУЛА)
Қала маңындағы саяжай телімі, гүлбақша және гүлзарлардағы ең танымал гүл. Маусым айынан қазан айына дейін гүлдейтін бір жылдық өсімдік, ашық-қызғылт-сары хош иісті гүлдер. Оның халықтық танымал атауы қырмызыгүл барлығына балалық шағынан таныс.
Қырмызы гүлдерінен тұнбалар мен жақпа майлар жасалады, қайнатпасы дәкені малып ауырған жерге тарту үшін қолданылады. Қырмызы тұнбасын гастрид пен колит, бауыр және өт қабы, жүректің ишемиялық ауруы және созылмалы бронхит ауруларына ішеді.
Бұл өсімдік сыртқы дәрі ретінде кеңінен қолданылады, себебі оның жараларды емдеп жазу әсері өте жоғары. Қырмызыгүл тұнбасымен ұшық, әртүрлі іріңді ауруларды, майлы соборея мен экзема, конъюнктивитті емдеп жазуға болады.
Стоматит пен пародонтоз ауруларын шаю арқылы емдеуге болады. Дегенмен, артықшылықтары көп болғанымен, бұл дәріні қолдану барлық адамдарға рұқсат етілмейді. Балаларды емдеуге тұнбаны пайдалану ұсынылмайды.
шырғанақ (ОБЛЕПИХА)
Жіңішке ұзын жапырақтарымен тікенекті бұтағы және ашық қызғылт-сары түсті жемістері бар. Бұтағына тығыз орналасқан жидектерінің көптігіне байланысты өз атына ие болған.
Бұл дәрумендерге бай, өте бағалы өсімдік. Өсімдікте мұндай дәрумендер құрамының көптігі өте сирек кездеседі.
Шырғанақпен (облепиха) емдеу әдістері туралы тұтас кітап жазылған. Оның көмегімен емделуге болатын аурулар сансыз. Дәрі-дәрмекпен ішкі созылмалы ауруларды - асқазан, ішектің қабынуын емдеуге болады. Шырыны гепатитке өте пайдалы.
Шырғанақ майы жадыны жақсартады, холестерин деңгейін азайтады, радиация әсерінен қорғайды және ісіктердің өсуін болдырмайды. Трофикалық жараларды, псориазды, бөртпелерді және күйіктерді емдеуге көмектеседі.
Жас шырғанақтың жемісін тұтынатын адамдардың иммунитеті күшейіп, дене белсенділігі артады. Жаңадан мұздатылған жидектерден дайындалған тұнба тұмауды және күшті жөтелді жылдам емдеуге көмектеседі. Шырғанақ бұтақтарының қайнатындысы шаштың түсуі мен қасқабастану кезінде қолданылады.
ӨГЕЙШӨП (МАТЬ-И-МАЧЕХА)
Бұл өсімдік көптеген аурулардан сақтайды. Ежелгі уақытта балгерлер дәрілік қайнатпа дайындап, адамдарды тынысты тарылтатын жөтелден емдеген. Ол қазір де өте танымал.
Ол суық тигеннен болған ауруларға, бронхитке, бронх демікпесіне көмектеседі. Оның қайнатпасының тамшылары ең ауыр тұмауды емдейді.
Асқазанның тітіркенуіне өгейшөп жапырағынан қайнатылған, жылы, қанты жоқ шай өте пайдалы.
Тері аурулары кезінде, сыздауыққа, домбығу және жараға қолданылады.
Тілменің қабынуы кезінде – ұнтақталған шикізаттан жасалған ұнтақты жараға себеді.
дәрілік шөпшүйгін (ВАЛЕРИАНА ЛЕКАРСТВЕННАЯ)
Бұл өсімдіктің тамырында ерекше емдік қасиет бар.
Тұнбалар дененің әлсіздігі, ұйқысыздық, күйзелісті халде, бас сақинасы, тахикардиямен ауырғанда қолданылады.
Оның көмегімен бауыр мен қалқанша безінің кейбір аурулары емделеді.
Викторина
Викторина сұрақтары | Жауаптары |
Қандай дәрілік өсімдіктер улы? | |
Кеңінен танымал дәрілік ағашты атаңдар? | |
Жүрек дәрілерін дайындау үшін қандай бұталар шикізат болып табылады? | |
Шөп-шаламдық дәрілік өсімдіктерді атаңдар? | |
Қандай дәрілік өсімдіктің атауы грек тілінен аударғанда «Денсаулық» дегенді білдіреді? | |
Қандай дәрілік өсімдіктер қысқа мерзімді суық түсу алдында гүлдейді? | |
Золотушник өсімдігі басқаша қалай аталады? | |
Қандай дәрілік өсімдіктер «аңдардың» атауымен аталады? |
Тәжірибелік жұмыс. «Фитотерапия» тақырыбына постер жасаңдар.
Дәрілік өсімдіктердің суреттері бар карточкаларды таңдап, топқа бірігіңдер.
Адамның ауруын емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің қолданылуын, фитотерапияның мазмұнын ашатын постер дайындаңдар.
Тапсырма дескрипторын талқылаңдар:
- идеяның сабақ тақырыбына сәйкестігі;
- дәрілік өсімдіктердің мөлшері;
- композициясы;
- аяқталуы.
Бағалау.
Дескриптор бойынша бір-біріңнің жұмыстарыңды өзара бағалаңдар. Ең жақсы жұмысқа стикер жапсырыңдар.
Сұрақтарға жауап беріңдер: қандай идея ерекше қызықты болды? Неліктен?
Рефлексия
Сөйлемді аяқтаңдар:
- … қызықты болды.
- мені … таңқалдырды.
- мен … білдім.
- мен … жасауды қалаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?