Медицина, фитотерапиядағы өсімдіктің рөлі. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.
№7 Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Үй мәдениеті | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | |||||||||||||||||||||||
Қатыспағандар саны | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Медицина, фитотерапиядағы өсімдіктің рөлі | |||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.1.3.1 шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы);8.2.5.2 фитотерапия мен косметика, медицинадағы өсімдіктер ролін зерделеу, талқылау және бағалау. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Әртүрлі ақпарат көздерін қолдана отырып, медицина және фитотерапиядағы өсімдіктердің рөлін талқылау және бағалау. | |||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | - Дәрілік өсімдіктер түрін біледі; - дәрілік өсімдіктер мүмкіндігін түсінеді; - фитотерапия ерекшелігін талқылайды; - әртүрлі ақпарат көздерін қолданады. | |||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Дәрілік өсімдіктер түрлерін түсіндіреді, фитотерапия ерекшеліктерін талқылайды. Пәнге тән лексика және терминология: фитотерапия, дәрілік өсімдіктер, шөптер жиыны. Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Дәрілік өсімдіктерге ... жатады. Дәрілік өсімдіктерді қолдану.... Фитотерапия артықшылықтарына ... жатады. | |||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрметтеу, ынтымақтастық. | |||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | География, биология | |||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 1 минут 1-2 минут 4-3 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, жақсы жағдай туғызу.
Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысу: Оқушыларды сабақтың мақсаты және тақырыбымен таныстырыңыз, олармен бірге бағалау критерийлерін талқылаңыз.
Тірек білімдерін белсенділендіру Оқушыларға сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз: - Қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер? - Оларды қайдан табуға болады? - Дәрілік өсімдіктер не үшін қажет? | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 5 минут 13 минут | Презентация/ суреттер көрсету арқылы түсіндіру. Фитотерапи́я (грек тілінен ауд. «өсімдік» және «емдеу»), шөппен емдеу, дәрілік өсімдіктермен адамның әртүрлі ауруларын емдеу. Шөптен жасалған дәрімен емдеу – фитотерапия, халық медицинасында қолданылатын, негізгі дәрілердің бірі. Әлемдік өсімдіктер әлемінің шамамен 7% құрайтын, дәрілік өсімдік ретінде әлемде өсімдіктің 23 000-ға жуық түрі қолданылады. Дәрілік түрлердің қолдану тереңдігі мен оны үйрену деңгейі әртүрлі. Дәрілік өсімдіктер халықтық медицинада жаңа күйінде қолданылады, бірақ оларды көбіне алдын ала кептіреді. Олар ішке де, сыртқа да қолданылады. Кейбір өсімдіктердің дәрілік қасиеттерін түсіндіріңіз. Дәрілік өсімдіктердің топырақта болатын зиянды заттарды, автомашинаның газын, атмосферадағы қоспаларды және т.б. жинайтынына оқушылардың назарын аударыңыз. Сондықтан оларды таныс емес жерден жинауға, базардан сатып алуға болмайды.
Дәрілік шөптермен өзін-өзі емдеу денсаулыққа қауіпсіз болмауы мүмкін еместігін айрықша баса айтыңыз – өсімдіктерде және оларда болатын заттекте медициналық көрсетімдермен қоса, қарсы көрсетімдер де бар.
Викторина
Тәжірибелік жұмыс. «Фитотерапия» тақырыбына постер жасау. Оқушылар дәрілік өсімдіктердің (итмұрын, таңқурай, түймедақ, ақжелкен немесе т. б.) суреттері бар карточкаларды таңдап, топқа бірігеді. Оқушыларға адамның ауруын емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің қолданылуын, фитотерапияның мазмұнын ашатын постер дайындауды ұсыныңыз. Тапсырма дескрипторын талқылаңыз:
Постер үлгісі
Оқушылар постерлер көрмесін ұйымдастырады.
| Дәрілік өсімдіктердің суреттері немесе презентациясы Дәрілік өсімдіктердің суреттері бар карточкалар. Түрлі-түсті қағаз, желім, қарындаштар, қайшы, фломастерлер, бояулар, қылқалам, постер, стикерлерге арналған парақтар. | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут 3 минут | Бағалау. Оқушылар дескриптор бойынша бір-бірінің жұмыстарын өзара бағалайды. Оқушылар ең жақсы жұмысқа стикер жапсырады. Сұрақтарға жауап береді: қандай идея ерекше қызықты болды? Неліктен?
Рефлексия Оқушыларға сөйлемді аяқтауды ұсыныңыз: - … қызықты болды. - мені … таңқалдырды - мен … білдім - мен … жасауды қалаймын.
| |||||||||||||||||||||||
Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктеуді жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||
Саралау шығармашылық идеяның постерде орындалуын таңдау кезінде көрінеді. | Өзара бағалау | Кабинетте жалпы ережені сақтау. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?