Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасау. Жеке бөлшектерді өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


№3 Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Үй мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы

Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасау. Жеке бөлшектерді өңдеу.

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары

 8.2.5.3 өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәндік бұйымдар дайындау;8.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау;8.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

 Сабақ

 мақсаттары

Интерьерге арналған сәндік бұйымның бөлшектерін өңдеу. Жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныс жасау.

Жетістік критерийлері

- Бұйым бөлшектерін өңдейді;

- өз жұмысын жетілдіруге тәсіл ұсынады;

- басқа жұмысты жақсарту бойынша тәсіл ұсынады;

- бұйым жасау үшін материалдар мен құралдарды қолданады;

- қауіпсіздік техникасын сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Сәндік бұйым бөлшектерін өңдеуді түсіндіреді, жұмысты жетілдіру бойынша ұсынысын дәлелдейді.

Пәнге тән лексика және терминология:

Бөлшектер сипаттамасы, техникалық жағдай, негіз, жұмыс тәсілдері, қауіпсіздік техникасы ережелері.

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Бұйым негізін өңдеу үшін ... қолданылған.

Қолдану барысында ... келесі қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды.

Бұйымның сыртқы түрін жақсарту үшін … ұсынылады.

 Құндылықтарды дарыту

 

Құрметтеу, ынтымақтастық, шығармашылық.

 Пәнаралық байланыстар

-

Бастапқы білім

 

Интерьердің сәндік элементтерін жасауға арналған материалдар, интерьер стильдері.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы 1 минут

4-3 минут

1-2 минут

 Ұйымдастыру кезеңі:

 Сәлемдесу, назар аударту.

 

«Кім көп табады?» дидактикалық ойыны

 Оқушылар сәндік коллаж/панно суреттерінің бөліктерге бөлінген фрагменттерін құрастыра отырып, топтарға бірігеді. Суреттерді қарастыра отырып, материалдар, түстер санын анықтайды. Жұмыс барлық бөлшектерді немесе жұмыс элементтерін, материал түрлерінің саны мен қолданылған түстерді анықтауға бағытталған.

 Оқушыларға коллаж/панно суреттерінен:

 - бөлшектер;

 - материалдар;

 - түстер (сары түс және т.б.) санын табуды ұсыныңыз.

Ойын нәтижесін талқылаңыз, ең аңғарымпазды атап өтіңіз.

Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысу:

Оқушыларды сабақтың мақсаты, тақырыбымен таныстырыңыз, олармен бірге бағалау критерийлерін талқылаңыз.

Коллаж/

панноның бөліктерге бөлінген түрлі-түсті суреттері

Сабақтың ортасы

5-7 минут

10 минут

14-12 минут

Тәжірибелік жұмыс. Сипаттама жасау.

Оқушыларға өз жұмыстарының эскиздерін пайдаланып, сипаттама жасауды, яғни, сәндік бұйымның бөлшектері/элементтерінің тізімін кесте түрінде немесе тізім түрінде жасауды ұсыныңыз.

 Егер бөлшектер мен элементтердің нақты санын анықтау қиындау болса, оны диапазон түрінде көрсетуге болатынын түсіндіріңіз, яғни _____ бастап_____дейін, мысалы, 20-45.

 

Бөлшек/элемент атауы

Бөлшектер саны

Материал (түсі)

1

2

3

 

Оқушыларға эскизге жазбалар қосуды, біркелкі бөлшектерде олардың саны мен атауы, материалын көрсетуді ұсынуға болады.

Оқушыларға жұптарға бірігуді, бір-бірімен толтырылған кестелерді (бөлшектері нақтыланған эскиз) талқылауды, қажеттілігіне қарай толықтыруды тапсырыңыз.

Интерьерге арналған сәндік бұйым бөлшектерін өңдеу үлгілерін көрсету.

Таныстырылым мен иллюстрацияларды көрсете отырып, оқушылар назарын сәндік бұйым жасаудың дайындық жұмысына аударыңыз. Өз бұйымының бөлшектерін өңдеудің түрлі нұсқаларын оқушылармен бірге талқылаңыз.

 

Тәжірибелік жұмыс. Жеке бөлшектерді өңдеу.

 

 Оқушыларға сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

 - Жұмыста қауіпсіздікті сақтау үшін қандай аспектілерге назар аудару қажет?

 - Шығармашылық жұмысты орындауға санитарлық-гигиеналық талаптарды бұзу қалай әсер етеді?

 Оқушылар жұмыс орнын дайындайды, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, жоспарланған кезеңдерге сәйкес сәндік бұйым элементтерін немесе бөлшектерін дайындайды. Мысалы, коллаж жасау үшін негізін және т.б. дайындайды.

 Мұғалім тәжірибелік жұмысты орындау кезінде жұмыс орнының ұйымдастырылуын, қауіпсіздік техникасының сақталуын, өңдеу тәсілі мен сапасын бақылап, мақсатты тексеру, оқушылармен жеке нұсқаулық жүргізеді.

Тәжірибелік жұмыс соңында оқушылар жұмыс орнын жинайды.

 

Тапсырма дескрипторы:

 - таңдалған техникада бұйым элементтері немесе бөлшектері өңделген;

 - қауіпсіздік техникасы ережелері сақталған.

 

Жұмыс дәптері және альбом.

Шығармашылық жұмыс эскиздері.

Бөлшек/ элементтер дайындау бойынша презентация/суреттер

Интерьерге сәндік бұйым дайындауға арналған материалдар мен құралдар.

Сабақ соңы

3 минут

2 минут

Жұмысты талқылау

Оқушылар бұйымның дайындалған бөлшектері мен элементтерін қарастырады, жұмысқа түсініктеме береді, жұмысты жетілдіру тәсілдерін ұсынады.

 

Рефлексия: «Үш М»

 Оқушыларға сабақ кезінде жақсы шыққан үш кезеңді атауды, және келесі сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір тәсілді ұсынуды тапсырыңыз.

 

Саралаукөбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктеуді жоспарлайсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау шығармашылық жұмысқа материал таңдау кезінде көрінеді.

Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау

Кабинетте жалпы ережені сақтау. Кесетін-тесетін құралдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу