Интерьерге арналған 2D/3D сәндік бұйымдарды жасау. Соңғы өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


№5 Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Үй мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы

Интерьерге арналған 2D/3D сәндік бұйымдарды жасау. Соңғы өңдеу.

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары

 8.2.5.3 өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәндік бұйымдар дайындау;8.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау;8.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Интерьерге арналған сәндік бұйымды соңғы өңдеу және безендіруді орындау. Бұйымды жасау үшін қолданылған идеялар мен тәсілдерді бағалау

 Жетістік критерийлері

  • соңғы өңдеу және безендіру тәсілдерін таңдайды;
  • бұйымды безендіру және соңғы өңдеуді орындайды;
  • өңдеу және безендіру үшін материалдар мен құралдарды қолданады;
  • қауіпсіздік техникасын сақтайды;
  • сыныптастарының шығармашылық жұмыстарын бағалайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Сәндік бұйымды безендіру тәсілін түсіндіреді, сыныптастарының жұмысын талдайды.

Пәнге тән лексика және терминология:

Сәндік әрлеу, бояу, сыртқы түрі, безендіру.

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Бұйымды безендіру үшін … қолданылған.

Соңғы өңдеу кезінде келесі … қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады.

Соңғы өңдеу үшін … орындалады.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, құрметтеу, ынтымақтастық

 Пәнаралық байланыстар

-

Бастапқы білім

 

Интерьердің сәндік элементтерін жасауға арналған материалдар, жасау техникасы, интерьер стильдері.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы 1 минут

1-2 минут

4-3 минут

 Ұйымдастыру кезеңі:

 Сәлемдесу, назар аударту.

 

 Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысу: оқушыларды сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз, олармен бірге бағалау критерийлерін талқылаңыз.

Тірек білімдерін белсенділендіру

 Оқушыларға сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

  • Сәндік бұйым жасаудың соңғы кезеңінде қандай операцияларды орындау қажет?
  • Бұйымның дайын түріне не әсер етуі мүмкін?
  • Безендірудің қандай тәсілдерін ұсына аласыз?

 

Сабақ ортасы

10 минут

14-12 минут

Интерьерге арналған сәндік бұйымды соңғы өңдеу және безендіру тәсілдерін көрсету.

 Оқушыларға өңдеудің – қоршаған ортаның сыртқы ықпалынан қорғау және оның сыртқы түрін жақсарту мақсатында құрастырылатын бұйымды соңғы өңдеу екенін түсіндіріңіз.

 Әрлеу беттерді эстетикалық және қорғау қасиеттерін жақсарту үшін өңделеді. Бояу үшін әртүрлі көркем материалдар, аэрозольді бояулар қолданылады. Сәндік әрлеу бетті жабу, бояу немесе лактау, яғни бетіне лак жағу болып табылады.

 Бояуға арналған құралдар – аэрозольды бояу, оны жағу процесі туралы әңгімелеңіз. Бұйымды дұрыс безендіру түс үйлесімділігі, фактурасы және соңғы әрлеу барысындағы стиль бағыты шығармашылық жұмыстың ерекшелігін көрсетеді.

 Презентация/суреттерді көрсете отырып, оқушылармен бірге қауіпсіз жұмыс жасау үшін, қауіпсіздік техникасы ережелерінің қандай аспектілеріне назар аудару керектігін талқылаңыз. Оқушылармен бірге өз бұйымын безендірудің әртүрлі нұқсаларын талқылаңыз.

 

Тәжірибелік жұмыс. Сәндік бұйымды соңғы өңдеу және безендіру

 Оқушылар жұмыс орнын дайындайды, әрлеуге арналған материалдар таңдайды. Оқушылар қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, жоспарланған кезеңдерге сәйкес сәндік бұйымды өңдеудің соңғы операциясын орындайды.

Мұғалім жұмыс орнының ұйымдастырылуын, қауіпсіздік техникасының сақталуын, орындау тәсілі мен өңдеу сапасын тексере отырып, мақсатты аралау, оқушылармен жеке нұсқаулық жүргізеді. Тәжірибелік жұмыс соңында оқушылар жұмыс орнын жинайды.

Тапсырма дескрипторлары:

 - бұйым жасауда соңғы операциялар орындалған;

 - бұйым интерьерге орналастыру үшін безендірілген;

 - өңделуінде кемшіліктер жоқ;

 - қауіпсіздік техникасы ережелері сақталған.

Сәндік бұйымды безендіру және соңғы өңдеу тәсілдерінің суреттері/таныстырылымы

Интерьерге арналған сәндік бұйым жасауға арналған материалдар мен құралдар.

Сабақ соңы

8-10 минут

2 минут

Жұмысты бағалау.

 Оқушылармен дайын жұмысты бағалау критерийлерін талқылаңыз.

 Жұмыстарды қарастыру, оларды талқылау және критерий бойынша бағалауды тапсырыңыз.

 Рефлексия: «Рефлексивті экран»

 Оқушыларға рефлексивті экрандағы сөйлемнің басталуын таңдай отырып, бір сөйлеммен шеңбер бойымен пікірін айтуды ұсыныңыз:

  • Мен бүгін … білдім.
  • Маған … қызықты болды.
  • Маған … қиын болды.
  • Мен ... тапсырманы орындадым.
  • Мен ... екендігін түсіндім.
  • Енді мен… жасай аламын.
  • Мен ... сезіндім.
  • Мен … білдім.
  • Мен…үйрендім.
  • Менің қолымнан ... жасау келді.
  • Мен…жасадым.
  • Мен…тырысып көремін.
  • Мені… таңқалдырды.
  • Мен сабақтан өмірге қажетті ... алдым.
  • Мен …жасағым келеді.

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктеуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау шығармашылық жұмысқа материал таңдау кезінде көрінеді.

Өзара бағалау,

өзін-өзі бағалау

Кабинетте жалпы ережені сақтау. Кесетін-тесетін құралдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу