Интерьерге арналған сәнді бұйымдар (2D/3D форматта). Құрал-жабдықтар мен материалдарды дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


 Сұрақтарға жауап беріңдер:

 - Материал таңдауға қандай факторлар әсер етті?

  • Таңдалған материал өңдеу барысында өзін қалай көрсетеді, яғни бұйым жасау процесін жеңілдете ме, қиындата ма?
  • Бұйым бөліктері/бөлшектері/элементтері қандай тәсілмен біріктіріледі?

Тәжірибелік жұмыс: материалдарды жіктеу.

Сәндік заттардың атауы немесе суреті бар карточкалар таңдаңдар, сыныптастарыңмен топтарға бірігіңдер.

 Топта сәндік затқа арналған материалдарды орналастырып қою, олардың қандай белгілері бойынша орналасқанын анықтаңдар, топтастыру схемасын құрыңдар.

 Интерьердегі сәндік бұйымға арналған материалдарды жіктеу схемасының үлгісі

 

 

 

 Сұрақтарға жауап беріңдер:

 - Тұрғын үй интерьерін сәндеу үшін оларды таңдай отырып, материалдың қандай қасиеттерін ескеру қажет?

 - Интерьерді сәндеуге материалдың эстетикалық қасиеті қалай тиімді қолданылуы мүмкін?

 

 Тәжірибелік жұмыс: материалдар мен құралдарды дайындау.

 Бұйым дайындау кезеңдерін құрыңдар, бұйымның негізіне арналған материалдың қай кезеңде қолданылатынын, бөлшектерді біріктіру, сәндеу, сонымен бірге дайындау барысында құрал-жабдықтарды қолдану реттілігін анықтаңдар.

 Кестені толтырыңдар.

 

 Сәндік бұйымды дайындау реттілігі

№ р/с

Реттілігі /кезеңі

Материалы (атауы, саны, түсі)

Құрал-жабдықтар

1

2

3

4

 

Өңдеу барысында материалдың қасиетін анықтап, техника қауіпсіздігін сақтай отырып, бөлшектерді белгілеуді, таңдалған материалдан бұйым бөліктерін немесе элементтерін дайындауды бастаңдар.

 

 Тапсырманың дескрипторлары:

 - таңдалған техникада бұйым дайындау кезеңдері анықталған;

 - бұйымды дайындау кезіндегі материалды қолдану реттілігі көрсетілген;

 - бұйымды дайындау кезеңдеріне арналған құрал-жабдықтар таңдалған;

 - бұйым бөлігі/бөлшегі/элементін белгілеу орындалған.

 

 

 Рефлексия

Кестені толтырыңдар. «П» - «плюс» графасына сабақта ұнағанның барлығы жазылады, ақпараттар мен жұмыс формалары. «М» - «минус» графасына не ұнамағаны жазылады, оқушы көзқарасы бойынша оған қажет емес ақпараттар. «Қ» - «қызықты» бөліміне сабақтағы қызықты жағдайларды, тағы нені білгісі келетінін және мұғалімге сұрағын жазады.

 

 

 Плюс

 Минус

 Қызықты

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу