Интерьерге арналған сәнді бұйымдар (2D/3D форматта). Бұйымдарға нобайлар дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.
4 Бөлім. Үй мәдениеті
Сабақ тақырыбы: Интерьерге арналған сәнді бұйымдар (2D/3D форматта). Бұйымдарға нобайлар дайындау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
8.1.6.2 бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолданылуын түсіне отырып өздігінен таңдау;8.1.6.4 шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен өнер материалдарын өз бетінше анықтау, таңдау және біріктіру.
Сабақ мақсаты: Сәндік бұйым дайындауға арналған материалдарды таңдап алу. Интерьерге арналған сәндік бұйым эскизін салу. Оны жасау үшін техника таңдау.
Сабақ барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, көңіл аударуын ұйымдастыру, сыныпта қолайлы атмосфера қалыптастыру.
2. Тірек білімдерін өзектілендіру.
Оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:
- Интерьердегі сәндік бұйымның қандай түрлерін білесіңдер?
- Сіз қандай сәндік бұйымды таңдар едіңіз? Неліктен?
Сәндік бұйымның әртүрлілігі туралы қорытындыға және оны таңдау бойынша пікірін айтуға жетелеңіз.
3 Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысу:
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз, олармен бірге бағалау критерийлерін талқылаңыз.
4 Таныстырылымдар/суреттер арқылы интерьер стилінің ерекшеліктерін түсіндіру. Интерьер стилі туралы таныстырылым немесе суреттер дайындаңыз.
(Интернет ресурстары https://say-hi.me/dizajn-interera/samoe-polnoe-rukovodstvo-po-stilyam-v-interere.html Интерьер стилі бойынша толық нұсқаулық; http://mydesigngroup.ru/elementy-dekora/ Заманауи интерьердегі сәндік элементтер –дизайнның көрнекті идеяларының 100 фотосуреттері).
Оқушыларға Ежелгі Египеттің ең алғашқы архитектуралық ескерткіштер пайда болған әлемдегі бірінші мемлекет екендігін және олардың тұрмысы безендіру мен көңіл аударудың негізі болғандығын түсіндіріңіз.
Ежелгі египет, ежелгі грек, ежелгі римдіктердің тұрғын үйлерінің ішкі жабдығын айнытпай жаңадан жасау біршама күрделі. Ежелгі египеттіктердің ерекше бай мәдениеті туралы олардың жойылып бара жатқан мәдениеті арқылы белеміз.
Бізге жеткен ғимараттардың үлкен бөлігі – жерлеу құрылыстары – танымал пирамидалар. Онда олардың тұрмыстық заттары мен жабдықтары сақталған, олар перғауындар мен белгілі басшы адамдарға арналып салынған, сондықтан біз ең бірінші «сарай» интерьері туралы айта аламыз.
Стиль – бұл ерекшеліктер жиынтығы, мәнерлеу тәсілдерінің бірлігі.
Интерьер стильдерінің көптеген түрлері бар, соның ішінде негізгі үш тобы: тарихи, заманауи және этникалық.
Авангард – классикалық стильге кереғар. Бұл стильде түске ерекше көңіл аударылады.
Антикалық стильдің басты ерекшелігі – бұл үлкен бос кеңістік, бағандар, қымбат материалдардың қолданылуы (мрамор, қола, тас).
Модерн стиліндегі негізгі принцип – сәндік түрі мен ою-өрнек сызықтарының имектілігінен динамикалық тепе-теңдік пен сән формасы көрінеді. Интерьер жасаудағы маңызды нәрсе металл құрылысындағы элементтердің бірігуі (суреттер ғажайыбымен).
1952 жылы Лондонның бірнеше суретшілері мен сәулетшілері жаңа көркемдік бағыт ойлап тапты. Элиталық топтарға арналған дәстүрлі өнерге кереғар – олар Америкаға тән бұқаралық, арзаншылық, демократиялық бағытқа бет бұрды.
1950 жылдың ортасында көңілді, қарсылық, мысқылшыл (ирониялық) өнер поп-арт («рор» - жарылыс) бүкіл әлемде тарала бастады. Бағыттың негізгі идеологы - Марилин Монро портретінің авторы, американдық Энди Уорхол болып саналады.
Көркемділікті көру, өнерді тұтынушыға жақындату – жаңашыл бағыттың ұраны болды. Жастарға арналған стильді қолдаушылар қысқа мерзімді, қалдық материалдарды: қағаз, ыдыс, қатпаркартон, ПВХ қолданған; қоқыс пен қалдықтардан жиренген жоқ.
Интерьердегі поп-арт дизайн ережелеріне бағынбайды, сондықтан жасанды түрде құрылған қабырға, еден мен төбелердің шекаралары «бұлыңғыр» болып келеді және таңдалған сурет бойынша шағын бөлменің стилі егжей-тегжейлі жинақталады.
Негізгі түс ақ, бірақ бірнеше ашық кереғар реңктер үйлесімімен қолданылады.
Интерьер заттары мен әртүрлі ұсақ-түйектерге үлкен мән беріледі.
Олардың арқасында поп-арттың толық тұжырымдамасын құруға болады, неғұрлым ерекше және арандатушы, соғұрлым жақсырақ.
Көрнекті суреттердің көптігі, әдемі шамдар, ерекше вазалар және классикалық дизайнның үлгілері мен шаблонына сай келмейтін барлық нәрселер осы стильді жасау кезінде бірегей аккорд болады.
Әртүрлі мәдениеттер, дәстүрлер мен технологиялардың әсері мен өзара әрекеттесуінің нәтижесінде заманауи фьюжн стилі (барлық нәрсені араластыру) барлық нәрселерді араластырып, әртүрлі заттар мен элементтер арасындағы үйлесімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жасалған интерьердің мазмұны, әрлеу материалының түсі мен формалары, жиһаз және аксессуарлар кісі тұратын кеңістікпен біртұтас тығыз байланысты.
Эклектика, эклектизм (грек тілінен ауд. «таңдау, іріктеу, сайлау») - әркелкі стильдерді біріктіру, араластыру.
Әркелкі стильдердің үздік ерекшеліктерін сіңірген интерьердегі эклектика, тұтас композициялардың құрылуына ықпал етті, онда өткен уақыттың стильдерінің бөлшектері мен заттары бір-бірімен текстурасы, түсі және архитектуралық шешімімен үйлестірілген.
5. Әңгімелеу
Таныстырылымды көргеннен кейін, оқушылардан мұғалім ұсынбаған интерьер стильдерін атауларын және олардың ерекшеліктерін сипаттап, келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:
- Интерьердегі сәндік бұйымдардың рөлі қандай?
- Балалар бөлмесінің интерьерінде қандай бөлшектер назар аудартуы мүмкін?
Интерьер дизайнында сәндік заттардың маңызды рөл атқаратындығына, оның ерекшелігіне назар аудартып, кез-келген стильге керемет қосымша ретінде қызмет етеді деген қорытындыға жетелеңіз.
Сәндік элементтерді ескермеу интерьерде солғындық пен сүреңсіздікті тудыруы мүмкін, ал олардың шамадан тыс қолданылуы кеңістікте ретсіздік сезімін тудырады.
Сонымен қатар, үйге арналған сәндік элементтер көп орын алмайды, олар мобильді, олардың көмегімен үй-жай стилін жиі жаңартуға болады.
Балалар бөлмесіне сәндік заттарды таңдағанда, баланың жасын, мінезін, қызығушылығы мен хоббиін ескеру керек.
6. Топтық тәжірибелік жұмыс
Қонақ бөлме интерьері стильдерінің атауларымен карточкалар дайындаңыз, мысалы, хай-тек, этникалық немесе түсіндіру кезінде көрсетілетін интерьер атаулары.
Оқушылар қонақбөлме интерьерінің стилі бейнеленген карточкаларды таңдап, топтарға бірігеді.
1-нұсқа. Берілген қонақбөлме стиліне арналған сәндік элементтерді (тоқыма бұйымдар, ыдыстар, бейнелеу өнері заттары, аква және фито-дизайн элементтері, басқа сәндік элементтер) таңдауды, ұсыныстарын негіздей отырып, топта талқылау немесе жазуды, сыныпқа таныстыруды ұсыныңыз.
Интерьердегі сәндік элементтер үлгілері:
1) тоқыма бұйымдар: сәндік жастықтар, төсек-орын жабдығы, кесте (айқас, тығыз, таспамен, бисермен), гобелендер, кілемдер, перделер, тюль, ламбрекендер (терезенің сәндік элементтері), жылы орамал (плед), жапқыш, орындық тысқабы, дастарқан, диван жастықтары, майлықтар, балдахин;
2) ыдыстар: қабырға тәрелкелері; сәндік бөтелкелер, подностар, сервиздер, вазалар, керамикалар.3) бейнелеу өнері бұйымдары: картиналар (суреттер, графика); фотосуреттер; сәндік паннолар; коллаждар;
4) аква және фито-дизайн элементтері: шағын су қоймасы, сарқырама, субұрқақ, аквариум, бөлме өсімдіктері, тірі немесе жасанды гүлдерден жасалған композициялар, икебана, кашпо және қыш құмыралар.
5) өзге де сәндік элементтер: интерьерлік ойыншықтар (тігілген, тоқылған, жүннен басылған, фарфор); шамдал (шам қойғыш) мен майшам; қапталған элементтер; шыбықтан тоқылған бұйымдар; винильді жапсырмалар; интерьер маскалары; мүсін; перде; гипстен және полиуретаннан жапсырылып мәнерленген; витраждар; жарықтандыру аспаптары; мүсінше және кәдесыйлар; оригами; сағат; айналар; қобдишалар; сандықтар.
Оқушыларға өз идеяларын сыныптастарымен талқылауды ұсыныңыз.
2-нұсқа. Топ мүшелеріне сәндік элементтерді орналастыру арқылы таңдалған стильге сәйкес постерде қонақ бөлмесін жасақтауды ұсыныңыз.
Оқушыларға сыныптастарына постерлерін таныстыруды ұсыныңыз.
7. Тәжірибелік жұмыс. Ағымдық нұсқаулық.
Оқушылармен тапсырма дескрипторларын талқылаңыз. Оқушылардың бұл тапсырманы жеке, жұппен немесе топпен орындауына болады.
Шығармашылық жұмысты орындауға 4 сабақ берілгенін ескертіңіз. Сондықтан бұйымның күрделілігін ескеру қажет.
Материалдарды таңдау үшін, экономикалық және экологиялық жағын ескере отырып, қалдық материалдарды пайдаланған қолайлы.
Handmade стиліндегі әшекейлер кеңінен таралған. Оларды жасау үшін көптеген техникалар, идеялар мен материалдар нұсқалары бар.
Ескі заттарды өңдеп, интерьердің әдемі бұйымына айналдыру кеңінен таралуда. Тіпті өз қолымен жасалған рамамен безендірілген әдеттегі сурет те басқаша көрінеді. Шығармашылық тәсілмен бұйым арт-объектісіне айналуы мүмкін.
Егер оқушылар сәндік элементтерді кеңістікте орналастыру барысында қиындықтар туындайтын болса, бөлме сызбанұсқасын дайындаңыз. Интерьердегі заттардың орналасуы, түстері, пішінінің үйлесімді кірігуінің маңыздылығын ескертіңіз.
Сурет салу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін оқушыларға сәндік заттардың суреттері мен фотосуреттерін қолдануды, оларға өз идеясына сәйкес өзгертулер енгізуді, олардың материалдарының атаулары мен түстерін және т.б. көрсетуді тапсырыңыз.
8. Нобайды таныстыру. Өзара бағалау
Оқушылар өздерінің эскиздерін таныстырады, шығармашылық идеяларын, материал таңдау және жасау техникасын талқылайды, сыныптастарының жұмысына түсініктеме береді, сыныптастарының ұсыныстары бойынша немесе өз идеясын жетілдіру мақсатында эскиздеріне өзгерістер енгізеді.
9. Рефлексия
Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
- Мен осы сабақтан не түсіндім?
- Қандай сұрақтар түсініксіз болды?
- Мен нені білуім керек?
10. Үй тапсырмасы
Оқушыларға сәндік бұйым жасауға арналған материалдар мен құралдардың тізімін жасауды және оларды келесі сабаққа әкелуді тапсырыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?