Халықтық пішім негізінде бұйым дайындау (Адам денебітімінен өлшем алу. Иықты бұйым сызбасын сызу). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


4 Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Халықтық пішім негізінде бұйым дайындау (Адам денебітімінен өлшем алу. Иықты бұйым сызбасын сызу)

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.5.2 - Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып, графикалық және технологиялық құжаттар дайындау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • иық бұйымын дайындау үшін өлшем алу ережелерімен танысады;
  • қажетті өлшемдерді алады;
  • таңдаған материалдарын, тәжірибелік жұмыста қажетті құрал-жабдықтарды қолданады;
  • масштабта бұйымның графикалық сызбасын сызады.

Жетістік критерийлері

- өлшем алу ережесінің ерекшелігін түсінеді;

- тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады;

- қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша арнайы терминологияны қолдануларына болады.

Оқушылар алған ақпараттарын талдап, қажеттілігіне қарай қорытынды жасайды.

Пәнге тән лексика және терминология:

Дизайндық нұсқау: идея қалыптастыру,

стиль, халықтық пішім, пішім …

Сұрақтар: этикалық, табиғи немесе жасанды былғары немесе теріні тігін бұйымдарына қолдану және үлгілерді зерттеумен байланысты.

Өнеркәсіптік жұмыстың кәсіби маманы.

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Біз мұндай материалдар қолданылған киім бұйымдары, өзекті болады деп болжаймыз, өйткені ...

Біздің идеямыз жаңартпашыл болып табылады, өткені біз жаңа матаны дәстүрлі матамен үйлестіреміз.

Мұндай материал түрін қолдану, бізге ... түсінуге көмектеседі.

 Құндылықтарды дарыту

 

  • оқушылар арасындағы өзара құрмет, ынтымақтастыққа;
  • өз отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • азаматтық жауапкершілікке және патриоттық сезімге баулу;
  • топта жұмыс жасау арқылы адалдыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер.

Бастапқы білім

Бұл үшінші тоқсанның төртінші сабағы, оқушылар ұлттық киімнің әртүрлі түрлері және стильдерімен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

2-3 минут

.

1 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;
  • «Жина» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін жағдай жасайды.

Оқушылар белгілі бір сөз немесе сөйлем құраулары тиіс (мұғалім ұсынған әріптер немесе сөздер бейнеленген карточкалардан).

  • Мақсатты тұжырымдау

 Мұғалім сынып тақтасына оқушылардың карточкадан құраған сөздерінен сабақ тақырыбын бекітеді. Оқушылар тақырып жанына жазылған сабақ мақсатын қарастырады және оның мәнін түсіндіреді.

Электронды презентация

1 слайд

Сабақтың ортасы

2-3 минут

2-3 минут

10-15 минут

2-3 минут

7-10 минут

  • минут
  • Миға шабуыл

Оқушылардың кез келген тәсілмен бірнеше топтарға бірігуі қажет. Әр топқа тігін бұйымын тігуге қажетті өлшем алу үшін адам денебітімінің ерекшеліктері туралы жалпы мәтіндік ақпарат салынған конверт ұсынылады:

 Әйелдер денебітімінің типтері:

  • Құм сағат – кеуде мен мықын көлемі жағынан бірдей, белі жіңішке.
  • Төртбұрыш (банан) – кеуде, белі мен мықын көлемі жағынан бірдей, іші аздап шығыңқы.
  • Үшбұрыш (алмұрт) – кеуде көлемі жағынан шағын, мықыны жуан.
  • Төңкерілген үшбұрыш – үлкен иықты, белі жіңішке, мықыны шағын.
  • Сопақша (алма) – кеуде мен мықын көлемі жағынан шағын, арқасы мен белінде майлы қабат қалыптасқан.
  • Ромб – кеуде мен мықын көлемі жағынан шағын, белі жуан, бүйірінен майлы қабаты бар.

Ерлер денебітімінің типтері:

  • Трапеция – кең иықты және мықыны аздап жіңішке.
  • Төртбұрыш – кеуде бөлігі, белі мен мықынының көлемі жағынан бірдей.
  • Үшбұрыш – иығы шағын, белі мен бөксесі жуан.
  • Төңкерілген үшбұрыш – кең иықты, белі мен бөксесі шағын.
  • Сопақша – иығы шағын, бөксесі өте кең емес.

Әрбір топ жұмыс кезінде танысқан жалпы жаңа ақпараттарын сыныптағы басқа топтарға таныстырады.

  • Шығармашылық жұмыс

 Тігін бұйымдарын тігу үшін оқушылар өз денебітімінің ерекшеліктерін білуі тиіс. Бұл үшін қажетті әртүрлі визуалды суреттерді зерделеу қажет, өз денебітімдерінің типін анықтауға түрлі сайттарды пайдалануға болады. Оқушылар мұғалім ұсынған ақпараттық суреттерді қарастырады немесе «Пропорция калькуляторы» сайтын пайдаланады. Ол кеуде, бел, бөксе айналымының параметрі бойынша денебітім түрін анықтауға көмектеседі.

Оқушылар мұғалімнің көмегімен қажетті өлшемдерді алып, калькулятор жиегіне сәйкес енгізіп, өз денебітімінің түрін біледі.

  • Жаңа ақпарат. Иықты киімдерді тігуге арналған өлшем алу тәсілдері.

Өлшем дененің оң жағынан сантиметрлік таспамен алынады, алдымен айналым өлшемдері, одан соң ұзындық өлшемдері өлшенеді.

 Жеңі тұтаспішімді бұйым сызбасын сызу үшін өлшемдер мен конструктивті қосымшалар қажет. Жеңі тұтаспішімді бұйым сызбасының құрылымына, иық айналымына (Қ и.а) және жартылай мықын айналымына (Қм) қосымша беріледі.

 Сызба қажетті өлшемдерді, белгілі бір графикалық құрылым реттілігінің есептеу формуласын қолдана отырып, сызылады.

 Сызба тік бұрыш сызудан басталады, сонан соң оның жан жағынан конструктивті кесіндіге сәйкес ұзындығы мен енін анықтайтын, жеке денебітімнің өлшемдері белгіленеді. Сызба конструкциясының барлығы тігіске және етек бүктемесіне қосымшасыз сызылады.

 

Өлшем атауы

Өлшемнің белгіленуі

Өлшемнің қолданылуы

Өлшем алу ережесі

1. Мойынның жарты айналымы

ЖМойа

Мойын ойындысы мөлшерін анықтау

Мойын негізі мен жетінші мойын омыртқа және алдыңғы тамақ ойындысы арқылы

2. Кеуденің бірінші жарты айналымы

ЖКаІ

Бұйым енін және бүкпе ендігін анықтау

Артқы жағынан жауырынның астын ала, қолтықтың астымен, ал алдыңғы жағынан кеуде безі үстімен

3. Кеуденің екінші жарты айналымы

ЖКаІІ

Бұйымның енін, көйлек өлшемін анықтау

Артқы жағынан ЖКаІ өлшеміне ұқсас, ал алдыңғы жағынан кеуде безінің шығыңқы нүктесі тұсынан

4. Белдің жарты айналымы

ЖБа

Бұйымның бел тұсының енін анықтау

Бел бойымен көлденеңінен белдің ең жіңішке жерінен өлшенеді

5. Мықынның жарты айналымы

ЖМа

Бұйымның мықын сызығы бойынша енін анықтау

Бөксенің томпақ нүктелері деңгейімен көлденең, іштің ең шығыңқы жерімен өлшенеді

6. Кеуде биіктігі

Кб

Кеуде бүкпесінің ұзындығын анықтау

Алдыңғы жағынан мойынның иық ылдиы бойымен кеуде безінің шығыңқы нүктесіне дейін

7. Алдыңғы бойдың бел сызығына дейінгі ұзындығы

Албұ

Алдыңғы бойдың жоғары нүктесінен бел сызығына дейінгі ұзындығын анықтау

Кб ұқсас өлшенеді, бірақ бел сызығына дейін

8. Артқы бойдың бел сызығына дейінгі ұзындығы

Арбұ

Бел сызығының орнын анықтау

Артқы жағынан мойынның иық ылдиы бойымен бел сызығына дейін

9. Артқы бой ені

ЖАрбе

Арқа енін анықтау

Жауырынды бойлай, қолтық асты шұңқыры бұрыштары аралығы

10. Иық ені

Ие

Бұйымның иық енін анықтау

Мойын мен иық қиылысының басталған жерінен иықтың шеткі нүктесіне дейінгі аралық

11. Бұйым ұзындығы

Бұ

Бұйым ұзындығын анықтау

Мойынның басталған тұсы жобаланған иық тігісінен қалаған ұзындыққа дейін, бұл кезде омыртқаның иілуін де есепке алу керек

12. Жең ұзындығы

Жұ

Жең ұзындығын анықтау

Иық нүктесінен аздап бүгілген шынтақ арқылы қалаған ұзындыққа дейін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Шығармашылық жұмыс (қосымша)

 Өлшемді анықтайтын әртүрлі кестелер болады. Оқушылар мұғалім ұсынған киім өлшемдері кестесімен танысып, өзінің иықты киімінің өлшемін анықтауы қажет.

Ары қарай – оқушылар қажетті өлшемдерді алады, мойын, мықын, қол, артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы өлшемдерін жазады.

7. Тәжірибелік жұмыс

 1 кезең.

 Оқушылар жеңі тұтаспішімді иықты бұйымның сызбасын сызу кестесімен танысады және кестеге өз денебітімінен алынған өлшемдерді, есептеу формулалары мен өлшем көрсеткіштерін енгізеді.

 Қажеттілігіне қарай мұғалім сызба сызу реттілігін: сызба торы, мойын, кеуде, бүйір, етек сызықтарын көрсетеді.

2 кезең.

Иық бұйымын М1:4 масштабта орындайды, мұғалімнің көрсетуімен бірге немесе кесте бойынша өздігімен.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға иықты бұйым сызбасын өз өлшеміне сәйкес, шынайы өлшемде сызып келуді ұсынуға болады.

  • Бағалау

Өзіндік бағалау: Оқушылар өз жұмысын ерекшеліктерін түсіндіре отырып, бір-біріне көрсетеді.

Электронды презентация 2слайд

Иықты бұйым құрылымы: https://www.youtube .com/watch?v=lgqSBDll9Y

Жеңі тұтаспішімді иықты бұйым негізіндегі сызба құрылымы https://www.youtube .com/watch?v=chp_ 2R_uxJo

Сайт «Калькулятор» -

https://beregifiguru.ru/%D0%9A%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BA%D1%83%D0%BB%D1%8F%D1%82%D0%BE%D1%80%D1%8B/%D0%A2%D0%B8%D0%BF-%D1%84%D0%B8%D0%B3%D1%83%D1%80%D1%8B

Қосымша

Қосымша

Қосымша

Сабақ соңы

1-2 минут

Рефлексия

Оқушыларға қол шапалақтау ұсынылады, егер оларға сабақ ұнаса, шапалақ қаттырақ шығады, онда сабақтың қызықты болғаны.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмысқа қабілеті жоғары оқушылар басшылық жасайды. Топ ішінде рөлді бөліп беру ұсынылады.

Өзін өзі бағалау, өзара бағалау, топта бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Үзілісте сыныптың ауасын тазартып, желдетіп алу, сонымен қатар – әртүрлі көркемдік материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1 қосымша

Әйел өлшемдері 

Өлшем 

Кеуде (см) 

Бел (см) 

Мықын (см) 

40

78-82

58-62

84-88

42

82-86

62-66

88-92

44

86-90

66-70

92-96

46

90-94

70-74

96-100

48

94-98

74-78

100-104

50

98-102

78-82

104-108

52

102-106

82-86

108-112

54

106-110

86-90

112-116

56

110-114

90-94

116-120

58

114-118

94-98

120-124

Ерлер өлшемі 

Өлшем 

Кеуде (см) 

Бел (см) 

Мықын (см) 

44

86-90

74-78

94-97

46

90-94

78-82

97-100

48

94-98

82-86

100-103

50

98-102

86-90

103-106

52

102-106

92-94

106-109

54

106-110

96-100

109-112

56

110-114

106-110

112-115

58

114-118

110-114

115-118

60

118-122

114-118

118-121

62

122-126

118-122

121-124



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу