Материалдар мен құрал-жабдықтар дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.
«Көркем еңбек» пәнінің қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Материалдар мен құрал-жабдықтар дайындау | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.6.3 табиғи және жасанды тері мен былғарының түрлері мен қасиеттерін анықтау, салыстыру және зерделеу;8.2.2.1 тігін машинасына қажетті құрылғыларды (түймелікті өңдеу, сыдырманы қондырып тігу) таңдау және қолдану;8.2.6.2 құрал-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу туралы ескертпе парағын құру | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||
Жетістік критерийлері | - материалдардың қасиеті мен түрінің ерекшелігін түсінеді; - тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады; - қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша арнайы терминологияны қолдануларына болады. Оқушылар алған ақпараттарын талдап, қажеттілігіне қарай қорытынды жасайды. Пәнге тән лексика және терминология: Дизайндық нұсқау: идея қалыптастыру, стиль, халықтық пішім, пішім … Сұрақтар: этикалық, табиғи немесе жасанды былғары немесе теріні тігін бұйымдарына қолдану және үлгілерді зерттеумен байланысты. Өнеркәсіптік жұмыстың кәсіби маманы. Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Біз мұндай материалдар қолданылған киім бұйымдары, өзекті болады деп болжаймыз, өйткені ... Біздің идеямыз жаңартпашыл болып табылады, өткені біз жаңа матаны дәстүрлі матамен үйлестіреміз. Мұндай материал түрін қолдану, бізге ... түсінуге көмектеседі. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер. | ||||||||||
Бастапқы білім | Бұл үшінші тоқсанның үшінші сабағы, оқушылар ұлттық киімнің әртүрлі түрлері және стильдерімен таныс. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басталуы 2-3 минут 2-3 минут | 1. Ұйымдастыру кезеңі: - мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды; - «Сипатта» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін жағдай жасайды. Оқушылар еркін немесе кез келген таңдау жасау арқылы топтарға бірігеді. Мұғалім оқушылардан шеңбер жасап тұруды сұрайды, музыка қосылғанда оқушылар бір-біріне қарай еркін қозғалады. Музыка тоқтағанда бір біріне жақын тұрған оқушылар жұптасады. Оқушылар тапсырманы жұптасып орындау, суретті сипаттау кезінде бір-біріне көмектесудің, топта жұмыс жасау, сабақта өзара көмек пен қолдаудың маңыздылығын түсінеді. Жұптасқан оқушылар кабинетте орналасып, тапсырманы орындайды: оқушылардың бірі суретте бейнеленген кеудешені сипаттап айтады, екіншісі – альбомға немесе қағаз парағына графикалық жылдам нобай орындайды. Берілген уақыт өткен соң мұғалім оқушыларға дайын сурет пен графикалық нобайды салыстыруды тапсырады. Мұғалім екі суреттің қалай ұқсас болып шыққанына, оқушылардың арасында жұптасқан жұмыстың артықшылығына және сыныпта жүргізілетін жұмыспен ұқсас болуы, оқушылар бірлесіп жұмыс жасағанда жұмыстың көңілді және сапалы жүретініне оқушылардың назарын аударады. 2. Мақсатты тұжырымдау. Мұғалім тігін жабдықтары бейнеленген әртүрлі суреттер, сонымен бірге тоқыма материалдар, тері мен былғары үлгілері ілінген сынып тақтасына оқушылардың назарын аудартады. Оқушылар сынып тақтасында орналасқан суреттер мен бұйымдардың қандай ортақ ұқсастығы барын қарастырып, талқылайды. Бірлескен талқылауда сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтайды. | Электронды презентация 1слайд Музыкалық қазақтың ұлттық композициясы. Кеудеше бейнеленген карточкалар, графикалық материалдар және нобай салуға арналған альбом. 1 қосымша 2 қосымша. Әртүрлі тігін жабдықтарының түрлері бейнеленген суреттер, сонымен қатар тоқыма материалдар, былғары мен тері. | |||||||||
Сабақтың ортасы 2-3 минут. 3-5 минут 3-4 минут 2-3 минут 10-15 минут 1-2 минут | 3. Бірлескен әңгіме. Сұрақтармен жұмыс. Оқушылар алдыңғы сабақтағыдай жұп құрамымен мұғалімнің ұсынған әртүрлі әшекейлеу түрімен, табиғи және жасанды тері және былғарымен өңделген қазақтың ұлттық қамзолының суреті мен үлгісін қарастыра отырып, келесі сұрақтарды талқылайды:
Бұл жұмыстың түрі екі кезеңнен тұрады: 1 кезең Оқушылар өткен сабақта орындаған өз эскиздерін қарастырып, жобалық бұйымды дайындау және сәндеу үшін қандай материалдарды қолдануға болатынын ойластыруы қажет. Ары қарай – жобалық бұйымды жасау, өңдеу, сәндеу үшін материал таңдауы қажет.
2 кезең Әртүрлі материалдардың функционалдық ерекшелігі мен қасиетін ескере отырып, алдыңғы сабақта дайындаған өз эскиздеріне қажетті өзгерістер енгізу.
1 кезең Оқушылар тері мен былғары материалдарымен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерімен, арнайы құралдар туралы жаңа ақпаратпен танысады. Тапсырма: оқушылар мұғалім ұсынған кестені қарастырып, тері және былғарымен жұмыс істеу реттілігін анықтайды. 2 кезең Мұғалім тігін машинасының құрылғыларын көрсетеді (тігіске арналған магнитті шектеуіш, сыдырманы қосып тігуге арналған табан, тілік түймелікті торлауға арналған табан) http://tehnika.expert/dlya-chistoty-i-poryadka/shveinaya-mashina/lapki.htme#i/
Оқушылар бірлескен әңгімеде материалдар мен құрал-жабдықтарды жұмысқа қолданудың әртүрлі тәсілдері мен функциональдық ерекшеліктерін ескере отырып, құралдармен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін құрады.
1 кезең Оқушылар тігін машинасының құрылғыларын қолданып, жаттығу орындау үшін (таңдау бойынша) кез келген әдіспен топтарға бірігеді. Әр топқа тігін машинасы құрылғысының түрі мен материал түрін таңдау ұсынылады. 2 кезең Оқушылар топта ұсынылған ақпаратқа сәйкес қосарлы тігіс немесе торлау тігімін орындайды. (4 қосымша).
Өзіндік бағалау. Оқушылар бір-біріне жұмыстарын көрсетіп, суреттің ерекшеліктеріне түсініктеме береді. Оқушылар бір-біріне жұмысты жетілдіру жолдарын ұсына отырып, ауызша түсінік береді. | Электронды презентация 2 слайд Электронды презентация 3 слайд Оқушылардың шығармашылық эскиздері 3 қосымша Тігін машинасының әртүрлі құрылғылары туралы ақпараттар бар сайт: http://tehnika.expert/dlya-chistoty-i-poryadka/shvejnaya-mashina/lapki.html#i мата, тері және былғары үлгілері, тігін машинасының әртүрлі құрылғылары, қажетті құралдар. 4 қосымша Қосарлы тігіс: http://blog.t-stile.info/kak-shit-dvojnym-shvom | |||||||||
Сабақтың соңы 1-2 минут | Рефлексия Оқушыларға қол шапалақтау ұсынылады, егер оларға сабақ ұнаса, шапалақ қаттырақ шығады, онда сабақтың қызықты болғаны. | ||||||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Топта жұмысқа қабілеті жоғары оқушылар басшылық жасайды. Топ ішінде рөлді бөліп беру ұсынылады. | Өзін өзі бағалау, өзара бағалау, топта бағалау, мұғалімнің бағалауы.
| Үзілісте сыныптың ауасын тазартып, желдетіп алу, сонымен қатар – әртүрлі көркемдік материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды