Этностильдегі бұйымды сәндеу (бас киім, кеудеше). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.
№7 Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Дизайн және технология | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Этностильдегі бұйымды сәндеу (бас киім, кеудеше). | |||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану; 8.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау; 8.2.6.1-Қауіпсіздік ережелерінің маңызы мен сақтық шараларын сақтауды жариялау арқылы материалдар мен жұмыс құралдарын пайдалану. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - өз жұмысында, оны сәндеу (бас киім, кеудеше) кезінде қазақ ұлттық мәдениетінің әртүрлі элементтерін пайдаланады; - өзінің және сыныптастарының жұмыстарында қолданылған идеялар мен тәсілдерді талдап, бағалайды; - әртүрлі құралдар және материалдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техника ережелерін сақтайды. | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - бұйымды сәндеу кезінде әртүрлі ұлттық ою-өрнектер мен мотивтерді шығармашылықпен қолданады; - өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын жетілдіру бойынша дәлелді ұсыныс айтады; - әртүрлі құралдар мен материалдарды қолдану кезінде жұмыста қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. | |||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар сабақ тақырыбына сәйкес арнайы терминологияны қолдана алады. Оқушылар алған мәліметті талдап, қажетті қорытынды жасайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: - ұлттық киім, пішім, этностиль; - біріктіру және шет тігістері; - түрлі халықтың ұлттық костюмінің ерекшеліктері туралы пәндік терминологияны қолдана отырып … Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Сәндік-қолданбалы өнерде суреттеу құралдарына … жатады. Қазақ ұлттық костюмі түрлерінің өзгелерден айырмашылығы … Оның ерекшелігін … анықтауға болады. | |||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі мен әдебиеті Қазақстан тарихы | |||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Бұл екінші тоқсанның жетінші сабағы, оқушылардың әртүрлі құралдар, материалдар және тігін жабдықтарымен тәжірибелік жұмыс істеу дағдысы бар, жобалық бұйым жасауды бітіруге жақын, сәндеу және әрлеу кезеңі қалды. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 1 мин. 1 мин. 1 мин. |
«Кім жылдам?» ойыны (1-қосымша) Оқушылар алдыңғы сабақтағы топ құрамымен жұмыс жасайды. Берілген уақыт ішінде әр топ жобалық бұйымды сәндеуге байланысты сөздер мен сөз тіркестерін мүмкіндігінше көбірек жазуы қажет, мысалы, сәндеу материалдары, жасау техникасы т.б. бисер, фольга, меруерт, ызба, бау, кесте, жапсырма және т.б. Әр топ кезекпен өз сөздерін айтады, қай топта сөздер көп айтылса, сол топ жеңімпаз болып саналады. Бұл ойынның парақтарын оқу бөлмесінің қабырғасына орналастыруға болады, қажет болған жағдайда оқушылар оған назар аударып, бұйымды сәндеу туралы ақпарат алады.
Оқушылар алдыңғы тапсырмада жазылған қағаздарды қарастырады, сонымен бірге тақтадағы қазақ ұлттық бас киімдері мен кеудешелерінің суреттеріне қарап, осы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Мұғалім тақтаға қажетті жазулар жазады, ал оқушылар альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазып алады. | Бор, сынып тақтасы. Әр топқа жазуға арналған жеке парақтар. Қазақтың ұлттық бас киімдері мен кеудешелерінің әртүрлі сәндеп бейнеленген фотосуреттері. | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин. 1-2 мин. 5 мин. 20 мин. 2-3 мин. |
Оқушылар сұрақтарды топта талқылауы қажет:
Әр топ оқушылары бұл жайлы өз ойларын айтады және оны сыныптастарына ұсынады.
Сәндеу (әрлеу) кезінде бұйымда әртүрлі әрлеу элементтерінің шамадан тыс көбейіп кетпеуі үшін, белгілі бір шаманы сезіну қажет.
- Суреттерде бұйымды сәндеудің (әрлеу) қандай түрлері көрсетілген (4 слайд). Бұйымды сәндеу (әрлеу) түрлері:
Топтар барлық сабақ бойындағыдай құрамда жұмыс жасайды. 1 . кезең. Бұйымды сәндеуге арналған эскиз жасау. 2. кезең. Бұйым жасауға қажетті материалдар, құралдар, жасау техникасын таңдау. 3. кезең. Қолмен және машинамен әртүрлі әрлеу тігістерін жүргізе отырып, бұйымды өңдеу және сәндеу жұмыстарын орындау.
Талқылау алдында мұғалім оқушылармен бірге критерийлерді қарастырады. Мұғалім оны келесілерді ескере отырып, тақтаға жазады: шығармашылық жұмыстың жақсы жақтары; жобалық өнімнің жетілдірілетін жері. Оқушылар бағалау парағын толтырады (3 қосымша)
| Бұйымды сәндеудің әртүрлі нұсқалары, фотосуреттер. Бисер, жіптер – люрекс, кестелеуге арналған жіптер, ине, қайшы және т.б. Бағалау парақтары | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 1 мин. | Оқушылар өтілген сабақты бет мимикасы арқылы бағалайды: неғұрлым көбірек күлімсіреу, қызықты болғаны. | |||||||||||||||||||||||
Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктеуді жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||
Саралауда оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарды таңдауда оқушыларға жеке қолдау көрсету | Сұрақ қою тәсілі. Өзара бағалау | Физминутка және іс-әрекеттің белсенді түрі қолданылады. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?