Шығармашылық жұмысты орындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Шығармашылық жұмысты орындау» тақырыбына арналған сабақ «Сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің төртінші тақырыбы. Бұл сабақта оқушылар білу және түсіну дағдыларымен қоса қолдану дағдыларын пайдаланатын болады. Ол үшін өткен сабақта алған білімдерін қолданатын болады.

  Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын және бағалау критерийлерімен таныстырып болғаннан кейін, тәжірбиелік жұмыс орындауға арналған құрал- жабдықтар мен материалдардың түгел екеніне көз жеткізіңіз. Одан әрі оқушылардың тәжірбиелік жұмыс жасауына мүмкіндік беріңіз.

Сабақ барысы.

Оқушылармен бірге киіз басу техникасында жұмыс жасайтын дизайнерлер мен қолөнершілер жұмыстары туралы бейнетаспа көріп, қажетті ақпараттарды оқушылар өз альбомдарына жазып отыруды ұсыныңыз. Бұл әдіс арқылы оқушылардың білімдерін кеңейтуге болады. Бірнеше сұрақтар арқылы миға шабуыл жасаңыз. Әр оқушының жауаптарына мән беріңіз. Оқушыларға кезең бойынша дымқыл илеу әдісін көрсетіп түсіндіріңіз. Тәжірбиелік жұмысты бастамас бүрын оқушыларды мозаика әдісімен топқа бөліп алыңыз.

Тапсырма .Тәжірбиелік жұмыс.

Оқушыларды техникалық құжаттары мен нобайларына сүйене отырып, өз жұмыстарына тиімді материалдар мен құрал жабдықтарды пайдаланып киіз басу немесе ши тоқу техникасында тәжірбиелік жұмыс орындайтын болады. Оқушылар 2 кезең бойынша жқмыс орындайды. Дискрипторлармен таныстырыңыз. Қажет болған жағдайда оқушыларды бақылап, көмектесіңіз.

Бағалау. Кері байланыс.

Екі кезең бойынша орындалған жқмыстарын мальбертке немесе сыныптың бір бұрышына қойып, талдап, болашақта еңгізетін өзгертулер мен ұсыныстарды өз альбомдарына жазып алады.

 Қосымша ақпарат.

Интер белсенді тақта болмаған жағдайда сізге Қазақ халқының киіз басу және ши тоқу техникаларының фото суреттері мен қолда бар көрнекі бұйымдарын алдын ала дайындап алу ұсынылады. Бұл сіздің сабағыңыздың өз дәрежесінде өткізуге септігін тигізеді.

 

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері.

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 

 

 

1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  •  жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  •  қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  •  қайшыны ашық тастама;
  •  сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  •  қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  •  қайшыны керек уақытында пайдалан.

 Инемен жұмыс жасау кезінде –

  •  инені дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша қойып жаса;

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу