Сәндеу. Безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Сәндеу. Безендіру.» тақырыбына арналған сабақ «Сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің алтыншы тақырыбы. Бұл сабақта оқушылар өз шығармашылық жұмыстарының соңғы кезеңдерін орындайтын болады. Ол үшін өткен сабақта орындаған бұйымдарын сәндеу және безендіру жұмыстарын орындайды.

 Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын және бағалау критерийлерімен таныстырып болғаннан кейін, тәжірбиелік жұмыс орындауға арналған құрал- жабдықтар мен материалдардың түгел екеніне көз жеткізіңіз.

Сабақ барысы.

Оқушылармен бірге өз бұйымдарын безендіру және сәндеу туралы әңгімелесіңіз.

Оқушыларға атақты дизайнерлердің бұйымдарын көрсетіп, сқрақ жауап құрыңыз. Олардың қай стильде, түстік шешімдері және қандай әдіс тәсілдер арқылы безендіргендер туралы әңгімелесіңіз. Дизайнер жұмыстарының ерекшеліктері туралы айтыңыз.

Тапсырма .Тәжірбиелік жұмыс.

Оқушылар өткен сабақтарда орындаған өз бұйымдарына сәндеу және безендіру жұмыстарын орындайтын болады. Безендіру жұмыстарын кез- келген техникада орындай алады. Қажет болған жағдайда оқушыларды бақылап, көмектесіңіз.

Бағалау. Кері байланыс.

Кезең бойынша орындалған жұмыстарын мальбертке немесе сыныптың бір бұрышына қойып, талдап, болашақта еңгізетін өзгертулер мен ұсыныстарды өз альбомдарына жазып алады. Сабақтың соңында оқушыларға рефлексия: «Сізге осы техникамен жұмыс істеген ұнады ма?- нені үйрендім, нені білдім- не түсініксіз қалды- немен жұмыс істеу керек»- деген сияқты сұрақтар көмегімен кері байланыс алуыңызға болады.

 Қосымша ақпарат.

Интер белсенді тақта болмаған жағдайда сізге Қазақ халқының дизайнерлерінің бірнеше жұмыстарының фотосуреттерін алдын ала дайындап алу ұсынылады. Бұл сіздің сабағыңыздың өз дәрежесінде өткізуге септігін тигізеді.

 

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері.

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 

 

1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  •  жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  •  қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  •  қайшыны ашық тастама;
  •  сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  •  қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  •  қайшыны керек уақытында пайдалан.

 Инемен жұмыс жасау кезінде –

  •  инені дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша қойып жаса;

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу