Бұйымның нобайын әзірлеу. Материалдар мен құрал- жабдықтарды дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Бұйымның нобайын әзірлеу. Материалдар мен құрал- жабдықтарды дайындау» тақырыбына арналған сабақ «Сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің екінші тақырыбы. Сабақты оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға және білімдерін өзектендіруге бағытталған сұрақтар қою арқылы бастаңыз. Яғни олардың алдыңғы білімдерін тексеру және жаңа сабаққа назарларын аудару мақсатында. Тақтадан бірнеше қазақтың бұйымдарын көрсетіп, олар туралы анықтама берулерін ұсыныңыз. Бұл әдіс арқылы сабақтың тақырыбын оқушылармен бірге сыни тұрғыдан табуларына көмек береді. Осылайша сұрақ жауап әдісі арқылы сабағыңыздың тақырыбын анықтап алыңыз. Оқушылар осы сабақта қазақстан тарихы жән қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін кеңінен пайдаланатын болады. Бұл сабақтарда оқушылар тек суретін салып қана қоймай, жасалу ерекшеліктері мен айырмашылықтарын толығымен зерттейді. Бұл тақырыпты меңгергенде оқушылар:
- Киізден жасалған бұйымдардың композицияларын зерттейді;
- Киіз басу (техника ши) шығармашылық жұмысына арналған нобайды әдемі эстетикалық талаптарға сай етіп орындайды;
- Сызық, пішін және бояужаққышта түспен сараптама жұмыстарын жүргізеді.
«Бұйымның нобайын әзірлеу. Материалдар мен құрал- жабдықтарды дайындау» тақырыбына арналған сабақта: 8.1.5.2 - Түрлі графика құралдарын пайдалана отырып және бұйымдарды орындау кезектілігі мен тиімді жасау тәсілдерін анықтай отырып, графикалық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу
8.1.4.1 - Өзінің болашақ әрекетін түсіндіріп және алған білімдері мен тәжірибелерін пайдалана отырып, шығармашылық қызметін жоспарлау оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында оқушылар 3 кезеңнен тұратын тәжірбиелік жұмыстарын топта орындайтын болады. Бұл сабақта оқушылар тапсырманың 2 кезеңін орындайтын болады.
Сабақ барысы.
Оқушылармен бірге киіз басу және ши тоқу өнері туралы әңгімелесіңіз (презентация). Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында құрғақ киіз басу техникасы туралы шағын бейнетаспа көрсету ұсынылады. жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларға сұрақ- жауап (диалогтік оқыту әдісі) арқылы өткізу ұсынылады.
Тәжірбиелік жұмыс.
Оқушыларды топқа бөліп алыңыз. Әр оқушыға тақырыпқа сай түрлі суреттер қиындыларын таратып беріңіз. Әр оқушы өз суреттерінің қиындыларын құрастырып, қай оқушылармен суреттері сәйкес келтірсе сол оқушылармен бірге сол топта бірге тәжірбиелік жұмыс орындайтын болады. Оқушылар топта отырып, алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйене отырып, киіз басу немесе ши тоқу техникасына арналған нобай орындайтын болады. Нобайдың екі кезеңін орындайтын болады. Яғни, бірінші нобайын қағаз бетіне дұрыс орналастырады. Ал, екіншісі, орналастыру барысында пропорциялық заңдылықтарын сақтау қажет. Оқушылар нобай жұмыстарын өздері қалаған форматта орындауға мүмкіндік беріңіз.
Дифференциация: кейбір қиындық туғызатын оқушыларға дайын ою- өрнек үлгілерінің мысалдарын ұсынуға болады.
Бағалау. Кері байланыс.
Екі кезең бойынша орындаған жұмыстарына кері байланыс алыңыз. Кері байланысты арнайы стикерлер таратып, кездескен қиыншылықтары және оңай тұстары туралы қысқаша мәлімет береді.
Қосымша ақпарат.
Интер белсенді тақта болмаған жағдайда сізге Қазақ халқының киіз басу және ши тоқу техникаларының фото суреттері мен қолда бар көрнекі бұйымдарын алдын ала дайындап алу ұсынылады. Бұл сіздің сабағыңыздың өз дәрежесінде өткізуге септігін тигізеді.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері.
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік техникасы:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?