Бұйымның нобайын әзірлеу. Материалдар мен құрал- жабдықтарды дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


«Көркем еңбек» пәні бойынша сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 Бөлім. Сәндік-қолданбалы өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бұйымның нобайын әзірлеу. Материалдар мен құрал- жабдықтарды дайындау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.5.2 - Түрлі графика құралдарын пайдалана отырып және бұйымдарды орындау кезектілігі мен тиімді жасау тәсілдерін анықтай отырып, графикалық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу.

8.1.4.1 - Өзінің болашақ әрекетін түсіндіріп және алған білімдері мен тәжірибелерін пайдалана отырып, шығармашылық қызметін жоспарлау.

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • Білімдерді тәжірибе жүзінде іске асыру бойынша дағдыларды қалыптастырады;
  • Киізден бұйымдар жасау және ши тоқу техникалары туралы біледі;
  • Киіз басу немесе ши техникаларындағы шығармашылық жұмысқа арнап нобай орындайды;
  • Киізден жасалған бұйымдардың композицияларын зерттейді.

 Бағалау критерийлері

  • Киізден жасалған бұйымдардың композицияларын зерттейді;
  • Киіз басу (техника ши) шығармашылық жұмысына арналған нобайды әдемі эстетикалық талаптарға сай етіп орындайды;
  • Сызық, пішін және бояужаққышта түспен сараптама жұмыстарын жүргізеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Сабақта қолданылатын пәндік терминдер: фильцевание, жарғақ, торсық, көнек, мәсі, кебіс, өңіржиек, сандық, фильцевальная игла.

Сөйлеу барысында қолданылуы мүмкін сөз тіркестері:

Киізден жасалған бұйымдарға салынатын ою-өрнек.

Киізден тігілген киімдердің денсаулыққа пайдасы зор.

 Құндылықтарды

 дарыту

* Эстетикалық және көркемдік талғамын дамыту, шығармашылық белсенділігі.

* Шығармашылыққа, өнерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыс

* Қазақстан тарихы - СҚӨ тарихы;

* Қазақ тілі – жаңа сөздера, терминдер.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Ақпаратты іздестіру, оны іріктеу, салыстыру, фактілер мен құбылыстардын арасындағы байланысты белгілеу арқылы

оқушылардың өздерінің дербес жұмыс істеу дағдыларын дамыту

Әр түрлі зерттеулерді жүргізу үшін вебсайттар мен интернет- ресурстарды пайдалану.

Бастапқы білім

Өнердін көркем құралдары арқылы шығармашылық жұмыстарды орындау бойынша тәжірибелік дағдыларды дамытты.

Өнер көркем шығармаларында қолданылатын композиция негіздерін біледі.

Ақпараттарды іріктеуге және өңдеуге үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

  • Ұйымдастыру кезең.

№ 1. Білімдерді өзектендіру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға және білімдерін өзектендіруге бағытталған сұрақтар

Келесі сөздерге анықтама беріңіздер:

  • торсық
  • мәсі
  • кебіс.
  • өңіржиек
  • сандық

Презентациямен танысу үшін арналған интерактивті тақта

Сабақтың тақырыбы бойынша көрнекіліктер: суреттер мен фотосуреттер, киіз бұйымдары

Сабақтың негізгі бөлімі 1 (жалпы 30 мин)

10 мин

(нобай бойынша жұмысты бастау 1-2 кезеңдері) 20 мин

2. Білімді бекіту және білімдерді, іскерлікті, дағдыларды қалыптастыруға арналған кезең

Киіз басу және ши тоқу өнері туралы оқушыларымен әңгімелесу. Өткен сабақтар бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.

-Балалар, киізден дайындалған бұйымдарды атаңызшы.

- Жарайсыңдар, ал киізді қалай жасаған екен?

- Бұл өнер қашан және қалай туындаған?

-Шиді тоқу өнері туралы айтып беріңізші.

Сонымен, балалар, қорытынды жасайық, мұндай бұйымдарды орындау үшін келесі сабақта қандай материалдарды біз алып келуіміз керек????

- Дұрыс, киіз басу яғни дайындау үшін, жүн, орауға арналған тор, кір сабын алып келуіміз керек және су керек.

- Ши тоқу үшін: ши дала қамысы, тас, жүннен жасалған жіптер және ағаштан жасалған станок (сырық) қажет.

- Ши ораудың екі түрі бар.

Біріншісі — тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау;

Екіншісі — жаңа өрнек сүретінін үлгісімен тоқу.

Шиді бірінші түрмен тоқу үшін оларды бір-бірлеп тоқылған даяр шидің өрнегінің үстіне салып, дәл келтіріп, әр түсті оралған шидің буындарын, санап отырып орайды. Осылай ораған шилерді араласып кетпеу үшін өрнегіне сәйкес келтіріп, өз алдына бөлектел шуда жіппен тізіп отыру керек.

- Және сурет қажет…

- Киіз басу технологиясын еске салайық.

Киіз басуға қойдың күзде қырқып алынған күзем жүнін пайдаланған. Алдымен, киізге арналған жүнді тазалайды. Ол үшін жүнді тулаққа салып, сабау ағашпен тулақтың жан-жағынан отырып алып сабаған. Жүн сабалып болған соң «тулақ шашу» деген ырым жасалады.

- Жүнді басу үшін, сабынды ыссы сумен ерітіп жүнге жағады. Жүнді қолмен қаңып, пішін бойынша орналастырады. Қазақта оюлы киізді текемет, сырмақ деп екіге бөледі. Текеметтің жай киізден айырмашылығы бір түсті (ақ немесе қара) жүнді шиге төсеген соң бетіне бояған жүннен ою салады. Тұсқа ілінетін өрнектеліп жұқалау қылып жасалған киізді түскиіз деп атаған. Киізден бұдан басқа да тұрмыстық заттар киіз кебенек, киіз қалпақ, байпақ, кесеқап, шәйнекқап, кірқап, сандыққап, жер жастық, асмалдық (түйенің жабуы), тоқым, жабу, т.б. істеген.

- Киіз шамамен бір тәулік ішінде кебеді.

- Фильцевание технологиясы туралы естідіндерме? ( арнайы ине арқылы ойыншықтар жасалады).

- Дұрыс, енді осы бұйымдарды орындауға кірісейік.

- Алдымен нобай дайындаймыз

- Келесі слайдтарға қараныз. Бәрі де киізден жасалған!

- Дизайнерлерді киіз өте қатты қызықтырады…

Енді құрғақ киіз басу техникасына арналған бейнетаспа көрейік.

Біз бүгін А 4 форматтағы қағаз бетінде нобай орындаймыз.

Мұндай бұйымдардын қандайын таңдайсыз? Ойланыныз.

Мүмкін, бұл киіз мойынорағыш немесе сөмке болама екен? Бұл сіздің таңдауыныз және бұйымдар сіздің идеяныз – бұл сіздің қиялыныз.

Суреттерге қараныз ( мысал суреттер)

Сурет қандай кезеңдерден тұрады?

Әр сурет 3 кезеңден тұрды:

  • Композициялық дұрыс орналастыру (компоновка);
  • Құрастыру және пропорциялық қатынастарды зерттеу;
  • Композицияның пластикалық және түстік шешімдері.

Нобай бойынша жұмыс жасау кезде түске көңіл аудару қажет.

Түстер үйлесімділігіне арналған кестелерді зерттеу қажет. Қараныз…

Табиғаттың өзі – түстер үйлесімділігінің мысалы: гулдер түстері т.б.

Акварель техникаларын көрсету: мөлдірлету, шаю. Гуашьпен жұмыс істеу кезіңде суды көп қолданбаймыз, акварельде керісінше – суды көп қолданамыз. Акварельде қылқаламмен қағаз бетінде 3 қабаттан артық жүруге болмайды.

- Ең маңыздысы - түспен сараптама жасау.

- Нобайды бояу алдында түстерді бөлек қағазда зерттеп қараныз.

Тәжірбиелік жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз.

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік техникасы:

жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;

оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;

құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;

жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;

жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;

басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;

жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

3. Тәжірбиелік жұмыс кезеңі.

Зерттеу, тәжірбиелік, шығармашылық дағдыларды дамытуға, түспен тәжірбие жасауға арналған тапсырма:

Киіз басу (немесе ши тоқу) техникасындағы шығармашылық жұмысқа нобай орындау.

Бағалау критерийлкрі және дескрипторлармен таныстыру.

Тапсырмаға арналған дескрипторлар:

*Киізден жасалған бұйымдар композицияларын зерттейді;

 * Киіз басу (техника ши) шығармашылық жұмысына арналған нобайды А 4 қағаз форматында әдемі эстетикалық талаптарға сай, сауатты орналастыра отырып, орындайды;

 *Сызық, пішін және бояужаққышта түспен эксперименттер жұмыстарын жүргізеді.

  Дифференциация: оқушылардың таңдауы бойынша қарапайым және күрделі нобайлар алынады. тәжірбиелік жұмыс арасында көзге жаттығулыр қолданылады. Тәжірбиелік жұмыс орындау барысында мұғалімнің кері байланысы жүзеге асырылады:

  • қателермен жұмыс – түзету, ескертулер, ұсыныстар, кеңестер;
  • мақұлдау, мақтау.

Интерактивті тақта

Слайдтар

видео

https://youtu.be/yfhvfZWGlLI

Табиғат музыкасы қосылды …

Мұғалім үшін:

акварель қағазы акварель бояуы, гуашь, қылқалам синтетика (3, 5, 8 мөлшерін, үшкір қылқалам), палитра, су.

Оқушылар үшін:

қағаз акварель форматы А 4, акварель, қылқалам синтетика, палитра, су.

Бейнетаспа. Құрғақ киіз басу техникасы.

https://youtu.be/yfhvfZWGlLI

Кітаптар, журналдар, зерттеу үшін мәтін, фотосуреттер, суреттер.

Оқушылар үшін:

қағаз акварель форматы А 4, акварель, қылқалам синтетика, палитра, су.

Стикерлер

Сабақ соңы. (1-2 кезеңдерінің жұмысын талқылау)

(5 мин)

3. Рефлексия.

- Сонымен, балалар, сіз нобай бойынша жұмысты бастадыныз. Бірақ, түспен жұмыс істеуге үлгермедініз. Келесі 2 сабақта түстік шешімдер бойынша жұмысымызды жалғастырамыз.

Сабақ соңы. екі кезең бойынша нобай жұмысын талдау. Қиындықтарды анықтау.

Әрбір оқушы стикерде жазады:

– сабақта не жақсы болды;

– не қызықты болды;

– не кедергі жасады;

– өзіне сабақтан нені алар едін.

Стикерлер

Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғарықандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

(смайликтер, тағыбасқа)

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау әр-түрлі тапсырма бойынша көрсетіледі:

- күрделі сурет;

- қарапайым сурет.

Дескрипторлар, бағалау критерийлері бойынша бағалау. Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің бағалауы.

Практикалық жұмыс барысында көзге жаттығулыр қолданылады.

Қауіпсіздік техникасының ережелері:

жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;

оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;

құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;

жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;

жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;

басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;

жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:.

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу