Бұйымның нобайын әзірлеу. Материалдар мен құрал- жабдықтарды дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Бұйымның нобайын әзірлеу. Материалдар мен құрал- жабдықтарды дайындау» тақырыбына арналған сабақ «Сәндік қолданбалы өнер» бөлімінің үшінші тақырыбы. Бұл сабақта оқушылар өткен сабақта орындаған жұмыстарын ары қарай жалғастыратын болады. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын және бағалау критерийлерімен таныстырып болғаннан кейін, тәжірбиелік жұмыс орындауға арналған құрал- жабдықтар мен материалдардың түгел екеніне көз жеткізіңіз. Одан әрі оқушылардың тәжірбиелік жұмыс жасауына мүмкіндік беріңіз.
Сабақ барысы.
Оқушылармен бірге өткен сабақта нобайды орындау барысындағы екі кезең бойынша кездескен қиыншылықтарды шешу жолдарын оқушылармен бірге қарастырыңыз. Оқушылармен бірге акварель немесе гуашь бояуларымен тәжірбиелік жұмыс жасау техникаларының бірнеше түрін көрсетіңіз.
Тапсырма №1.Тәжірбиелік жұмыс.
Оқушыларды өткен сабақта орындаған нобайларының 3 кезеңінің орындайтын болады. Яғни, түстік шешімдерін қабылдап, өздері қалаған техникада нобай жұмыстарын орындауға мүмкіндік беріңіз. Қажет болған жағдайда оқушыларға көмек беріп, қателерін тұзетуге ұсыныс беруге болады.
Тапсырма №2. Топтық жұмыс.
Киіз басу немесе ши тоқу бұйымын орындауға байланысты техникалық құжаттың кестесін дайындауға ұсыныс беріңіз. Бұл тапсырма оқушылардың алдағы уақыттағы жұмыстарын жеңілдетуі мүмкін.
Бағалау. Кері байланыс.
Үшінші кезең бойынша орындаған жұмыстарына кері байланыс алыңыз. Кері байланысты арнайы стикерлер таратып, кездескен қиыншылықтары және оңай тұстары туралы қысқаша мәлімет береді.
Қосымша ақпарат.
Интер белсенді тақта болмаған жағдайда сізге Қазақ халқының киіз басу және ши тоқу техникаларының фото суреттері мен қолда бар көрнекі бұйымдарын алдын ала дайындап алу ұсынылады. Бұл сіздің сабағыңыздың өз дәрежесінде өткізуге септігін тигізеді.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері.
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік техникасы:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?