Бұйымның нобайын әзірлеу. Материалдар мен құрал- жабдықтарды дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


«Көркем еңбек» пәні бойынша сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 Бөлім. Сәндік-қолданбалы өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Бұйымның нобайын әзірлеу. Материалдар мен құрал- жабдықтарды дайындау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.5.2 - Түрлі графика құралдарын пайдалана отырып және бұйымдарды орындау кезектілігі мен тиімді жасау тәсілдерін анықтай отырып, графикалық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу.

8.1.4.1 - Өзінің болашақ әрекетін түсіндіріп және алған білімдері мен тәжірибелерін пайдалана отырып, шығармашылық қызметін жоспарлау.

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • Білімдерді тәжірибе жүзінде іске асыру бойынша дағдыларды қалыптастырады;
  • Киізден бұйымдар жасау және ши тоқу техникалары туралы біледі;
  • Киіз басу немесе ши техникаларындағы шығармашылық жұмысқа арнап нобай орындайды;
  • Киізден жасалған бұйымдардың композицияларын зерттейді.

 Бағалау критерийлері

  • Киізден жасалған бұйымдардың композицияларын зерттейді;
  • Киіз басу (техника ши) шығармашылық жұмысына арналған нобайды әдемі эстетикалық талаптарға сай етіп орындайды;
  • Сызық, пішін және бояужаққышта түспен тәжірбиелік жұмыстарын жүргізеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Сабақта қолданылатын пәндік терминдер: фильцевание, жарғақ, торсық, көнек, мәсі, кебіс, өңіржиек, сандық, фильцевальная игла.

Сөйлеу барысында қолданылуы мүмкін сөз тіркестері:

Киізден жасалған бұйымдарға салынатын ою-өрнек.

Киізден тігілген киімдердің денсаулыққа пайдасы зор.

 Құндылықтарды

 дарыту

* Эстетикалық және көркемдік талғамын дамыту, шығармашылық белсенділігі.

* Шығармашылыққа, өнерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыс

* Қазақстан тарихы - СҚӨ тарихы;

* Қазақ тілі – жаңа сөздера, терминдер.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Ақпаратты іздестіру, оны іріктеу, салыстыру, фактілер мен құбылыстардын арасындағы байланысты белгілеу арқылы

оқушылардың өздерінің дербес жұмыс істеу дағдыларын дамыту

Әр түрлі зерттеулерді жүргізу үшін вебсайттар мен интернет- ресурстарды пайдалану.

Бастапқы білім

Өнердін көркем құралдары арқылы шығармашылық жұмыстарды орындау бойынша тәжірибелік дағдыларды дамытты.

Өнер көркем шығармаларында қолданылатын композиция негіздерін біледі.

Ақпараттарды іріктеуге және өңдеуге үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • мин)
  • Ұйымдастыру кезең.

№ 2. Білімдерді өзектендіру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Бүл сабақта оқушылар өткен сабақта орындаған нобай жұмыстарын әрі қарай жалғастыратын болады.

Презентациямен танысу үшін арналған интерактивті тақта

Сабақтың тақырыбы бойынша көрнекіліктер: суреттер мен фотосуреттер, киіз бұйымдары

Сабақтың негізгі бөлігі (жұмыстын 3-кезеңің аяқтау) (33 мин)

2. Нобай суретін орындау бойынша білімдерді, іскерлікті, дағдыларды қалыптастыруға арналған кезең.

Музыка ырғағымен тәжірбиелік жұмыс орындау ұсынылады. қауіпсіздік техникасына сәйкес музыка дауысын бәсеңдетіп қою ұсынылады.

Тәжірбиелік жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасын естеріне түсіріңіз.

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік техникасы:

жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;

оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;

құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;

жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;

жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;

басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;

жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Тапсырма №1. Тәжірбиелік жұмыс. Нобай бойынша тәжірбиелік жұмысты жалғастыру (3-кезең). Нобайдағы түстік шешімдерін дұрыс пайдалану.

Композицияның пластикалық және түстік шешімдері.

Тәжірбиелік жұмыс орындау барысында мұғалімнің кері байланысы жүзеге асырылады:

• қателермен жұмыс – түзету, ескертулер, ұсыныстар, кеңестер;

• мұғалімнің оқушыларға жұмыс істеу тәсілдерін көрсетуі;

• көтермелеу, дәлелдеу, мақұлдау, мақтау.

Тапсырма №2.

Топтық жұмыс:

Киіз басу немесе ши тоқу бұйымын орындауға байланысты техникалық құжаттың кестесін дайындау. Мысалы;

Киіз басу (ши тоқу) бұйымын дайындау

Тақырыбы

Өлшемі

Пайдаланатын материалдар, қажетті өлшемі

Қажетті құрал- жабдықтар, олардың саны

Орындауға қажетті уақыт

Бұйымды қолдануға болатын орны немесе пайдалану мақсаты

Қосымша мәлімметтер:

Оқушылар өз жұмыс нәтижелерін аяқтағаннан кейін, өзара талдау және бағалау үшін таныстырады. Қажет болған жағдайда толықтырулар мен өзгерістер еңгізеді.

Интерактивті тақта

Слайдтар

Табиғат музыкасы қосылады …

Мұғалім үшін:

акварель қағазы акварель бояуы, гуашь, қылқалам синтетика (3, 5, 8 мөлшерін, үшкір қылқалам), палитра, су.

Оқушылар үшін:

қағаз акварель форматы А 4, акварель, қылқалам синтетика, палитра, су, стикерлер.

Сабақтың соңы.

(5 мин)

3. Рефлексия. Бағалау.

Жұмыстарды талдау, салыстыру. Нобайларға стикерлер жабыстыру. Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау және - мұғалімнің бағалауы. Оқушының кері байланысы. Әрбір оқушы стикерде жазады:

- Сабақта қызықты болды ма?

- Не ұнады?

- Неге үйрендім?

– Сабақта не жақсы болды?

– Не кедергі жасады?

– Өзіне сабақтан нені алар едін?

Мұғалімнің кері байланысы. Сабақ туралы қорытындысы.

Жұмыс орнын жинастыру. Үй тапсырмасы.

- Үй тапсырмасы: ши тоқу немесе киіз басуға арнап материалдар әкелу.

Оқушылар үшін:

қағаз акварель форматы А 4, акварель, қылқалам синтетика, палитра, су.

Стикерлер

Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғарықандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

(смайликтер, тағыбасқа)

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау әр-түрлі тапсырма бойынша көрсетіледі:

- күрделі сурет;

- қарапайым сурет.

Дескрипторлар, бағалау критерийлері бойынша бағалау. Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің бағалауы.

Тәжірбиелік жұмыс барысында көзге жаттығулыр қолданылады.

Қауіпсіздік техникасының ережелері:

жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;

оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;

құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;

жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;

жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;

басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;

жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:.

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу