Қайталау және өтілген материалдарды пысықтау. Халық шығармашылығының түрлері. Материалдар мен құрал-жабдықтар. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.
Оқу мақсаттары:
* Графикалық, технологиялық құжаттамасын дайындау, әртүрлі графикалық тәсілдерді қолдану;өнімді дайындаудың сатыларын көрсету;
* Шығармашылық жетістікті жоспарлау, алған білімі мен дағдысын қолдана білуі, алдағы іс-әрекетін жүйелеп көрсету.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
* Киіз өнімдерінен бұйым жасауға қажетті құрал-жабдықтармен танысады;
* Халық қолөнері түрлері туралы біледі;
* Бұйымдарды әшекейлеуде қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қолдана біледі.
Дамыту, зерттеу, коммуникативтік және шығармашылық дағдыларды дамытуға арналған тапсырма: ою-өрнек жасау
4 командға бөлініп, ою-өрнек жасау тапсырмасын орынданыз:
* I топ - геометриялық ою-өрнектерді қағаздан оясындар;
* II топ - өсімдік ою-өрнектерді оясындар;
* III топ - зооморфтық ою-өрнектер;
* IV топ - космогониялық ою-өрнектер.
Тапсырмаға дескрипторлар:
- Ою-өрнек түрін анықтайды (геометриялық, өсімдік, зооморфтық, космогониялық);
- Тиісті тапсырма бойынша қазақ ұлттық ою-өрнектін суретін орындайды (қағазды бүктеп, ою суретін бейнеленіз);
- Ою-өрнекті ұқыпты, эстетикалық талаптарға сай қағаздан ояды;
- Ою-өрнек үшін фонның түсін сауатты таңдайды (ойып, қағазға жапсырындар).
_______________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?