Қайталау және өтілген материалдарды пысықтау. Халық шығармашылығының түрлері. Материалдар мен құрал-жабдықтар. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


Тері өңдеу өнері. Теріден әртүрті киімдерді жасаған, мәселен – аяқ киім, белбеу, әр салада қолданылатын ыдыстар, ат әбзелдері, қорамсақ т.б Сонымен қатар теріден сандық жасау ісі де кеңінен тараған. (жағлан - шабадан - чемодан) т.б. Теріден жасалған өнімдер: (ішік), дақы, жақы, жарғақ (тұлып). Қасқыр, түлік, бұлғын секілді аңдарт терісінен ішік тіккен. Терілердің түгін ішіне қаратып бет жағын қатты материямен қаптап – шекпен. Теріден тігілген бас киім - бөрік. Теріге түрлі бейнелерді таңбалай отырып әртүрлі ыдыстар жасалынған, аталған ыдыстар әдетте сұйықтықты ұзақ жолға алып жүруге арналған ыдыстар қатары: торсық, саба, сүйретпе, мес. Жылқы және ірі қара терісінен - шелек, бие және түйе саууға арнап – көнек жасаған. Қоғамда аяқ киімді тігіп, кем-кетігін түзейтін – етікші болды. Аяқ киімге арналған қалың тері түрі - көн. Иленген теріні – былғары деп атады. Шеберлер тіккен аяқ киім - етік, мәсімен кибге арнап – кебіс тіккен. Ыдыстар және аяқ киімдер жануарлар сіңірлерінен алынған – тарамыс көмегімен тігілді. Күміс белдікті кез келген қазақ жасай білсе, қамшыны өрімдей тоқуды – өрімші жасаған. Қамшы өрудiң көптеген түрi қолданылады, соның iшiнде 3 таспадан 32 таспаға дейiн жететiн түрi кiредi. Өрiмдер домалақ, жұмыр, төртқырлы болып келедi. Қамшының қарапайым түрiнiң бiрi — бишiк. Ол қамшыға қарағанда қарапайым, өрiмi сабынан үш-төрт есе, кейде одан да ұзын болуы мүмкiн. Өрiм алғашқы басында жуан болып ұшына қарай жiңiшкере бередi. Қамшыны жасау үшiн ең бiрiншi терiнi илеп, иiн қандырып, қайыс өңдеп шығару қажет.

 

Зергерлік өнер. Қазақ халқының зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Қазақ зергерлері көбіне жеке – дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр – сырын ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің басты жұмысы – қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Халық зергерлері көбінесе білезік, өңіржиек, сақина, сырға, түйреуіш, ілгек, шашбау, шолпы, алқа, қапсырма, жүзік сияқты адамдардың өз бойындағы әсемденетін заттарды жасады. Осы әшекейге орнатылған тастардың белгілі мән-мағаналары да бар.

Ер-тұрман. Ер-тұрман – атқа салт мініп жүруге қажетті жабдықтардың жиынтық аты. Ер-тұрманға ерден басқа тоқым, желдік, тебінгі, үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, тартпа, айыл (төс айыл, шап айыл), өмілдірік, құйысқан, жүген, шылбыр, тізгін, ат көрпе, көпшік, пыстан, кежім, қамшы, шідер, тұсамыс, кісен, қанжыға жатады. Әйелдерге арналған ер-тұрман (тоқым, үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, ноқта, жүген, сулық, айыл, өмілдірік, құйысқан, пыстан, шеттік, сауырлық, салпыншақ) әшекейленеді. Ерлерге арналған ер-тұрман жеңіл, ықшам, көбінесе мүйіз, сүйекпен, әшекейленеді. Ер-тұрман «ер-тоқым» деп те аталады. (Википедиядан алынған).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу