Бұйымның нобайын орындау. Көркем еңбек (қыздар), 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Бұйымның нобайын орындау | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.5.2 Бұйым жасауда әртүрлі графикалық құралдарды қолдана отырып (оның ішінде АКТ қолданып), нобайлар, графикалық және технологиялық құжаттар дайындау | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: Батик, гжель, хохлома, көркем жазба, раппорт, сызық сурет, ою-өрнек композиция Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Осы сабақта балалардың бойына келесі құндылықтар қалыптастырылады: тарихи мұраға сыйластық, оқушылар арасында бір біріне сыйластық, академиялық шыншылдық | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия, география, тарих | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет ресурстарымен жұмыс істеу дағдыларын дамытады | ||||||||||||
Бастапқы білім | Сәндік қолданбалы өнер түрлері және қолданылатын тәсілдері мен техникасы. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 1-2 мин 3 мин | Сабақ басында сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. «Миға шабуыл»: оқушыларға текстильді көркемдеп жазба техникасында орындалған туындыларды ұсынып, бұл бұйымдарды не біріктіреді және қалай орындалғанын жайлы сұрақтарға жауап алу. Сұрақтардың жауабына қарай оқушылармен сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау. | баспа (набойка),батик (салқын, ыстық, түйінді батик, еркін жазба) техникасында орындалған бұйымдар мысалы: павлопасадтық орамалдар, батик техникасындағы панно, қолмен безендірілген маталар т.б. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин
30 мин | (МК) Сабақтың басында текстильде орындалатын көркемдік жазбамен: баспа (набойка),батик (салқын, ыстық, түйінді батик, еркін жазба), мата ұстінде орындалатын жазбаға арналған қажетті материалдар мен құралдармен (шыны түтікшелер, резерв, маталар, кергіштер, батикке арналған бояулар), жазбаның мата бетіне бекіту және жұмыс орындау ерекшелігімен таныстыру. Презентациялардың көрсетілімі «Батик» Оқушыларға текстильді көркемдеп жазбаға арналған әр түрлі маталарды ұсынады: жібек, бөз, мақта маталары және т.б. Сонымен қатар, қандай маталарды көркемдік жазбада қолдануына болатынын оқушыларға түсіндіру (табиғи және жасанды талшықтар материалдарының қасиеттері жайлы тақырыпты қайталау) және мата таңдалауына көмек беру. Өткен сабақта зерделенген мәліметтерге сүйене отырып, оқушылар өз туындыларын қандай көркемдік жазба техникасында орындайтынын таңдаған. Сарамандық жұмыс №3 Бұйымның нобайын орындау. (Қ) (Ө) Оқушылар көркемдік жазбаның бір түрін (салқын және ыстық батик, гжель, хохлома және т.б.) таңдап, өз іс-әрекеттерін анықтай отырып технологиялық құжаты (карта) дайындайды.
(Ө) Оқушылар безендіру нысанын таңдап (ыдыстар, қобдишалар, вазалар, текстиль және т.б.), көркемдік жазбаларының ою-өрнек композициясының ерекшелігін ескере отырып бұйымның безендірілу композициясының нобайын және олардың элементтерін нақты орындайды (мысалы, хохломаның өрнегіндегі түсінің, сызықтары мен орамдарының ерекшелігі). Нобайды орындау барысында оқушылардың назарын кіші пластика, ыдыс пішіні, мата қасиетіне мен стильдік бірлестігінің үйлесімдігіне аудару қажет. | https://www.youtube.com/watch?v=f4CsBV_tnf0 Батик. Шибори техникасы. Шыны және мата үстінде контурмен жұмыс жасау БАТИК- контурлы техника. Орамал.Шеберлік-класс batikcentr.ru http://blogbatik.ru/ батик для начинающих: техники, мастер-классы, художники. https://www.youtube.com/watch?v=AKJWegLM1IU Галилео. Хохлома https://www.youtube.com/watch?v=GVrSz274Da4 Галилео. Гжель. Батикке, керамикаға, шыныға арналған бояулар жинағы керме, қылқаламдар | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Сабақтың соңында оқушылармен бірге нобайлардың көрмесін өткізіп, қажетті материалдар мен құралдарын таңдауына ұсыныс жасау | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Оқушылардың жеке қабілеттеріне байланысты жұмысты орындау үшін техниканы таңдауы және әр оқушыға қойылатын сұрақтар бойынша саралау іріктеледі
| Тақырыпты менгеруін тексеруге арналған сұрақтар, практикалық жұмыстың көрмесі және қалыптастырылған критерийлер негізінде бағаланады | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?