Заманауи техника мен өнердегі ғылыми жетістіктер, табиғаттан шағын сурет. Көркем еңбек (қыздар), 7 сынып, дидактикалық материал.
Ырғақ, ритм (грек. rhythmys – үйлесімділік, rhйo – ағамын) – музыкалық дыбыстардың зандылық өлшемде алмасуы. Ы. - музыка, поэзия, бейнелеу өнері мен архитектурада негізгі мәнерлеу және түр тудыру құралдарының бірі. Музыкада музыкалық мелодияның ырғақтық қүрылысы музыкалық заңдылықтармен айқындалады. Ырғақтың өлшем үлестерінің тегеурінді (әлді) және тегеурінсіз (әлсіз) түрлері болады; олардың ауысып келіп отыруы метр өлшемін түзеді. Дыбыстардың бір ырғаққа құрылуы музыкалқ шығармалардың жақын немесе алшақ жаткан бөліктерінде кездесе береді. Осыған орай музыкалық формалардың музыкалық фазаларын, сөйлемдерін, кезеңдерін және одан да ірі бөлімдерін кұру заңдылықтары туады. Әрбір музыкалық жанрларға және ұлт музыкасына тән ырғақтық формалар мен қайырмалар болады. Кейбір музыкалық жанрларының өзіндік ырғақ ерекшелігі болады. Мысалы, мазурка, полька, лезгинка, т.б. Сондай-ақ, ырғақтың көркемдік құрал ретінде музыкалық образдарды айқындаудағы маңызы бар. Ырғақтың архитектурада, әсіресе архитектура ансамбльдер салу ісінде үйлесім тауып, жалпы көрінісінің үнасымды болуына ырғақ елеулі әсер етеді. Ырғақ сән және кодданбалы өнерде, әсіресе ою-өрнекте кеңінен қолданылады.
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AB%D1%80%D2%93%D0%B0%D2%9B
Ритм дегеніміз – ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі.
Ою - өрнек, орнамент (лат. ornamentum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй - іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару - жарақ), архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек - нақыштар.
Ою - өрнек ісі тым ерте заманнан бастап - ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою - өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Қазақстан аумағында Ою - өрнектің ең қарапайым элементтері Андронов дәуірінен жеткен көне әшекейлерінен байқалады. Мұндай әшекейлер “жал”, нүкте, ирек тәріздес болып келеді. Ою - өрнек түрлі геометриялық пішіндерден құралып, зерлеу, дәнекерлеу, оймалау, кестелеу, құйма - жапсыру әдістері арқылы жасалады. Ұлттық Ою - өрнек көбіне өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеріс және геометиялық ою - өрнектерден (Бабажы қатын күмбезі. 10 - 11 ғасырлар Айша - Бибі кесенесі, 11 - 12 ғасырлар, Ахмет Иасауи кесенесі, 13 - 14 ғасырлар т. б.) айқын көрінеді.
Ою - өрнек дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім - кешек, тұрмыстық заттар), ағаш, мүйіз, сүйек, ғаныш, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті. Қазақ ою - өрнегінің негізгі түрлері: геометриялық, зооморфтық пен көгеріс және қиял - ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінің белгісі). Олардың аса маңызды элементтері: қошқар мүйіз, құс таңдай, түйе табан, үш жапырақты, бес жапырақты, т. б. Ою - өрнектің геометриялық элементтері шаршы, ромбы, жұлдызша түрінде), сондай - ақ, көгеріс өрнектері (гүл, жапырақ, бұтақ түрінде) ағаш ұқсатуда, әсіресе үй жиһазы мен ыдыс - аяқтарда, музыка аспаптары мен аңшылық қару - құралдарында сақталып қалды.
http://bilimdiler.kz/tehnologia/7478-oyu-ornek-turleri.html
Ай, күн, жұлдыздарға (космогониялық) – көк әлеміне байланысты өрнектер. Оларға «ай», «айшық», «жұлдызша», «күн нұры», «күн көзі», «күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «ай-таң», «ай-гүл», «ай таңба», «түнгі ай», «жұлдыз», «аққан жұлдыз», «үркер» секілді жұлдыздар жатады.
Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың негізін «қошқармүйіз» өрнегі қалайды. «Өркеш», «түйе табан», «түйе мойын», «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз» т.б.
Аңға байланысты өрнектер: «Бөріқұлақ», «түлкібас», «бөрікөз», «иттабан» т.б.
Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер: «алақұрт», «жылан», «құмырсқа», «көбелек», «шыбынқанат», «тышқан із».
Құстарға байланысты өрнектер: «құсқанат», «қазтабан», «қазмойын», «құсмойын», «құс тұмсық», «қарға тұяқ» т.б.
Өсімдік бейнелі өрнектер: «арпабас», «үш, бес.алты, сегіз, он екі жапырақты гүлдер», «гүл», «жетігүл», «жауқазын», «жапырақ», «шытырман» т.б.
Қару-құралдарға байланысты өрнектер: «балта», «ебелек», «өрім-өрмек», «өткерме», «шарбақ», «түйме», «безгек», «нөр», «ожау», «қармақ», «қайнар», «желі» т.б.
Геометриялық ою-өрнектер: «қос тұмарша», «балдақ», «омыртқа», «ирек», «тарақ», «қаңқа», «қос дөңгелек» және т.б.
http://kazorta.org/aza-ty-oyu-rnekteri/
Өмір сүру процесі – ритм және материяның жалпы құрылым принципі – симметрия табиғаттағы реттіліктің фундаменталды негізі энергия, импульс, қуат заңдылықтарына сүйенеді. Адам табиғатының әлеуметтенуі семиосфераны қалыптастырады – «...тек семиотикалық процесстер ғана жүретін мәдениеттің семиотикалық кеңістігі». Мифтер мен өзге артефактілердің мәдени (ою–өрнектік) ритмі белгілі бір тарихи кезеңнің және мәдениеттің стильдік ерекшелігін көрсетеді
http://old.el.kz/m/articles/view/ Ою-өрнектердің-құрылымы-және-түрлері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?