Сәндік гүлдер түрлері. Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

4 бөлім: Үй мәдениеті

Сабақ тақырыбы: Сәндік гүлдер түрлері. Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар.

Оқу мақсаты:

6.2.5.2

Сәндік бақ өсіру мен гүл өсіру шаруашылығында көктемгі жұмыстар (топырақты өңдеу, зиянкес жәндіктерден қорғау, егу мен отырғызу) жүргізу.

6.2.6.1

Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.

Маусымдағы гүл бағына арналған өсімдіктер

Көктемнің аяғында бүр жарып, маусымда гүлдейтін өсімдіктердің арқасында сіздің бағыңыз үздіксіз гүлденіп тұратын болады. Көп күтім тілемейтін әрі көктемдей нәзік әдемі гүлдерді отырғызу арқылы Сіз көктемгі және жазғы маусым аралығындағы бос кеңістікті толтырып, көктемді жаздың басына дейін ұзарта аласыз.

«Маусым айындағы» гүлзарды жасау үшін классикалық өсімдіктер:

Дәрілік пион — биік емес, 60 см дейі жететін бұта; өте әдемі ірі ақ гүлдері бар. Бұл өсімдік отырғызған жылы гүлдемейді.

Сүттүстес пион  — едәуір биік декоративтік түр (биіктігі 1 метрге дейін). Қызғылт гүлдері бар, отырғызғаннан кейін екінші жылдан бастап мол гүл шығады.

«Бэтти Приор» гибридтік шай раушаны— ортасы қызғылт-ақшыл түсті қызыл гүлдері бар онша биік емес бұта, ауруларға төзімді және гүлі ұзақ тұрады.

Қызғалдақ — тұқымдары мен түстерінің әртүрлілігі әр адамға өзіне қажетті биіктігі мен формасын таңдауға мүмкіндік береді. Қолайсыз ауа райына төзімді, пияз тамырлы тамаша өсімдік.

Орман ботакөзі — қайталанбас ғажап аспан түстес көгілдір ұсақ гүлдері бар аласа келген шөптес өсімдік.

Обриета — қоңыртқым-қызғылт ұсақ гүлді, күтімді көп тілемейтін өсімдік.

Тышқан гиацинті, немесе мускари — гиацинтке ұқсас, кеш гүлдейтін ұсақ көгілдір гүлді улы өсімдік;  30 см дейін өседі, пияз тәрізді тұқымы қысты жеңіл өткізеді.

Сақалды сарыгүл (Бородатые ирисы) — төменгі күлтесінде өзіне тән сақалы бар, бояуы әртүрлі, исі өте жағымды, нәзік әрі ерекше өсімдік.

Алдыңғы қатарға сонымен қатар топырақты жабатын өсімдіктерді: трансильвания құмшөбін (сұрғылт жапырақты, цикорий типтес гүлдері бар тамаша кілем), эпимедиум (ақ гүлдері бар тамаша топырақ жабыны) немесе  Биберштейннің ясколкасы (сұрғылт-күміс жапырақты, кішкентай ақ гүлдері бар ерекше өсімдік) отырғызуға тырысыңыз.

Пияз тұқымдас өсімідіктер қатарын көбейткіңіз келсе, маусым гүлзарына Христофор пиязын отырғызыңыз, ол сізді өзінің үлкен ақшыл көк шар тәріздес гүлдерімен қуантады.

Гүлзардағы гүлда арасына ұсақ гүлдері әртүрлі болып келетін жапон примуласы, қалампыр тәрізді жасыл  және ашық сары гүлдері бар камбрий меконопсис,  сәндік жапырақтары мен көгілдір гүлдері бар гималай гераны ерекше әр береді.  

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Бейнематериал тамашалау. Ортақ талқылауға арналған сұрақтар:

  • Гүлдердің қандай түрлерін білесіздер?
  • Гүлдер қандай пайда әкеледі?
  • Гүлдер қалай өседі?

Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтау.

Бақшаға арналған құрал-жабдықты қарастырыңыз.

  • Бақшаға арналған қандай құралды білесіз?
  • Ол не үшін қолданылады?

(Т)(Ж) Оқушылар бақшаға арналған құралдың суретін алады.

Тапсрма 1. Құралды қауіпсіз қолданудың ережелерін талқылаңыз. Жұмыс альбомына жазба келтіріп, сыныптастарыңмен алған ақпаратпен бөлісіңіз.

Оқушылардың таныстырылымы.

Қажетті болса, оқушылар ақпаратпен толықтыра алады.

  • Бақшада жұмыс істеу барысында қажетті арнайы киімді кию қажет. Мектеп киімін былғап, кірлетіп алмас үшін арнайы киім кию қажет. Шаштарды орамала немесе панамамен жабу қажет. Қолға қолғап киген дұрыс.

Гүлді отырғызуды жоспарлау.

  • Жер. Гүлдер өзге өсімдіктер сияқты құнарлы жерге зәру.
  • Жыл мезгілі. Гүлдерді көктем уақытында отырғызу қажет.
  • Отырғызу орны. Гүлді отырғызудың өзіндік орны бар. Көлеңкелі жерге отырғызудың қажеті жоқ.

Тапсырма. Гүлдерді отырғызу.

  • Тереңдігі 5-7 см болатын шұңқырды қазыңыздар.
  • Отырғызылатын гүлдеріңізді дайындаңыздар.
  • Гүлге қазылған шұңқырға құнарту қажет.
  • Гүлдерді отырғызу. Гүлдердің тамырларына жерді қопсытып, жинау.

Оқушылардың практикалық жұмысы.

Оқушылар гүлдерді отырғызады. Практикалық жұмыс барысында оқушылар бақшалық құралдар мен жабдықтарды дұрыс пайдаланады. Қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Рефлексия.

  • Практикалық тапсырманы орындау барысында қандай қауіпсіздік техникасын ұстандыңыздар?
  • Гүлді отырғызғаннан кейін қанша мәрте суарып отыру қажет?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу