Тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

4 бөлім: Тамақтану мәдениеті

Сабақ тақырыбы:

Тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы.

Оқу мақсаты:

6.2.4.3 Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану

6.2.4.4 Әр түрлі тағамдарды дайындау үшін азық-түліктер, құрал-саймандар мен керек-жарақтарын анықтау және таңдау

Сабақ барысы

Сабақ басында:

Оқушылармен амандасу /тексеріс жүргізу/ оқушылардың зейінін шоғырландыру.

Сабақ барысында керекті құрал-жабдықтарын тексеру.

Оқушылардың /алдынғы сабақ барысында жасалған суреттерін/ үй тапсырмасының сапалы түрде, дұрыс орындалғанын тексеру. Жіберілген қателіктері немесе жұмыс аяқталуына көз жеткізу.

Оқушылардың назарына сабақ тақырыбы мен оқу мақсатына көз жүргізу.

Практикалық тапсырманы бастамастан бұрын ас үй бөлмесің ережерін қайталап, оқушылардың назарына еске салу.

Асүй бөлме ішіндегі қауіпсіздік техника ережелерін қайталау.

  • Кесу құралдарын қолданғанда
  • Өткір кесу құралдарынан сақ болыңыз. Олар, пышақ, қайшы секілді дүние.
  • Пышақпен шанышқыны берер кезде ұшын өзіңе қаратып ұсынуды ұмытпаңыз
  • Нан, көкөністер тураған кезде тақтайшаны қолданып, дұрыс кесу ережелерін сақтаңыз: сол қолдың саусақтары бүгіліп пышақтардың өткір жүзінен арақашықтығы алшақ болуын ескеріңіз.
  • Жұмысты бастамастан бұрын қолыңызды жақсалап жууды ұпытпа.

Диалогты оқыту

Оқушылар топтаса немесе жұптасып, бүгінді дайындалатын салат құрамдарын әзірлейді. Салатты бастамастан бұрын оқушылар назарына төмендегі бейнеролик көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=LhHyG9jsL-o

Сұрақ:

  • Бейнеролик не туралы?
  • Салатқа қандай құрамдар қажет?
  • Салаттың жасалу жолдары күрделі ме?
  • Бізге салат жасау үшін қандай асүйлік құралдар қажет?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің практикаға қажетті жемістер мен құрал-саймандарын әзірлейді.

Қалыптастырушы бағалау:

Мұғалім оқушыларды немесе оқушылар өзара бағалай алады.

Бағалау критерийлері

Жетті

Талпынады

Жемістер салат жасалу жолдарын қарастырады.

Өз ойын толығымен түсіндіре алады.

Жемістер салатын жасау үшін керекті құрал-саймандарды анықтайды.

Қорытынды жасайды.

Практикалық жұмыс

Жоғарыда айтылған бейнероликті есте сақтай отырып, жемістер салатын әзірлеу.

Оқушылар салат жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауды және жұпта өзара қол көмектерін беруді қадағалау мұғалімнің қолында.

  • Жеміс-жидектердің туралуы
  • Қаймақ немесе иогурттің көмегімен дәмденуі
  • Салатты безендіру

Топта/жұпта өзге сыныптастарының салаттарын дәмін тату және бағалау.

Оқушылар өзара сынып ішінде жасалған жеміс салаттарын дәмін татып, 2 жұлдыз 1 тілекпен бағалайды.

  • Сыныптың үздік жұптары
  • Тәтті салат
  • Ең әдемі салат жұптар жұмысын атап көрсетуге болады.

Қалыптастырушы бағалау:

Оқу

Бағалау критерийлері

Жетті

Талпынады

Жемістер салат жасалу жолдарын қарастырады.

Өз ойын толығымен түсіндіре алады.

Жемістер салатын жасау үшін керекті құрал-саймандарды анықтайды.

Қорытынды жасайды.

шылар өзін-өзі немесе өзара бағалау жұмысын жүргізу.

Бағалау критерийлері

Жетті

Талпынады

Жұптаса/топтаса бірігіп практикалық жұмысын іске асырады.

Қауіпсіздік ережелерін ескереді.

Керекті құрал-жабдықтарды қолданады.

Салатты безендіреді.

Берілген уақытты ұтымды пайдаланады.

Өз ойымен/идясын жүзеге асырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу