Тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тамақтану мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.4.3 Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану

6.2.4.4 Әр түрлі тағамдарды дайындау үшін азық-түліктер, құрал-саймандар мен керек-жарақтарын анықтау және таңдау

Сабақ мақсаттары

  • Алдынғы сабақтың негізінде «Жемістер» салатының жасалу жолдарын қарастыру.
  • Салатқа қажетті құрал-саймандарын әзірлеп, ас үй бөлмесінің ережелін қайталау.
  • Керекті құралдар мен азық түлік құрамдарын даындау.
  • Жемістер салатын әзірлеу.
  • Салатты безендіру.

Жетістік критерийлері

  • Жемістер салат жасалу жолдарын қарастырады;
  • Салаттың құрамын анықтайды;
  • Салатқа керекті ас бөлме құралдарын әзірлейді;
  • Ас үй бөлмесінің ережелерін біледі және оларды ұстанады;
  • Жемістер салатын әзірлейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • академиялық тілдік дағдыларын қолдана отырып, өзінің шығармашылық жұмыстарын орындалу үдерісінің сатылы кезеңдерін түсіндіреді (сөйлеу дағдылары) және сипаттайды;
  • өзінің іс-әрекетіне және сынып ішінде таныстыру кезінде өз ойымен бөлісе алады;

Пәндік терминология

  • Алма, алмұрт, апельсин, банан, киви, пышақ, тақтайша, йогурт, қаймақ, шекер, әрлеу заттары, шанышқы, шыны ыдыстар, дастархан үстіндегі тәртіп т.б;

Тілдік мақсатқа байланысты талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ас үй бөлмесінің ережелеріне сүйенсек .... жасауға тиым жасалады.
  • Салаттың құрамына ... .
  • Салатты жақсату үшін .... .
  • Мен үшін салаттың ... маңызы зор деп білемін.
  • Мен үшін ... қызықты деп білемін.

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет

Оқушылар мен мұғалім бір-бірімен амандасады. Негізгі ұғымдарды талдау кезінде мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың бір-бірінің пікірімен алмасып құрмет көрсетуі.

Еңбек және шығармашылық

Жұптық және топтық жұмыс жасауда бірігіп еңбек етеді, оқушылар жаңа идея ұсынады.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, География.

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша қажетті ақпараттарды іздеу, өңдеу.

Презентация жасау барысында АКТ құрылғыларына жүгіну және топта/жұпта бөлісу.

Бастапқы білім

Жартылай дайын өнім туралы түсінік қалыптастыра отырып, олардың адам ағзасына жағымды және жағымсыз жақтарын өзара салыстырды. Жартылай орындалатын тағамдардың жасалу жолдары мен технологияларымен таныстырып, керекті құралдардың көмегімен практикалық жұмыстарын суреттеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

7 мин

3 мин

10 мин

5 мин

4 мин

5 мин

4 мин

Сабақ басында:

  • Оқушылармен амандасу /тексеріс жүргізу/ оқушылардың зейінін шоғырландыру.
  • Сабақ барысында керекті құрал-жабдықтарын тексеру.

Оқушылардың /алдынғы сабақ барысында жасалған суреттерін/ үй тапсырмасының сапалы түрде, дұрыс орындалғанын тексеру. Жіберілген қателіктері немесе жұмыс аяқталуына көз жеткізу.

Оқушылардың назарына сабақ тақырыбы мен оқу мақсатына көз жүргізу.

Тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы.

6.2.4.3 Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану

6.2.4.4 Әр түрлі тағамдарды дайындау үшін азық-түліктер, құрал-саймандар мен керек-жарақтарын анықтау және таңдау

Практикалық тапсырманы бастамастан бұрын ас үй бөлмесің ережерін қайталап, оқушылардың назарына еске салу.

Асүй бөлме ішіндегі қауіпсіздік техника ережелерін қайталау.

  • Кесу құралдарын қолданғанда
  • Өткір кесу құралдарынан сақ болыңыз. Олар, пышақ, қайшы секілді дүние.
  • Пышақпен шанышқыны берер кезде ұшын өзіңе қаратып ұсынуды ұмытпаңыз
  • Нан, көкөністер тураған кезде тақтайшаны қолданып, дұрыс кесу ережелерін сақтаңыз: сол қолдың саусақтары бүгіліп пышақтардың өткір жүзінен арақашықтығы алшақ болуын ескеріңіз.
  • Жұмысты бастамастан бұрын қолыңызды жақсалап жууды ұпытпа.

Диалогты оқыту

Оқушылар топтаса немесе жұптасып, бүгінді дайындалатын салат құрамдарын әзірлейді. Салатты бастамастан бұрын оқушылар назарына төмендегі бейнеролик көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=LhHyG9jsL-o

Сұрақ:

  • Бейнеролик не туралы?
  • Салатқа қандай құрамдар қажет?
  • Салаттың жасалу жолдары күрделі ме?
  • Бізге салат жасау үшін қандай асүйлік құралдар қажет?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің практикаға қажетті жемістер мен құрал-саймандарын әзірлейді.

Қалыптастырушы бағалау:

Мұғалім оқушыларды немесе оқушылар өзара бағалай алады.

Бағалау критерийлері

Жетті

Талпынады

Жемістер салат жасалу жолдарын қарастырады.

Өз ойын толығымен түсіндіре алады.

Жемістер салатын жасау үшін керекті құрал-саймандарды анықтайды.

Қорытынды жасайды.

Тексеріс журнал

Интерактивті тақта

Презентация 1 бет

Презентация 2 бет

Презентация 3 бет

Бағалау парақ

Презентация 4 бет

30 мин

10 мин

5 мин

Практикалық жұмыс

Жоғарыда айтылған бейнероликті есте сақтай отырып, жемістер салатын әзірлеу.

Оқушылар салат жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауды және жұпта өзара қол көмектерін беруді қадағалау мұғалімнің қолында.

  • Жеміс-жидектердің туралуы
  • Қаймақ немесе иогурттің көмегімен дәмденуі
  • Салатты безендіру

Топта/жұпта өзге сыныптастарының салаттарын дәмін тату және бағалау.

Оқушылар өзара сынып ішінде жасалған жеміс салаттарын дәмін татып, 2 жұлдыз 1 тілекпен бағалайды.

  • Сыныптың үздік жұптары
  • Тәтті салат
  • Ең әдемі салат жұптар жұмысын атап көрсетуге болады.

Қалыптастырушы бағалау:

Оқушылар өзін-өзі немесе өзара бағалау жұмысын жүргізу.

Бағалау критерийлері

Жетті

Талпынады

Жұптаса/топтаса бірігіп практикалық жұмысын іске асырады.

Қауіпсіздік ережелерін ескереді.

Керекті құрал-жабдықтарды қолданады.

Салатты безендіреді.

Берілген уақытты ұтымды пайдаланады.

Өз ойымен/идясын жүзеге асырады.

Алма, киви, банан, апельсин, қаймақ, иогурт, пышақ, тақтай.

Бағалау парақшасы

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

оқушылардың назарына келесі сурет көрсетіліп, сабақ барысында түсінбеген мағұлматтары болса, сұрақтарын қойып талқылай алады.

Суреттер парақшасы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар өз жұмыстарын тақтада берілген жетістік критерийлер арқылы бағалайды.

Қауіпсіздік ережелерін оқушыларға сабақ барысында түсіндіріліп, жасау кезінде мұғалімнің назарымен қадағаланады.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.

Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу