Тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

4 бөлім: Тамақтану мәдениеті

Сабақ тақырыбы:

Тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы.

Оқу мақсаты:

6.2.4.3 Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану

6.2.4.4 Әр түрлі тағамдарды дайындау үшін азық-түліктер, құрал-саймандар мен керек-жарақтарын анықтау және таңдау

Сабақ барысы

Сабақ мақсаты:

Жылдам әзірленетін тағамдарды дайындау үшін қажетті құралдармен ингредиенттерін білу;

Жылдам әзірленетін тағамдардың тәсілдерін қарастыру.

Бағалау критерийлері:

Жылдам әзірленетін тағамдардың ерекшеліктерін біледі;

Салаттың құрамын анықтайды;

Салатқа керекті ас бөлме құралдарын әзірлейді;

Ас үй бөлмесінің ережелерін біледі және оларды ұстанады;

Жемістер салатын әзірлейді.

Сабақтың басы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің амандасуы, оқушылардың сабаққа қатысуының тексеру.

Альбомның бір бұрышына қазіргі көңіл-күйлеріңіздің символының суретін салыңыз? Қандай көңілмен сабаққа келдіңіздер?

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын анықтау.

(С) Экспресс тест

Сұрақтарға жауап бер:

Тамақ әзірленетін орын қалай аталады? (Асхана, Асүй)

Адамның ағзасына қажетті қандай құнарлы заттар қажет? (ақуыз, май, көмірсулар, минеральды тұздар және дәрумендер)

Адам ағзасындағы дәрумендердің рөлі қандай? (жүйке-жүйесінің нығаюына әсер етеді, адамның жалпы жағдайын жақсартады, ағзаның жұқпалы ауруларға тосқауылын күшейтеді)

Қандай дәрумен өсу дәрумені болып табылады?(А дәрумен)

С дәрумені қандай азық-түлікте көбірек? (қырыққабат, лимон, қара қарақат, пияз және сарымсақ, итмұрын)

(С) Оқушыларға практикалық тапсырмаға кіріспес бұрын қауіпсіздік техникасының ережелері туралы еске салыңыз.

Өткір құралдарды қолдану барысында:

Өткір құралдарды пайдалану барысында абай болыңыздар (пышақ, қайшы)

Пышақ, шанышқыны біреуге беру кезінде ұшы сізге қарай бұрылып тұруы тиіс

Көкөністер мен нанды турау барысында кесудің дұрыс ережесін сақтаңыздар.

Көкөністер мен нанды турау кезінде азық-түлік турайтын тақтаны қолданыңыздар.

Тамақты әзірлеуге кіріспес бұрын міндетті түрде қолды тазалап жуыңыз.

(Т) Оқушылардың практикалық жұмысы.

Көкөністен/жемістен жасалатын салат.

Мұғалім қауіпсіздік техникасының ережелерінің дұрыс сақталуын қадағалайды.

Жұмысты орындау кезеңдері.

1.Көкөністерді алғашқы өңдеуден өткізу.

2.Турау.

3.Салатты тұздау, дәмдеуіштерін салу.

4.Салатты әсемдеу

Топтар таныстырылымға дайындалады. Үстелді жабдықтайды. Әзірленген тағамдардың дәмін тату. Бірін-бірі бағалау.

Критериалды бағалау.

Бірін-бірі бағалау.

Бағалау критерийлері

Жетті

Талпынады

Жұптаса/топтаса бірігіп практикалық жұмысын іске асырады.

Қауіпсіздік ережелерін ескереді.

Керекті құрал-жабдықтарды қолданады.

Салатты безендіреді.

Берілген уақытты ұтымды пайдаланады.

Өз ойымен/идясын жүзеге асырады.

Оқушылар топтарға жұлдызшалар тағады:

Тағамның дәмі үшін;

Салатты әсемдеу;

Үстелді жабдықтау.

Қорытындылау.

Рефлексия:

Топта қандай адамды белсенді деп таптың? Өзіңнің таңдауыңды дәлелде.

Сабақта қандай ақпарат сен үшін жаңа болды?

Жылдам әзірленетін тағамдар ағзаға пайдалы ма? Неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу