Жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Әдістемелік нұсқаулық
4 бөлім: Тамақтану мәдениеті
Сабақ тақырыбы:
Жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы.
Оқу мақсаты:
6.2.4.3 Жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану.
Сабақ барысы
Сабақ басында:
Оқушылармен амандасу /тексеріс жүргізу/ оқушылардың зейінін шоғырландыру.
- Сабақ барысында керекті құрал-жабдықтарын тексеру.
Оқушылардың назарына сабақ тақырыбы мен оқу мақсатына көз жүргізу.
Практикалық жұмыс
Тұшпараның /котлет, балмұздақ/ жасау жолдарын /нарисованный рецепт/ суреттеу.
Тұшпара жасау үшін керекті құралдарды анықтап, олардың жасалу жолдарын А4 қағаз бетіне суреттеу.
- Композициялық шешімін анықтау;
- Түстік шешімін таңдау;
- Жұмысқа керекті түстерді анықтау.
Оқушылар жұмыстарын жақсарту мақсатында өзара сынып ішінде ақыл-кеңеске жүгіну.
- Мен жұмысымды жақсарту үшін не істеуім керек?
- Қандай түстерді қолдансам, жұмысым жақсара түседі?
Сынып ішінде талқылау жасап, көркейту жұмыстарын орындайды.
Қалыптастырушы бағалау:
Оқушылар өзін-өзі немесе өзара бағалау жұмысын жүргізу.
Бағалау критерийлері | Жетті | Талпынады |
Тамаққа керекті құрал-жабдықтарды ыдыс-аяқтарды суреттейді. | ||
Композиция заңдылықтарын сақтайды. | ||
Берілген уақытты ұтымды пайдаланады. | ||
Өз ойымен/идясын жүзеге асырады. | ||
Түстік шешімін анықтап суреттей алады. | ||
Тамақтың жасалу жолдары суреттелген. |
Рефлексия:
Оқушылардың назарына келесі сурет көрсетіліп, сабақ барысында түсінбеген мағұлматтары болса, сұрақтарын қойып талқылай алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?