Дастарқан басында өзін дұрыс ұстау мәдениеті және мерекелік дастарқанды жабдықтау. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

4 бөлім: Тамақтану мәдениеті

Сабақ тақырыбы:

Қазақ халқы мен түрлі халықтардың және де қоғамдық тамақтану орындарындағы дастархан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері.Оқу мақсаты:

Сабақ тақырыбы:

6.2.4.1 Қоғамдық тамақтану орындарында, қазақ халқы мен әлем халықтарының мәдениетіндегі дастархан басында өзін-өзі ұстау ережелерін салыстыру және сипаттау.

6.2.4.2 Әртүрлі іс-шараға арналған дастарханды безендірудегі білімдері мен тәжірбиелік дағдыларын көрсету.

Сабақ барысы

Сабақ басында:

  • Оқушылармен амандасу /тексеріс жүргізу/ оқушылардың зейінін шоғырландыру.
  • Сабақ барысында керекті құрал жабдықтарын тексеру.

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбын көрсетіп, төмендегі сұрақтарды ұсыну:

  • Қазақстан аумағында қандай ұлттар өмір сүреді? (Орыс, татар, башқұрттар, немістер, армяндар, молдовандар, өзбектер және т.б.)
  • Олардың дәстүрлі тағамдары қандай?

(борщ, шишкебек, манпар, гомини, палау)

Мұғалім: Әрбір ұлттық аспаздықтың қайнар көзі екі негізгі фактор, олар, тамақ/өнім мен олардың өңделу болып табылатындығын және олардың тығыз байланысты.

Тамақ өнімдері табиғат пен материалдық өндірістің көмегімен қамтамасыз ететіндігін (олар, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, әртүрлі сауда-саттық) түсіндіру. Бұл, өз кезегінде, ұлттық тағамдардың ерекшеліктері елдің географиялық орналасуымен, оның климаттық және экономикалық жағдайында әсер ететіндігін атап айту қажет.

Оқушылардың жауабымен танысқан соң, осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарымен таныстыру.

6.2.4.1 Қоғамдық тамақтану орындарында, қазақ халқы мен әлем халықтарының мәдениетіндегі дастархан басында өзін-өзі ұстау ережелерін салыстыру және сипаттау.

Мұғалім: Тамақтану кезінде жүріс-тұрыс ережелері бастан ойлап табылмайды. Әрбір ереженің өз мәні бар. Кейбір ережелер дастархан басындағы адамдарды құрметтеуге және үй иелеріне ыстық ілтипатына бөленуге ие болу.

Оқушылардың назарына «Кімдікі қате?» суреттер үлгісі таныстырылады. Берілген суретті сынып ішінде талқыланады. Мұғалім мен оқушы арасында диалогты оқуту іске асуы қажет.

Мұғалім: Ережелерді  жай ғана  атап отыру қажет  емес, біртіндеп  ойын  және мейірімді  түрде оларды баланың санасына жеткізу керек. Дастарқан  басында  ілтипат   көрсету, қасында  отырған адамға теріс  қарап  отыруына, неге тамақтанып  болған  соң  алғыс  айтуына керек  екенін  өзі  ойланып  түсінік беруі  қажеттігін атап ату.

Тапсырма 1

Оқушыларды өзара 4 топқа бөлінеді.

Тақтада берілген суреттердің атауын айтқан топтар, сол елінің дастархан басындағы ережерлерінің ерекшелігі бойынша зерттеме жұмыстарын жасайды.

Көмекші сұрақтар:

  • Сіздің таңдалған еліңіз несімен ерекшеленеді?
  • Дастархан басында өзін-өзі ұстау ережелерін атасаңыз?
  • Қазақ елімен ұқсастығы және айырмашылығы?

Оқушылар өзара топтаса шешкен ойларымен/жаңалықтарымен сынып ішінде бөліседі.

Қалыптастырушы бағалау:

Әр топ зерттеме жұмыстарын өзара топта бағалау жүргізеді.

Бағалау критерийлері

Жетті

Талпынады

Өзге елдегі дастархан басындағы ережелермен/өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерімен сынып ішінде бөліседі.

Қазақ және әлем халықтарының дастархан мәдениеттерін өзара салыстырады.

Таңдалған елді мекеннің ерекшелігін саралап түсіндіре алады.

Топтағы оқушылар өзара сыйластық танытады.

Берілген уақытты ұтымды пайдаланады.

Қорытынды жасайды.

Оқушылардың назарына «Дастархан» мультфильмі көрсетіледі.

Сыни ойлау сұрақтары

  • Мультфильмнің мақсаты қандай?
  • Қонақ пен тышқан Абзалдың дастархан басындағы ережелерді кім қалай ұстады?
  • Бұл мультфильмнен неге үйренуге болады?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу