Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 Дизайн және технология | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру- | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.1.1 Мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру. 6.3.3.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) салыстыру. | ||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Көрме – выставка – Exhibition Жоба – проект – the project Нысаналы аудитория – целевая аудитория – the target audience Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Мен өз жобамды ... матасынан орындауды жөн көрдім. Себебі, ... Сіз мына жұмыста ... матасын қалай өңдедіңіз және ЫЖӨ өткізуде қандай ережені ұстандыңыз? | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Жоба таныстырылымын жасау арқылы бір-біріне құрмет, шығармашылық пен еңбек құндылықтарын дарыту іске асырылады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі – мәнерлі сөйлеу дағдыларын дамыту | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, презентация | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар бастапқыдан нені біледі немесе осы сабақ алдында олар нені білуі керек? (негізгі ұғымдар, фактілер, формулалар, терориялар) Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз? | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 мин | Сәлемдесу. Жоба қорғау ережелерімен таныстыру, қатаң сақталуына назар аудару. | ||||||
Сабақтың ортасы 75 мин
| 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған «Алжапқыш» тақырыбындағы жеке жобаны қорғау. Оқушыларды ережелер мен тәртіппен таныстыру.
(Ө) (Қ) Дайын бұйымды қорғау: 1. Алжапқыш моделін көрсету. 2. Бұйымның моделі, әрлеуі, оның ерекшелігі, таңдалған материалы мен оның қасиеті туралы әңгімелеу. 3. Эстетикалық түрі мен сапасын жақсарту үшін бұйымның қай жеріне өзгерту енгізуге болатынын көрсету. 4. Бұйымды дайындау барысында жинақтаған жаңа білім, біліктілігі, жұмыс барысында кездескен қиындықтар туралы әңгімелеу; 5. Дайын бұйымның әдемі жақтары мен кемшіліктерін көрсету; 6. Бұйым құнын есептеу және бұйымды дайындаудың пайдасы туралы қорытынды жасау; Бұл сабақта шығармашылық жұмыстың қорытындысы шығарылады. Оқушылар таныстырып болған соң дефиле, сән көрсету түрінде қойылым жасайды.
Оқушылар бұйымды дайындау кезеңі бойынша суретімен, эскизімен электронды презентацияларын көрсетеді. Оқушыларға сыныптастарының жұмысына пікір немесе ұсыныс жазуды ұсыну. | http://vip.ve4erinki.net/organizaciya_modnyh_pokazov http://citycelebrity.ru/citycelebrity/Post.aspx?PostId=292 интерактивті тақта, РРТ бағдарламасы | |||||
Сабақтың соңы 5 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | стикер | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде жүргізіледі. | Оқушылардың өз жобаларын нысаналы аудиторияға таныстыру барысы мен термин сөздерді дұрыс пайдалану арқылы өз ойын жеткізуі, уақытты есепке алуы бағаланады. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?