Бұйымды дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабаққа қатысты әдістемелік нұсқаулық
Ұзақмерзімді жоспар тарауы: Дизайн және технология
Сабақ мақсаты:
6.2.3.1
Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.
Тігін машинасының шығу тарихы
Тігін машинасын ойлап табу тарихы үлкен қызығушылық білдірді. XV ғасырдың соңында ең алғашқы болып Леонардо да Винчи тігін машинасының жобасын ұсынды, бірақ ол жүзеге аспай қалды. 100 жыл өткеннен кейін XVI ғасырдың аяғында ағылшындық Уильям Ли әйелінің бізбен тоқыған қолының қимылын ықыласпен байқай отырып, тоқыма машинасын ойлап шығарды. 1755 жылы неміс Карл Вейзенталь қол тігісінің көшірмесін жасайтын тігін машинасына патент алды.
1790 жылы ағылшын Томас Сент етік тігетін тігін машинасына патент алды, машина қолмен қимылға келтірілді және етік бөлшектері инеден қолмен ығыстырылатын еді, инежылжытқыш тік жазықтықта қайырма-үдемелі қозғалыс жасайтын.
1808 жылы ағылшын Т.Сент, Д.ПИРИ тігіншілерге арналған жеңіл сөгілетін ілмекті түзу тігісті тігін машинасын ойлап шығарды. 1829 жылы француз Б.Тимонье бір жіпті ілмек тігісті тігін машинасын ойлап шығарды. 1834 жылы американдық Уолтер Хант қайықты құрылысы және ине көзі ұшталған тігін машинасын ойлап шығарды, бұл бірінші қайықты тігін машинасы еді, онда жоғарғы және төменгі жіп қолданылды. Мұндағы бір кемшілік, шөлмек механизмінде төменгі жіпті тартып реттегіші болмады. 1843 жылы У.Хант және Б.Бин қисық ине қолданылатын тігін машинасын ойлап шығарды. 1844-1845 жылдары американдық Элиос Хоу қайықты тігін машинасына патент алды, бұл тігін машинасында мата арнайы жылжытушы тұтқа түйреуіштеріне тігінен қадалып орнатылады және бір түзу бағытпен алға ғана жылжитын доға тәрізді ине көлденең жазықтықта қозғалды, ал қайық тоқу станогының қайығы сияқты алға-артқа жылжып отырды. Кейіннен тігін машинасын ойлап табушылар мұны жетілдіре түседі. 1850 жылы Алена Вильсонның және Гиббстың, 1851 жылы Исаак Зингердің тігін машиналарында ине ине тігінен орналастырылған, мата табанмен көлденең платформаға қысылып жылжитын болды, ал мата тісті дөңгелек көмегімен, соңыра тісті пластинка (рейка) көмегімен жылжыған. Исаак Зингердің ойлап тапқан тігін машинасы қазіргі заманғы тігін машиналарының түріне келтірілді. Осы кезеңде Еуропада тігін машиналарын шығаратын өндірістер пайда бола бастады. Ағылшын Томас Эйт, неміс Детон Ноуман және Вилли Пфафф, швед Хускварна және басқалары тігін машинасына жаңалықтар енгізу және дамытумен айналыса отырып, өздерінің фирмаларын аша бастады. Тігін машиналары АҚШ-тан Азия құрлығына жеткізіле бастады. 1877 жылы Жапонияға жеткізілді. 1850 жылы Исаак Зингер өзінің фирмасын ашты, Хоудың тігін машинасына жаңалықтар енгізе отырып, тігін машинасын шығара бастады. 1870 жылы «Зингер» тігін машинасын шығаратын алып фирма Америкада ғана емес, дүние жүзінің басқа мемлекеттерінде де филиалдарын ашты.
Қазіргі кезде тұрмыстық тігін машинасын үлкен екі топқа бөлуге болады: электрмеханикалық және компьютерленген. Сондай-ақ, компьютерленген кестелі тігін машинасы топшасы бар. Бұл тігін машинасының ең маңыздылығы сол – тігіс және операцияларының көптігі.
Электрмеханикалық тігін машинасында орта есеппен 10-нан 40-қа дейін түрлі тігіс орындалады. Қазіргі кезде тігісті «бағдарлама» дейді. Оларды мынадай топқа бөледі: жұмысшы, декоративті, торлау (оверлочные).
Барлық тігін машиналары келесі элементтерден тұрады: бөлшектер, буындар және механизмдер.
Бөлшек – құрастырушы операциясыз жасалатын элемент, мысалы: винт, гайка, білік, болт, шпонка.
Буын дегеніміз – бөлшектер тобы. Буындар қозғалмалы және қозғалмайтын болып келеді. Қозғалмайтын бөлшектер бір қатты қозғалмайтын денені құрайды(мысалы, машинаның корпусы). Әрбір қозғалмайтын бөлшек, топ бөлшектері бір қатал жүйені құрайды, оны қозғағыш буын дейді (иін, бұлғақ, жетектеме, т.б.). Екі қосылған буын бір-біріне қарағанда қозғалатын кинематикалық жұпты құрайды. Кинематикалық жұптардан құралған буын (звено) кинематикалық тізбекті құрайды. Қол тігістеріне (стойка) орналасқан барлық механизмдер кинематикалық тізбектен тұрады.
Машина – бұл механизм немесе механизмдер үйлесімі, белгілі бір жұмыс жасау үшін қозғалыстың қайта өзгеруі немесе жұмыстың аяқталған түрі. Әрбір механизм немесе бөлек түйіндердің өзара қарым-қатынасын анық түсіну үшін арнайы шартты белгілермен белгіленген сызбамен сызып көрсетеді (1-кесте). Тігін машинасының негізін орындаушы механизмдер құрайды, яғни тасымалдаушы механизмдер арқылы электр жетегінен қозғалыс алады және технологиялық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Негізгі жетек (привод) – білік тасымалдаушы механизм болып табылады, машинаның айналмалы қозғалысын әр түрлі элементтердің көмегімен жүзеге асырады. Тігін машинасының жұмыс мүшелері жұмыс істеуші бөлшектер және орындаушы бөлшектер деп бөлінеді.
Тігіске қатысты бөлшектер: ине, қайық (челнок), жіптартқыш, тісті рейка, табан, ілмек және т.б.
Машинаның жұмыс мүшесіне қозғалыс беруші және жіпті дұрыс реттеуші бөлшектер: білік (вал), бұлғақ, иін, бұлғақты иін, жұдырықша, саусақ, тісті дөңгелек, эксцентрик, т.б.
Буындардың жинау және бекіту механизмін қамтамасыз етуші бөлшектер: гайкалар, болттар, бүркеншіксіз шеге (штифты), финттар.
Қозғалмайтын бөлшектер: машинаның корпусы, қоршаулы механизмдері және т.б.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?