Бөлшектерді біріктіру және бұйымды безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Бөлшектерді біріктіру және бұйымды безендіру.

Оқу мақсаты:

6.2.3.2

Әр түрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау.

6.2.6.2

Қол, электрлі құралдары мен жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру мен тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу) білу және түсіндіру.

Сабақ барысы

Сабақ мақсаты мен тақырыбын анықтау, талқылау.

Бөлшектерді өңдеуге арналған технологиялық-нұсқау карта бойынша жұмысты жалғастыру. Оқушылар нұсқау карта бойынша дайын болған бөліктерін біріктіруге кіріседі. Келесі өңдеу түйіні – бұйымды жинау.

(Ө) Тапсырма: Алжапқыш бөліктерін біріктіру.

Дескрипторлар:

  • белдік пен аспабау бөлшектерін қол тігісімен алжапқышқа біріктіреді;
  • машинамен сырып тігеді;
  • Қол тігісі жіптерінен тазартады;
  • Соңғы ЫЖӨ-ден өткізеді.

Дайын бұйым бөлшектерінің біріктіру үлгісін қарастыруды ұсыну. Бөлшектердің қандай тәсілмен біріктірілгенін, дайындау барысында қандай әрлеу қолданылғанын талқылау.

(К) Бөлшектерді біріктіру тәсілдерін көрсету.

(Ұ) Оқушыларды бұйымды өңдеу және біріктіру жұмыстарын реттілікпен орындауға бағыттау.

(Ө) Оқушыларға алған ақпараттары негізінде аспабауды көкірекшемен, белдікті алжапқыштың төменгі бөлігімен біріктіруді ұсыну. Сонан соң оқушылар қалтаны алжапқыштың төменгі бөлшегіне қосып тігедіМұғалім оқушылардың өздік жұмысын бақылайды, бағыт беріп, түзету енгізеді.

Жұмыстың әр кезеңінен кейін ылғалды-жылумен өңделуіне назар аудару.

Оқушыларға бөлшектерді ылғалды-жылумен өңдеу, тігін машинасымен тігу, құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқау беру.

(Ө) тапсырма: Алжапқышты безендіру.

Дескрипторлар:

  • Қажетті материалдарды дұрыс таңдайды;
  • Бұйымды талғаммен безендіреді;
  • Өз идеясын түсіндіре алады.

Дайын болған бұйымды безендіру бойынша жұмыс жасау. Түрлі қолда бар материалдармен безендіру (бисер, моншақтар, шашақтар, тері қиындылары т.б.)

Оқушылар бұйымды дайындау кезеңі бойынша суретімен, эскизімен электронды презентация дайындауына болатынын ескерту.

Сабақ соңында оқушылар бір-бірінің жұмыстарын көріп, ой-пікірлерімен бөліседі, сұрақтарына жауап береді.

Жұлдыз стикерін жабыстыру арқылы бағалау жүргізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу