Бөлшектерді біріктіру және бұйымды безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бөлшектерді біріктіру және бұйымды безендіру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.2

Әр түрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау.

6.2.6.2

Қол, электрлі құралдары мен жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру мен тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу) білу және түсіндіру.

 Сабақ мақсаттары

  • Алжапқыш бөліктерін біріктіру;
  • Соңғы ЫЖӨ-ден бұйымды өтізу;
  • Бұйымды безендіру.

 Бағалау критерийлері

  • Біріктіру тігістерінің түрлерін біледі, ажырата алады;
  • Тігін машинасымен жұмыс жасауда техника қауіпсіздігін ұстанады;
  • ЫЖӨ жұмыстарын сапалы орындайды;
  • Безендіру барысында материалдарды үйлесімді пайдаланады;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Безендіру – декорировать – decorating

Біріктіру – соединение - connection

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен бөлшектерді біріктірудің ... әдісін таңдадым. Себебі, ...

Алжапқышты безендіру үшін мен ... материалдары мен құрал-жабдықтарын қолдандым.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Осы сабақта балалардың бойына еңбек және шығармашылық, патриоттық сезім, жалпыадамзаттық құндылықтарын бұйымды өңдеу, безендіру барысында сіңіру арқылы жүзеге асады

 Пәнаралық байланыстар

Физика – электрлі үтікпен жұмыс жасау

Қазақ тілі – өз ойын жеткізу, термин сөздерді дұрыс пайдалану.

 АКТ қолдану дағдылары

Тігін машинасының тігістері мен өңдеу бойынша бейнероликтер

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алжапқыш бөліктерін өңдеген, тігін машинасында жұмыс жасау дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сабақ мақсаты мен тақырыбын анықтау, талқылау.

Сабақтың ортасы

70 мин

40 мин

35 мин

Бөлшектерді өңдеуге арналған технологиялық-нұсқау карта бойынша жұмысты жалғастыру.

Оқушылар нұсқау карта бойынша дайын болған бөліктерін біріктіруге кіріседі. Келесі өңдеу түйіні – бұйымды жинау.

(Ө) Тапсырма: Алжапқыш бөліктерін біріктіру.

Дескрипторлар:

  • белдік пен аспабау бөлшектерін қол тігісімен алжапқышқа біріктіреді;
  • машинамен сырып тігеді;
  • Қол тігісі жіптерінен тазартады;
  • Соңғы ЫЖӨ-ден өткізеді.

Дайын бұйым бөлшектерінің біріктіру үлгісін қарастыруды ұсыну. Бөлшектердің қандай тәсілмен біріктірілгенін, дайындау барысында қандай әрлеу қолданылғанын талқылау.

(К) Бөлшектерді біріктіру тәсілдерін көрсету.

(Ұ) Оқушыларды бұйымды өңдеу және біріктіру жұмыстарын реттілікпен орындауға бағыттау.

(Ө) Оқушыларға алған ақпараттары негізінде аспабауды көкірекшемен, белдікті алжапқыштың төменгі бөлігімен біріктіруді ұсыну. Сонан соң оқушылар қалтаны алжапқыштың төменгі бөлшегіне қосып тігедіМұғалім оқушылардың өздік жұмысын бақылайды, бағыт беріп, түзету енгізеді.

Жұмыстың әр кезеңінен кейін ылғалды-жылумен өңделуіне назар аудару.

Оқушыларға бөлшектерді ылғалды-жылумен өңдеу, тігін машинасымен тігу, құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқау беру.

(Ө) тапсырма: Алжапқышты безендіру.

Дескрипторлар:

  • Қажетті материалдарды дұрыс таңдайды;
  • Бұйымды талғаммен безендіреді;
  • Өз идеясын түсіндіре алады.

Дайын болған бұйымды безендіру бойынша жұмыс жасау. Түрлі қолда бар материалдармен безендіру (бисер, моншақтар, шашақтар, тері қиындылары т.б.)

Оқушылар бұйымды дайындау кезеңі бойынша суретімен, эскизімен электронды презентация дайындауына болатынын ескерту.

Сабақ соңында оқушылар бір-бірінің жұмыстарын көріп, ой-пікірлерімен бөліседі, сұрақтарына жауап береді.

Жұлдыз стикерін жабыстыру арқылы бағалау жүргізеді.

Белді, аспабау бөліктері

Тігін машинасы, үтік, ине, жіп, қайшы

Презентация

Түрлі қолда бар материалдар, моншақтар, бау, таспалар, шашақтар, тері мен мата қиындылары т.б., қайшы, ине, жіп

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде жүргізіледі.

Оқушылардың алжапқыш бұймының біріктіру сапасы мен дизайны, өз ойларын негіздеп, түсіндіре алуы бойынша бағаланады.

Тігін машинасы мен электрлі үтікпен жұмыс барысында техника қауіпсіздігін ұстану ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу