Материалды іріктеу және дайындау. Өлшемді алу және алжапқыш суретін салу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Материалды іріктеу және дайындау. Өлшемді алу және алжапқыш суретін салу.

Оқу мақсаты:

6.1.4.1

Уақытты және басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттердің орындалу жүйесін жоспарлау және анықтау

6.1.5.2

Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін эскиздерді, техникалық сызбаларды және суреттерді орындау

Сабақ барысы

(СЖ) Келесі сұрақтар бойынша оқушылардың бірлесіп талқылау:

  • «Жобалау», «жинақтау» және «үлгі» дегеніміз не?
  • Киім үлгісін жинақтау қайда қолданылады?
  • Суреттердің сызбалары не үшін қажет?

Дайын өнімнің мысалында - алжапқыштар мен қапсырмаларды көрсетіп оқушылар шығармашылық өнімдердің қажетті өлшемдерін анықтау үшін суретті өлшеу қажеттілігі туралы көрсету және түсіндіру. Қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және әртүрлі манекендер немесе бейнелерді пайдалана алады.

(ЖЖ) Тапсырма: Мәселені анықтау:

Екі оқушыны тақтаға шығуға шақырып әртүрлі өлшемдегі асүйлік алжапқыштарды киіп көруді сұрау. Оқушылар қорытынды жасайды, бір қызда алжапқыш жақсы жарасып, екіншісіне кішкентай болғанын көреді. Олар өздерінің жауаптарын негіздейтін себептерді атайды.

Өнімнің сызбасын салу үшін адамның өлшемінен өлшемдер алынады. Өлшемді дұрыс алу керек, әйтпесе сызба дұрыс емес болып шығады және оған салынған өнім суреттегідей дұрыс отырмайды. Өлшем белгілі бір ережелерге сәйкес сантиметрлік таспаны қолданады.

Өлшем - адамның дене бітімінің негізгі өлшемдері.

Өлшемдерді алу - бұл адамныңдене бітімінің негізгі шартты сызықтарын өлшеу. Фигураның негізгі бағыттары: мойын сызығы, кеуде сызығы, белдің сызығы, бөксе сызығы, тізе сызығы.

Тапсырма 1: өлшемнің атаулары мен оның шартты белгілерімен және ережелерімен таныстыру, алжапқышты жасау үшін қандай өлшемдер қажет екенін анықтап, олардың суретте орналасқан жерін көрсетіңіз.

Шартты белгілері

Өлшем алу ережелері

Өлшемнін атаулары

Менің өлшемдерім

Кұ

Бел сызығынан қажетті ұзындыққа түсіріледі

Кеуденің ұзындығы

Тбұ

Бел сызығынан қажетті ұзындыққа түсіріледі

Төменгі бұйым ұзындығы

Жба

Бел сызығын қынаған жіп бойынша

Жартылай бел айналымы

Жбөк.а

Бөксені көлдененінен айналдыра түсіреді

Жартылай бөксе айналымы

(ЖЖ) Жұптасып талқылау: өлшем алу ережелері

Адамның дене бітімінің оң жағынан өлшем алынады;

• Алдымен көлдененінен айналдыра өлшем алынады, содан соң ұзындығы өлшейді;

• Өлшем алғанда Сантиметрлік таспаны тартпаңыз немесе босатпаңыз;

• Жеңіл киім үстінен өлшем алынады;

• Бел жағын белдік жіппен байлап қояды;

• Ұзындық өлшемі толығымен жазылып, ені мен енін өлшемдерінің жарытысы жазылады, себебі сызба суреттің жартысынан құралады.

Шартты белгілері

Өлшемнін атаулары

 өлшем нәтижесі

Кұ

Кеуденің ұзындығы

Тбұ

Төменгі бұйым ұзындығы

Жба

Жартылай бел айналымы

Жбөк.а

Жартылай бөксе айналымы

Тапсырма 1: жұптасып оқушылар бір-бірінің өлшемдерін алып және деректерді технологиялық карталарды пайдалана отырып жазып қою.

Оқушылар өлшемнің көбісі бел айналымы (БА) және бөксе айналымы (БА) өлшемдерінің бірдей екеніне көзі жетеді және ұзындық өлшемдері әртүрлі екеніне көз жеткізеді: оқушы қаншалықты биік болса, төсбелгінің ұзындығы мен алжапқыштың төменгі бөлігі соғұрлым ұзын болады.

(С) Оқушылармен жұмыс тәртібін талқылау:

• Үлкен форматтағы қағазда алжапқыш суретін толық көлемде орындауға болады. M 1: 1-де алжапқыштың эскизін жасау

• Нәтижесінде шыққан сызбаны пішіп алу.

• Үлгінің барлық элементтеріндегі бөліктердің атауын жазыңыз.

• Әрбір бөлікке көрсеткіші бар жіптің бағытын көрсетіңіз.

Әр кесілген жерді сантиметрмен өлшеп шығыңқы жерлерді белгілеу.

Графикалық сызбаны сызу үшін дескрипторлар:

• Өлшеуді өз бетіңізше алады

• алжапқыш пен қапсырманың эскизін әзірлейді және орындайды

• олардың композициялық құрылымын ескереді

• Қағаз және сызу құралдарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу