Материалды іріктеу және дайындау. Өлшемді алу және алжапқыш суретін салу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Материалды іріктеу және дайындау. Өлшемді алу және алжапқыш суретін салу.

Оқу мақсаты:

6.1.4.1

Уақытты және басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттердің орындалу жүйесін жоспарлау және анықтау

6.1.5.2

Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін эскиздерді, техникалық сызбаларды және суреттерді орындау

Сабақ барысы

Музыкалық бөлім (сабақтың басында және сабақ байы - әртүрлі стильде, дәстүрлі музыкалық аспаптар ойналып тұруы қажет). Ұйымдастыру бөлімі - сабақтың тақырыптары мен міндеттерін бірлесіп анықтау  

Сәлемдесу.

(ЖЖ) Тапсырма – ойын «Ойлап тап!»

Барлық оқушылар жұптасып жаңа сөздерді және олардың мағынасын қайталайды. Керекті заттар: бір оқушы стикерге өткен немесе жаңа тақырыптарға байланысты кез келген сөзді және оның мағынасын жазып екінші оқушының маңдайына жапсырылады. Оқушылар бір біріне қарама қарсы отырып көмекші сұрақтар қойып толық жауап алып жасырылған сөзді табу керек. Мұғалім тапсырма дұрыс орындалғанын бақылайды, керек жағдайда эмоционалды қолдау көрсетеді.

Жұптық жұмыс аяқталған кезде өткен тақырыпқа байланысты сөздерді еске түсіріп қайталағанына қорытынды жасаған жөн. Сондай-ақ, осы сабақта қажет болатын жаңа сөздерге ерекше көңіл бөлу.

пішу, модель, кесу, түс шкаласы, модель, алжапқыш, қапсырма, асүй, дизайн, дизайнер, сән дизайері, тоқыма материалдар.

Шығармашылық өніміңізді орындау үшін - алжапқышты және қапсырманы таңдалған тоқыма материалдарынан жасау үшін жұмысты жоспарлауыңыз қажет.

(Жеке Жұмыс). Тапсырма «Жоспар құру».

Оқушылар «инфографика» карталарында шығармашылық жұмыс жасаудың кезеңдерін анықтайтын өздерінің жоспарын жасайды а»:

Жоспар 4 кезеңнен тұрады:

  • Ұйымдастыру және дайындық кезеңі:
  • таңдалған өнім үшін эскиз жобасы.
  • түрлі идеялар.
  • өнімнің мақсаты.
  • стильді, эскизді, түсін, пішімін, материалды таңдау.

Технологиялық кезеңі»:

• өнімді жобалау және модельдеу

• орындау тәртібі (компьютерлік үлгілеу, композициялық құрылыс, жұмыстың ішкі құрылымы)

• Кесу

• қолмен және тігін машиналарын қолдана отырып, өңдеу (бөліктерді біріктіру).

Қорытынды кезең:

  • өнімнің ылғалды ыстықпен өңдеуі.
  • экологиялық негіздеме. (экологиялық қауіпсіздік, қалдықсыз жасап шығару).
  • Эконимикалық негіздеме (өзіндік құн, пайда).

Көрсетілім:

өнімге презентация жасау

• жарнама,

• бағалау.

(ЖЖ)

матаны таңдау үшін мынадай талаптарға сай болуы керек:

Гигиеналық - мата тегіс болуы керек, үлпілдек емес (кірді көтереді және жақсы жуылған).

Эстетика - мата ашық түсті болуы керек, бұл гигиеналық және әртүрлі әрлеуді қолдануға мүмкіндік береді, егер матада суреттер болса, онда ол суреттер ұсақ болғаны жақсы.

Оқу бөлмесінде әртүрлі тоқыма материалдарының үлгілері бар. Бұл үлгілерді оқушылар жинап алған топтама құрастырады гигиеналық және эстетикалық талаптарға сай асүйлерге арналған жиынтықты жасайды және қандай матаның қажеттілігін анықтайды.

(Жеке жұмыс) Оқушылар өз бетімен материалды дайындау ережелерді оқиды.

Пішуге арналған матаны дайындау:

1. Матаның ұзындығы мен енін анықтау. Осыған сүйене отырып, модельдегі матаның қанша керек екенін шығысын есептеу.

2. Матаның ақауларын, егер бар болса, анықтау, бормен сызып көрсету (оқушылар ақаулардың түрлерін және қай мақсатпен белгіленетінін түсіндіреді).

3. Матаның алдыңғы жағын және астыңғы жағын анықтау. Оқушылар оларды анықтау жолдарын және не үшін жасалатынын түсіндіру)

4. Жіптің матадағы бағытын анықтау.

  • Матаны өңдеу. Дайын өнімнің қысылуын болдырмау үшін матаны ылғалдандыру.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу