Үйге арналған тоқыма бұйымдарының дизайны (алжапқыш, асханалық бұйымдар, т.б.). Эскиз дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Үйге арналған тоқыма бұйымдарының дизайны (алжапқыш, асханалық бұйымдар, т.б.). Эскиз дайындау.

Оқу мақсаты:

6.1.5.1

Өзінің тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып, әртүрлі нысандардың дизайны бойынша тапсырмалар орындау

Сабақ барыссы

Теориялық материал

Киімді модельдеу - пішімнің негізгі сызбасын таңдалған қалыпқа сәйкес өзгерту процесі. Киімді модельдеуде кезінде пішім бөлшектері өзгертіледі, әрлеу түрлері және түс үйлесімділігі таңдалады. Бір пішім бойынша әртүрлі фасонды бұйымдар тігуге болады.Бір модельдің екінші модельден айырмашылығы фасон деп аталады. Модельдеудің түрлері: 1. Көркем модельдеу 2. Техникалық модельдеу.

Тігін бұйымдарын дайындау – ерте кезден келе жатқан кәсіп, қолөнер сияқты атақты шеберлері мен суретшілері болды. Қазіргі уақытта киім жасау – адамзаттың тұрмыстық сұраныстары мен қажеттіліктерін өтейді.Киім жасаудың технологиялық процесі үш кезеңнен тұрады: үлгі жасау, құрастыру және үлгі шығару; матаны пішуге дайындау; бұйым тігу және оны өңдеу. Киім тігу – ұжымдық үрдіс, оған әртүрлі мамандар қатысады.

Сұрақтарға жауап бер:

(Ұ) Оқушыларға үйге арналған әртүрлі тоқыма бұйымдарын қарастыруды, келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыну:

- Тұтқыш тігуге арналған мата қандай қасиеттерге ие болуы тиіс? Неге?

- Алжапқышты қандай матадан тігуге болады?

- Алжапқыш бөлшектерін атаңдар.

- Модельдеу дегеніміз не?

(Т) Оқушыларға топта алжапқыштың дизайнын талқылауды ұсыну. Авторлық эскизін дайындау.

(Ө) (Қ) Оқушылар топта талқылаған соң бұйымға жұмсалатын материалдарды ескере отырып, өз алжапқыштарының дизайнын жасайды.

Бұл сабақты алжапқыштың әртүрлі модельдерін көрсетуден бастаған жөн. Оқушылармен бұл киімді кімдер және не үшін қолданатынын талқылау. Мұғалім алжапқыш моделінің жасалу барысын қағаздан жасап көрсетеді. Оқушылар бұл жұмысты эскиз түрінде постерге салып, сыныптастарына көрсетуіне болады.

Ескерту: мұғалімге үйге арналған жеңіл дайындалатын тоқыма бұйымдарының нұсқаларын (асүйге арналған сүлгі, асүй жабдықтарына арналған органайзер, тұтқыш, шәйнекке арналған жылытқы, панно, терезеге арналған перде, т.б.) қарастыру ұсынылады

Оқушыларды суреттер арқылы топтарға біріктіру.

1-топ: алжапқыш

2-топ: тұтқыш

3-топ: шәйнекке арналған жылытқыш

(Т) Тапсырма. Алжапқыш/тұтқыш/шәйнекке арналған жылытқыш дизайнын орындау.

Дескрипторлар:

  • Топта белсенді жұмыс жасайды;
  • Түрлі идеялар ұсынады;
  • Өз ойын жеткізе алады;
  • Заттың дизайнын құрастрады;
  • Сыныпқа таныстырады.

Оқушыларға топта алжапқыштың дизайнын талқылайды, авторлық эскизін дайындап, сыныпқа таныстырады.

(Ө) (Қ) Оқушылар топта талқылаған соң бұйымға жұмсалатын материалдарды ескере отырып, өз алжапқыштарының дизайнын жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу