Жеке бөліктерін өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Жеке бөліктерін өңдеу.

Оқу мақсаты:

6.2.2.2

Тігін бұйымдарын ылғалды- жылулық өңдеу режимдерін білу, сипаттау және оларды тәжірибеде қолдану.

6.2.3.2

Әр түрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау.

Сабақ барысы

Оқушыларға бірлесіп жұмыс реттілігін құрастыруды ұсыну. Жұмысты қуыршақтың қай бөлігін тігуден бастаған дұрыс, неге?

Оқушыларды жалпы жоспар бойынша жұмыс жасауға бағыттау:

  • қуыршақтың басын тігу;
  • қуыршақтың денесін тігу;
  • қолы мен аяғын тігу;
  • барлық бөлшектерін синтепон немесе мақтамен толтыру.

Оқушылар қуыршақтың жеке бөлшектерін өңдейді, сонан соң толтырмамен толтыру үшін төменгі бөлігінен ашық жер қалдырып, тігін машинасымен тігеді.

Қуыршақтың ішін толтыруға оқушылар мақта, синтепон түйіршіктерін, қайталама шикізаттарды және т.б. қолдануларына болады.

Қуыршақтың барлық бөліктерінің ішін толтырған соң, жасырын тігіспен тігеді.

Бұйымды соңғы өңдеу және әрлеу материалдарымен сәндеу жұмыстың қорытынды кезеңінде орындалады.

Оқушылар қуыршақ бөлшектерімен жұмыс жасау барысында мата қасиетін, қосымша мөлшерін, бөлшектерді біріктіру орнын ескереді.

Жұмысты қуыршақтың басын тігуден бастаған жөн. Матаның жиегі сетінемеуі үшін, жүзі ирек қайшымен қиюға болады.

Басы жақсы бекуі үшін, мойнын нығыздап толтырады.

Қолы бүгілу үшін, кішкене мыс сым салуға болады.

Мұғалім жұмыс кезеңін, дайындау технологиясын, қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылайды, қол қалпының дұрыстығын, жұмысты орындау тәсілін тексереді, қажеттілігіне қарай көмек көрсетеді.

Қарастыр

Оқушылармен бірге бұйымды жасау барысында қолданылатын құралдарды қарастыру қажет.

  • Құралдармен жұмыс істеу барысында қандай қауіпсіздік техникасын білу керек? Неліктен?
  • Үтік, тігін машинасы, қайшы, ине, поротель және т.б. құралдарды қолданудың әдісін қайталап өт.

Оқушылар топта қауіпсіздік техникасының ережелерін постерге құрастырады.

Топтық жұмыстарға арналған тақырыптар:

  • 1 топ: Ине, түйреуіш, біз - қауіпсіздік техникасының ережелері;
  • 2 топ: Қайшымен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелері;
  • 3 топ: Электр құрылғылармен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік техникасы.
  • 4 топ: Тігін машинасымен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік техникасы.

Постерлердің таныстырылымы.

Оқушылар өзара топтардың ішінен үздік постерді анықтайды. Ол үшін тапсырманың критерийлерін ойластырған жөн.

Практикалық тапсырма

Оқушылар бірлесе қуыршақты жасаудың қандай кезеңдеріне келгендерін талқылайды.

Қуыршақтың бөліктерін біріктірген соң, оны әсемдеу жұмыстарына кіріскен дұрыс.

Қуыршақтың көзін, шашын жасайды.

Оқушылармен қуыршақтың көзі мен шашын қалай жасауды жоспарлғанын сұрау ұсынылады.

Шаш жасау. Шашты жасау үшін тоқыма жібін қолдануға болады.

Көздері. Француз тігісі жақсы келеді. Көз моншақ түйме де тігуге болады.

Бағалау бойынша ұсыныс

Дескрипторлар:

Ескерту мен түрлендіру

  • бұйымды біріктіру бөлшектері
  • бұйымды жасау үшін материалдарды тиімді пайдаланады.
  • қуыршақтың элементтерін ұқыпты қолданады.
  • қуыршақтың элементтерін эстетикалық тұрғыда әсем орындайды


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу