Жеке бөліктерін өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 A бөлім: Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жеке бөліктерін өңдеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.2

Тігін бұйымдарын ылғалды- жылулық өңдеу режимдерін білу, сипаттау және оларды тәжірибеде қолдану.

6.2.3.2

Әр түрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау.

 Сабақ мақсаттары

  • түрлі құралдармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану;
  • жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыс орнын тазалықта ұстау;
  • бұйымды түрлі материалдар, техникалар, құралдарды қолдану арқылы жасау.

Бағалау критерийлері

  • қол және электронды құралдармен жұмыс істеудің тәсілдерін біледі;
  • бұйымды біріктірудің тәсілдерін жасайды;
  • материал мен техниканы тиімді қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жібек, трикотаж, синтетика, капрон, тігіс және т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қуыршақтың ұсақ бөліктерін жалғау барысында ....

Қуыршақты жасау үшін .....материалдарды қолданған жөн.

Қуыршақтың бөліктерін жалғау үшін....

Құндылықтарды дарыту

Осы сабақта балалардың бойына еңбек және шығармашылық, бір-біріне құрмет құндылықтары практикалық тапсырма орындау арқылы дарытады.

Пәнаралық байланыстар

Химия (мата талшықтарының құрамы мен қасиетін анықтау тапсырмасы).

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар интернеттен мәлімет іздеу дағдыларын дамытады.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта тоқыма материалдарынан түрлі бұйым жасау туралы идеяларын дамыту бойынша жұмыс жасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Сұрақтарға жауап бер:

* Бұйымда ойық жасау үшін қандай құрал қолданады?

Тігін машинасымен тігудің қандай тігістерін білесіздер?

Тігін машинасының тігісін кесу үшін қандай құрылғыны қолданған жөн?

Өткен тақырыптарды қайталау. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақтың ортасы

Қарастыр

Оқушылармен бірге бұйымды жасау барысында қолданылатын құралдарды қарастыру қажет.

  • Құралдармен жұмыс істеу барысында қандай қауіпсіздік техникасын білу керек? Неліктен?
  • Үтік, тігін машинасы, қайшы, ине, поротель және т.б. құралдарды қолданудың әдісін қайталап өт.

Оқушылар топта қауіпсіздік техникасының ережелерін постерге құрастырады.

Топтық жұмыстарға арналған тақырыптар:

1 топ: Ине, түйреуіш, біз - қауіпсіздік техникасының ережелері;

2 топ: Қайшымен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелері;

3 топ: Электр құрылғылармен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік техникасы.

4 топ: Тігін машинасымен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік техникасы.

Постерлердің таныстырылымы.

Оқушылар өзара топтардың ішінен үздік постерді анықтайды. Ол үшін тапсырманың критерийлерін ойластырған жөн.

Практикалық тапсырма

  • Оқушылар бірлесе қуыршақты жасаудың қандай кезеңдеріне келгендерін талқылайды.
  • Қуыршақтың бөліктерін біріктірген соң, оны әсемдеу жұмыстарына кіріскен дұрыс.
  • Қуыршақтың көзін, шашын жасайды.

Бір-бірін бағалау.

Оқушылар сабақта жасаған жұмыстарын өзара бағалайды.

Сабаққа арналған презентация

Матадан жасалған ойыншықтарды ішкі тігіспен тігу туралы бейнематериал:

http://maratuka.ru/publications/uroki_sovety_likbez/vidy_ruchnykh_shvov_dlya_shitya_tekstilnykh_igrushek//

ТЕКСТИЛЬНАЯ ШАРНИРКА

https://www.liveinternet.ru/users/blu_marino/post418178252/

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

"Бағдаршам" әдісі. Оқушылар бір - бірлерінің жұмыстарын критерийлерге сай бағалайды. Кері байланыс береді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылардың орындаған практикалық тапсырмалары мен сұрақ-жауап негізінде бағалау жүргізу.

Техника қауіпсіздігі ережесі

1. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелерінің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек.

2. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды.

3. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау керек.

4. Тігін машинасымен жұмыс істегенде машинаның қозғалысынан және айналып тұрған бөлшектерінен сақтан.

5. Жұмыс кезінде арнайы киім: алжапқыш, басқа орамал тарту керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу