Жеке бөліктерін өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Бөлім. Дизайн және технология
Сабақ тақырыбы: Жеке бөлшектерді өңдеу
Оқу мақсаттары:
6.2.2.2
Тігін бұйымдарын ылғалды- жылулық өңдеу режимдерін білу, сипаттау және оларды тәжірибеде қолдану.
6.2.3.2
Әр түрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау.
Сабақты өткізуге байланысты нұсқаулықтар
Бұл сабақта оқушылар қуыршақ бөліктерін өңдеуді орындайды. Оқушылар ЫЖӨ ережелерімен таныстырыңыз. Сабақта электр құралдарын қолдану жоспарланады. Тігін машинасы, үтік. Құрылғыларды жұмысын сабаққа дейін тексеріп алған жөн.
Сабақ басталмас бұрын оқушылармен қауіпсіздік техникасы ережелерін еске салу қажет.
Теориялық материал
Ылғалды – жылумен өңдеудің қауіпсіздік техникасы ережелері:
1. Бөлшектерді алдын ала дымқылдайды немесе булайды содан соң толық кепкенше үтіктейді
2. Тігісті үтіктер алдында оны екі жағынан отырғыза үтіктеп алу керек. Содан кейін шығыңқы жерлерді бөлшектер бетіне жатқыза үтіктейді.
3. Дымқылдық жылулық өңдеуді ішкі жағынан тігіс бетіне ешнәрсе жаймай өң бетіне жайып атқару керек.
4. Бұйымдарды ылғалды жылудан өңдеуден өткізу негізінен ішкі жағынан, ал преске салу оң жағынан жүргізіледі.
5. Үтіктеген соң көктеу жіптері қалатын мата бөлшектерінің шет жақтарын (өңір жаға, етек ұштары т.б) дымқылдық жылулықпен өңдеудің екі қайтара өткізу ұсынылады алдымен сәл дымқылдап немесе дымқылдамай үтіктейді содан соң бөлшектерді қажетінше дымқылдап қайта үтіктейді.
6. Ылғалды жылулық өткізу нәтижесінде бұйым бөлшектерінің оң жақтарында жылтырап қалған жерлерін булау көмегімен кетіреді.
7. Ашық түсті материалдардан әзірленетін бұйымдарды дымқылдық жылулық өңдеудің барысында үтіктейтін үстелді немесе престің жастығын ақшыл мата жамылғымен жабады.
8. Дымқылдық жылулық өңдеуден әбден өткізіп болған соң оған берілген форма толық тұрақтанғанға дейін ілінген күйде кептірілуі тиіс.
Ылғалды жылулық өңдеуден өткізудің негізгі шамалық көрсеткіштері мыналар болып табылады температура, престеу қысымы, өңдеуден өткізу уақыты болып табылады.
Тігін машинасымен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы ережелері:
- Жұмыс орнын ретке келтіру.
- Шашты жинап, жеңді қайыру.
- Машинада тік, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.
- Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
- Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
- Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20-30 см.
- Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта орнығуы керек.
- Машина үстінде артық затттар жатпау керек.
- Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
- Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.
- Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.
Жеке жұмыс
Оқушылар ЫЖӨ істейді. Бұйымның бөлшектерін өңдейді. Қуыршақ бұйымының бөлшектерін біріктіреді.
Бағалау бойынша ұсыныстар
Бірін бірі бағалау.
Дискриптрлер бойынша оқушыларға өз жұмыстарын объективті түрде бағалауды ұсыныңыз.
Дескрипторлар: | Ұсыныстар | |
| ||
| ||
|
Топта/жұпта оқушылар жұмыс нәтижелерін талқылайды. Бір бірлерінің аралық жұмыстарын талқылайды.
Рефлексия
Жұмыс орнын жинастыру.
Рефлексия
Сабақта мен ... білдім.
Сабақта қызықты ... болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?