Жеке бөліктерін өңдеу. Бөлшектерді біріктіру және бұйымды әрлеу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жеке бөліктерін өңдеу.

Бөлшектерді біріктіру және бұйымды әрлеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.2

Әр түрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау.

6.2.6.2

Қол, электрлі құралдары мен жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру мен тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу) білу және түсіндіру.

6.2.3.2

Әр түрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау.

 Сабақ мақсаттары

  • Қуыршақ бөліктерін қол және тігін машиналарымен өңдеу, жинау;
  • ЫЖӨ-ден өткізу;
  • Қуыршақты сәндеу.

 Бағалау критерийлері

  • Қуыршақ бөліктерін біріктіруде қол және машина тігістерін қолдана алады;
  • Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтайды;
  • Қуыршаққа тән сәндеу әдісін таңдайды;
  • Ұқыпты орындайды;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сәндеу – декорировать – decorate

Синтепон – sintepon

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бұл қуыршақ ... әдістері мен тігістерін қолданып дайындалды.

Менің қуыршағым ... матасынан

Құндылықтарды дарыту

Патриотизм, еңбек, бір-біріне құрмет құндылықтарын дарыту практикалық тапсырма орындау арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Математика, геометрия – мата мен қажетті затарды есептеу

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарымен жұмыс жасау.

Бастапқы білім

Мата бетіне лекал қойып, пішу. ЫЖӨ-ден бұйымды өткізу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-сабақ

Сабақтың басы

3 мин

Сабақ басында оқушылармен қуыршақтары туралы әңгіме жүргізу. Қуыршақ туралы галилео бейнеролигін көрсету.

Галилео бейнеролигі

Сабақтың ортасы

35 мин

Жеке бөліктерін өңдеу.

(Ө) Оқушылар алдыңғы сабақта қуыршақ бөліктерін матадан пішіп, біріктіруді бастаған болатын. Осы жұмысты жалғастыруды ұсыну.

(К) Оқушыларға қуыршақ бөлшектерін біріктіруде машина және қол тігістерін тігу барысында қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, құрал-жабдықтарды дұрыс қолдануды көрсету.

Жоспар бойынша жұмыс жасауды естеріне түсіру:

  • қуыршақтың басын тігу;
  • қуыршақтың денесін тігу;
  • қолы мен аяғын тігу;
  • барлық бөлшектерін синтепон немесе мақтамен толтыру.

(Ө) Тапсырма 1: Қуыршақ бөліктерін біріктіру.

Дескрипторлар:

  • Қуыршақтың біріктірілген бөліктерін жинақтау;
  • Барлық бөлшектерін синтепон не мақтамен толтыру;
  • ЫЖӨ-ден өткізу;
  • Техника қауіпсіздігін ұстану.

Сабақ соңында оқушылар өздерінің қуыршақтарын бір-біріне көрсетіп, ой-пікірлерімен бөліседі, кері байланыс береді.

Мата, қайшы, ине, жіп, синтепон не мақта, тігін машинасы, алжапқыш пен орамал

Үтік, марля

Техника қауіпсіздігі ережесі

2-сабақ

Сабақтың басы

3 мин

Сәндеу бойынша бейнеролик көрсету.

Бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=-4ys0F-Lvq0

Сабақтың ортасы

35 мин

Бұйымды безендіру.

Оқушылармен бірге қуыршақ үлгілерін қарап шығу, талқылау.

-Бұл ойыншықтар қандай материалдан жасалған?

-Неліктен бұл мата таңдалды деп ойлайсыздар?

Оқушылармен бірге қуыршақтың дизайны мен киім тігісіне назар аудару.

Оқушылар жұп болып бірігіп, талқылайды, интернет желісінен дизайн бойынша мәлімте жинайды.

(Ө) Тапсырма: Қуыршақты безендіру жолдарын анықтау, зерттеу.

Дескрипторлар:

  • Дизайн сөзінің мағынасын не екенін анықтайды;
  • Қуыршақты безендіру бойынша ой-пікірмен бөліседі;
  • Түстерді таңдайды;
  • Белгілі бір стильді таңдайды;
  • Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдайды.

Оқушылармен қуыршақтарына киімді қалай тігуді жоспарлағанын, түс үйлесімділігінің қандай болатынын, қандай стильде тігілетінін? және т.б. талқылау.

Сыныппен өз ойларымен бөлісу. Оқушылар бір-біріне пікір айтып, керек жағдайда ұсыныстар береді.

Сурет дәптері, қалам, интернеттен алынған суреттер, фотосуреттер, арнайы сәндік-қолданбалы өнер бойынша кітаптар

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеледі. Мата мен өңдеу әдісі қарапайым қол тігісі мен машина тігісін пайдалану арқылы саралау жүргізіледі.

Оқушылардың тақырыпты ашу барысындағы зерттеу жүргізуі, талқылауы және сұрақ-жауап арқылы бағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу