Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу.

Оқу мақсаты:

6.2.3.1

Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.

Теориялық материал

1. Тильда қуыршақтарының ерекшелігі:

1. Бұл тоқыма толтырылған қуыршақ;

2.Тегіс дөңгелектелген сызықтары бар сәл ерекше ойыншық;

3. Қуыршақтың денесі пропорционалды емес. Қол аяқтары ұзын келеді.

4. Әрбір қуыршақтың өзіндік мінез-құлқы, табиғаты бар. Оларды моншақтармен түрлі үлгіде әсемдеуге болады.

5. Көздері түймедей кішкентай;

6. Қуыршақты жасауға табиғи маталар қолданылады.

7. Қуыршақтың тағы бір ерекшелігі оларда ерін мен мұрындары болмайды. Бірақ оларды ешкім де салуға тыйым салмайды.

8. Барлық Тильда қуыршақтарының бір ұқсастығы терілерінің қаралығы болып табылады. Түсіне сай маталар дайындалып, немесе ақ матаны кофе немесе шайға бояуға болады.

9. Бұл қуыршақтардың ішінде ұқсастары мүлдем жоқ.

10. Қуыршақты тігу үшін тігін машинаны аса қажеті жоқ. Қуыршақты қолмен де тігуге болады.

11. Матаны бояудың мәзірі. 50 гр. Кофе, 1 ас қасық тұз, 1 литр су. Немесе 5 шай қасық шай, жарты стакан су және кішкене ПВА желімі.

Сабақты өткізу бойынша ұсыныстар

Сабақ басында оқушылармен бірге тігін машинасында жұмыс істеудің ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз. Өткен сабақты қайталау қажет. Тігін машинасымен тігу барысында қандай тігістің түрлерін біледі Олар не үшін қолданылады? Тігін мащинасында жұмыс істеудің қандай қауіпсіздік техникасының ережелері бар?

Оқушылардың практикалық жұмысқа дайындығын тексеріп шығуды ұсынамыз:

  • Жабдықтар, құралдар, қуыршақты тігуге арналған арнайы мата;
  • Қуыршақтың киіміне арналған маталар, бұйымды әсемдеуге арналған ұсақ маржандар және т.б. детальдар;
  • Матаның түсіне, шаштарына сай жіптің түрлері;
  • Толтыратын материалдар;
  • Қайшы, бор, сабын, ине жіп.

Оқушыларға көрсету үшін көрсетілімге мата мен қуыршақтың бірнеше үлгісін дайындап қойыңыз. Оқушылармен бірге жұмысқа қажетті құралдарды талқылап өтіңіз. Қауіпсіздік техникасымен басқа да жұмыс барысында туындауы мүмкін мәселелерді шешіп алыңыз.

Тильда қуыршағын жасауды көрсететін бейнематериал тамашалаңыз. Талқылау үшін сұрақтар:

* Пішу дегеніміз не ? Оны қалай жасайды?

* Тұтас пішімді жаға мен кесек пішімді бұйымды пішудің айырмашылығы қандай?

Оқушылармен бірге жұмыс жоспарын талқылап алыңыз.

Қуыршақты жасаудың кезеңдері:

  • Пішім.

Нобай бойынша жасалады. Пішімді матаға сай жасау. Тұлға мен басты пішеміз.

  • Бөлшектерді тігеміз.
  • Бөлшектерді аударамыз. Аяқтар әлдеқайда ұзын келеді. Оны көмекші құралдарсыз аудару мүмккін емес. Ол үшін біз немесе қарындашты қолдануға болады.

Практикалық тапсырма.

Оқушылар практикалық тапсырманы жеке орындауы мүмкін. Мұғалім оның жасалу кезеңдерін көрсетеді. Оқушыларға жеке көмек көрсетеді.

Дифференциация. Қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылармен бірлестіріп жұмыс істетуге болады.

Бағалау бойынша ұсыныстар

Бірін – бірі бағалау. Оқушылар жұпта, топта практикалық жұмыстарының нәтижесін талқылайды.

  • Сыныптасыңның жұмыстарының қандай сәтті тұстарын көрсетер едің?
  • Сыныптасыңның жұмысын қалай түрлендіруге болады?
  • Бұйымды қалай жақсартуға болады?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу